ЕНДІ ҚЫТАЙДАН МӘРМӘР БҰЙЫМДАР АЛМАЙМЫЗ...

ЕНДІ ҚЫТАЙДАН МӘРМӘР БҰЙЫМДАР АЛМАЙМЫЗ...

Иә, енді, Қытайдан мәрмәр бұйымдар алмаймыз. Себебі, Шымкентте мәрмәрдан жуынатын бөлмеге арналған бұйымдар шығаратын цех жұмыс бастады. Серiк Дәрiбаев басқаратын «Elite Telecom Management» ЖШС — Қазақстандағы құймалы мәрмәрдан зат жасайтын ең алғашқы кәсiпорын. Осы инновациялық жобасы үшiн оған «Шымкент инновация» мекемесi «Бизнестiң жол картасы—2020» бағдарламасы аясында 6 миллион теңге грант бердi. Мұнымен қоса, «Шымкент инновация» мамандары тиiстi құжаттарды жинауға жан-жақты көмектесiп, бизнес-жоспар құруға жәрдемдестi.

Кәсiпкер бұл жұмысынан бөлек немiстiң құрылыс материалдарын жергiлiктi саудагерлерге жеткiзiп берумен айналысады. Яғни германдық әрiптестермен орнатқан iскерлiк байланыс негiзiнде дистрибьютерлiк қызмет көрсетедi. Осы бизнестен құралған қаражатқа серiктесiмен бiрлесiп былтыр жоғарыда айтылған цехты ашты. Жылдың басында ұтып алған 6 миллион теңге грантқа Түркиядан мәрмәр құятын арнайы қалыптар сатып алды және шетелден осы кәсiптiң қыр-сырын бiлетiн маман жалдап әкелдi.
Жалпы, кез келген бизнестiң бастауында бiрiншi кезекте идея тұрады. Ал бұл iстi қолға алуға ең алғаш кеңес берген Атырау қаласында кезiнде бiрге құрылыста қызмет атқарған түркиялық маман болыпты.

Серiк ДӘРБАЕВ, «Elite Telecom Management» ЖШС директоры:
— Мұнайлы өңiрдiң бас қаласында қонақүйлер салатын құрылыс компаниясында жұмыс iстеп жүрген кезде мәрмәр бұйымдарға Қытайға тапсырыс беретiнбiз. Бiрақ ол жақтан бағасы қымбат болса да сапасы нашар тауарлар келетiн. Кейде сынған бұйымдардың арасынан ағаштар шығып, қытайлықтардың қулығы көрiнiп қалып жататын. Бiр кездерi тiптi мәрмәр таппай сандалып, жаман қытайлық тауардың өзi қол жетпес дүниеге айналатын. Сонда қасымда бiрге жұмыс iстейтiн түркиялық маман: «Осыны өздерiң де жасасаңдар болады ғой» дегенiнде қатты ойланып қалдым. Сөйтiп, ғаламтор арқылы бұл кәсiптi 8 айдай зерттедiм. Шикiзаттың Қазақстанда, көршi Жамбыл облысының Қаратау қаласында шығарылатынын бiлген соң, тәуекелге бел буып елiмiзде бұрын-соңды қолға алынбаған жаңа бизнеске алғашқы болып түрен салдым.
Мәрмәр шикiзатын кәсiпкер ұнтақ күйiнде сатып алады. Бiр қабы шамамен 3,5 мың теңге тұрады. Цехта мәрмәр құюдың негiзгi және ең жауапты жұмысын атқаратын ұста —Эфиопия елiнен келген түрiк маманы. Оны «Рекрутинг» фирмасы арқылы ғаламторды шарлап әрең iздеп тапқан. Бастапқыда мәрмәрдан бұйымды өздерi жасамақшы болған. Бiрақ әртүрлi оқулықтар оқып, ғаламтордағы сайттарда жарияланған ережелерге қанша сүйенгенiмен жасаған дүниелерi бәрiбiр жарамсыз болып шыға берген. Осылайша әжептеуiр шығынға батып, босқа бiр жылдай уақыттарын жоғалтқан. Ақырында болмаған соң «шымшық сойса да қасапшы сойсын» демекшi, амалсыз сонау Эфиопиядан маман жалдаған. Тiптi, жақында тұмауратып екi аптадай үйiнде жатып қалған кезде цехтағы жұмысты тоқтата тұруға мәжбүр болыпты. Дегенмен, түрiк маманы келiсiмшартқа сәйкес, цехта жұмыс iстейтiн қазақ балаларына бар бiлгенiн үйретiп, осы кәсiпке баулып жатыр. Серiк Мұхтарұлының ойынша, Қазақстандағы университет, арнаулы оқу орындарының бiрде бiреуiнде мәрмәрдан бұйым жасаушы мамандықтар оқытылмайтын көрiнедi. Бұған ол цехқа ұста iздеу барысында әбден көз жеткiзгендей. Ал Түркияда керiсiнше, мәрмәршi-ұсталар өте көп екен. Бiрақ неге екенi белгiсiз, арасында Қазақстанға келiп жұмыс iстеуге құлшынып тұрған ешкiм жоқ.
Цех қондырғылары соңғы үлгiдегi техникалық құрал-жабдықтармен жарақталған. Онда бүгiнгi таңда 5 адам жұмыс атқарады. Бұл кәсiптiң адам денсаулығына келтiрер бiршама зияндылығы болғандықтан шеберлер соған лайықты жоғары жалақы алады. Мәселен, шаң-тозаңда көбiрек жұмыс iстейтiндердiң айлығы 130 мың теңге төңiрегiнде. Мұнда күнiне 320 мың теңгенiң заты шығарылады. Бағасы да отандық тауар болғаны үшiн шетелдiк өнiмнен екi еседей арзан. Мысалыға, 70-80 мың теңге тұратын импорттық бұйымның қасында дәл осындай сапада шығарылған отандық өнiмнiң бағасы шамамен 30 мың теңге болады. Өнiмдер негiзiнен Шымкент қаласындағы қонақүйлерге сатылуда. Жеке адамдар тарапынан да сатып алып жатқандар көп. Мұнымен шектелмей, жуырда Бiшкек қаласына да тауар жөнелтiптi. Сауда-саттық мәселесiмен негiзiнен арнайы каталогтар бойынша компанияның 2 сауда өкiлi айналысуда. Кәсiпкер бизнесiн кеңейту мақсатында келешекте Қызылорда қаласынан да бiр цех ашу ниетi бар. Сөйтiп, өнiм экспортын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста