Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. Күндізгі сауда нәтижесі бойынша доллар мен еуроның айырмашылығы 1 теңгеге жақындады, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,12 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 473,38 теңге. Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464,85 теңге. Ал еуро 9,40 теңгеге арзандап, 474,6 теңгеге дейін төмендеді.
Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде долларды сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477,50 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге.
Доллар мен еуро бағамы соңғы рет 2002 жылы теңескен. Қазір ақша айырбастау пункттерінде еуро 482-483 теңгеге саудаланып жатыр.