Енді Түркістан облысында жасап шығарылған машиналарды мінуіңіз мүмкін
Биыл Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі- "Ленгер машина жасау" зауыты іске қосылатын болады.
Аталған жобаға 2 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда зауытта толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргілізіп жатыр. Нәтижесінде жалпы өндірістік аумағы 13096 шаршы метрді құрайтын алпауыт кәсіпорын іске қосылатын болады - денлінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.
Кәсіпорын машина жасау өнеркәсібіне маманданған. Зауытта халықтың сұранысына қажетті машина жабдықтары, жиһаз өнімдері, темір бұйымдары мен бөлшектері шығарылмақ. Зауыттың жыл сайынғы өнімділігі 60-70 тоннаға жетеді. Айта кетерілігі, мұнда отандық шикізат пайдаланылып, өндірілген өнімдерді еліміздің ішкі нарығына шығару жоспарлануда.
Алдағы уақытта жаңа жұмыс орындары ашылып, 250 адамды жұмыспен қамту көзделініп отыр.