Фермеріміз көп, фермамыз... жоқ

Фермеріміз көп, фермамыз... жоқ

200 мыңға жуық фермері бар Қазақстанда мыңғыраған малы жоқ дегенді есту - ерсілеу, әрине. Бірақ аузымызды толтырып, ұртымызды қомпайтып айтуға ғана арналған 200 мыңда сападан гөрі сан басым екенін жұрт жақсы біледі. Ресми деректер оның шамамен 170 мыңға жуығы тырбанып, тіршілік етуде деседі. Қалған 20-30 мыңы өзі фермер бола тұрса да бір фермерден шөбін, екіншісінен жемін алып отыр. Фермердің фермерге тәуелді болғанын сырт ел көрсе, сын. Бірақ ащы шындық тұщы етке тиген таяқтай осы болса, амал не?!
Ұлтарақтай жер тигенімен, техника-технологиядан құралақан фермерлерден бірдеңе сұрау – қашпаған қашардың уы­зынан дәметумен пара-пар. Қолында «ша­руа қожалығы» деген атау мен мөрі ғана бар олар фермер ретінде өзін, не өзгені қарық қыла алмай отыр. Олардың аты бар, заты жоқ. Елдегі шаруалардың құлын­дай шырқыраған дауысын жоғарыға жеткізуші болып жүрген Қазақстан фермерлері одағының дерегінше, сол 200-мыңның небары бүгінде 200-300 ғана мемлекеттік қолдауды иеленушілер. Яғни 200 мыңның 1 пайызы ғана. Мем­лекет тарапынан ауыл шаруашылығына берілетін жеңілдіктер мен жақсылықтары тек сол «таңдаулыларға» ғана тиесілі. Сондықтан да фермерлер жұртты қарық қылмас бұрын өз қолы өзінің аузына жетпей тұр.
Осыдан бірер жыл бұрын Қазақстан фермерлер одағы ұсақ шаруаларды да­мытуға назар аудару қажеттігін баса айтқан еді. Одақ сол кезде мемлекет ол үшін 300 ірі қарасы бар ірі фермерді емес 5 сиыры бар ұсақ фермерден бастап субсидиялауы тиіс деген еді. Ол ауыл шаруашылығының да­муына серпін болатынын және жеткізген-ді. Бірақ Одақтың ол сөзі «жетімсіреп» әлі жүр.
Осы арада Ресейдің 2012 жылдан бастап, шаруасын жаңа бастаған фермерге орташа есеппен 1,5 млн рубль көмек беруді қолға ала бастағанын айта кеткен жөн болар. «Начинающий фермер» аталған Ресейдің ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған мемлекеттік бағдар­ламасының мақсаты – жас шаруагерге қаржылай көмек беру. Ол қаржыға мал, қажетті құрал-жабдықтар, лизингке құрыл­ғылар алуына қолдау көрсету. Ал 1,5 млн рубль теңгеге шаққанда 7 млн теңге шама­сында екен. Көмек пе? Көмек! Айталық, Ауыл шаруа­шылығына қар­жылық қолдау көрсету қорының мәліметі бойынша 2005-20012 жылдар ара­лығында ауыл шаруа­шылығына арналған 80 мың шағын несие беріліпті. Оның жал­пы сомасы 23 млрд теңге – 152,7 млн АҚШ доллары. Осы шағын несиелер арқы­лы табысы төмен ауылдық үй шаруа­шылығының санын азайта алды дейді. Әлбетте, азайтқан болар. Бірақ төмен тұрмыстықты біржола жойып жіберген жоқ. Ал Қазақстан Статис­тика агенттігінің дере­гінше, ауылда 7,6 млн ағайын түтінін түтетіп, өз қотырын өзі қасып тіршілігін жасап жатыр. Оның арасында қолында құр жүген мен бос бас жіпті ұстап, алақандай жерін не шабындық, я жайылым етіп жа­растыра алмай жүрген фермер де бар. Қысқа жіптің байлауға келгенімен, күр­меуге келмейтіні анық емес пе?
«Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шық­пайды». Бүгінгі фермерлердің тірлігі «бірлік болмай, тірлік болмасын» көрсетіп отырса да, оған мойынсұнған фермер жоқ. Өзімен қора-қопсығы шамалас келесі бір фер­мермен бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығаруға ниетсіз. Біреуінде – шабындық жер, екіншісінде – техника, үшіншісінде  тір­кеме бар. Бірақ үшеуі біріккеннен гөрі, бет-бетімен әрекет қылғанды қолай көреді. Сөйтіп, «үні» де, «шаңы» да жоқ.
Тілеуғабыл Есенбеков, Қарағанды облысы Шет ауданындағы шаруа қожалықтарының қауымдастығы президенті:
– Қауымдастық құрып, аудандағы фермерлердің басын қосуды мақсат тұттым. Ондағы ойым – олардың мәсе­лелерін ше­шуде заңдық негізде әрекет ету. Бар­лығымыздың илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы, сондықтан ба бірігіп отырып, қордаланған мәсе­лелердің титтей де болса, оң шешілуіне ықпал етуді мақсат тұтқандық еді. Алайда көп фермерлер мұны әлі де түсінген жоқ. Оның жылына бір төленер жарнасынан қашқақтап, өз бетінше жүр­генді қолай көреді. Ал одан ұтқаны шамалы екенін көзіміз көріп жүр.

Ал мал шаруашылығына қаржы құйы­лудан кенде емес. Бірақ оның жемісінен гөрі, «күйігі» көбейіп барады. Мысалы, 2011 жылы мал шаруашылығын қолдауға 23,9 млрд теңге көлемінде субсидия бөлінген, оның ішінде асылтұқымды мал шаруашылығын қолдауға – 5,1 млрд теңге, мал шаруашылығы өнімділігін және оның өнімдерінің сапасын жоғарылатуға – 18,8 млрд теңге. Ал 2012 жылы осы бағыттағы субсидиялардың көлемі 30 млрд теңге құрайды. Десек те, ауылдың ажары әлі солғын. Көп фермердің жері жыртусыз, шөбі шабусыз, малы өсімсіз жатыр. Аме­риканың қаржылық сарапшысы және ин­вестор Джим Роджерс алдағы 30 жыл фермерлер ең бай адамдар қатарына енеді деген болжамын айтқан еді. Әсіресе ол украин фермерлерінің мүмкіндігі орасан екенін атауда. Сарап­шының айтуынша, соңғы он жылда әлем жұртшылығы өндір­генінен артық азық-түлік тұтынатын болады. Әзірге бұл дамыған елдердің ықпалынан елеусіз болып тұр. Ал келешекте бәрі азық-түліктерін үнемдейтін болады. Азық-түлікке сұраныс әлемдік сарапшылар күткендегіден әлдеқайда жылдам өспекші. Ал бұл болса, «Украина үшін тамаша мүмкіндік», – дейді ол. «Егер украин үкіметі фермерлеріне қол­дауды аямайтын болса, аграрлықтар «Лам­боргини» мініп жүретін болады» деп батыл болжам айтып отыр. Біздің фер­мерлер ше? Бірақ тағы да сол керітартпа әдіс, кежегемізді кері кетіріп тұр.
Содан фермеріміз көп, фермаларымыз жоқ! Фермасы жоқ фермер тек бізде ғана шығар, сірә...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста