Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айына қанша жалақы алады

БАҚ өкілдері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен айына қанша жалақы алатынын сұрады. Белгілі болғандай Біржан Нұрымбетов айына шамамен 1 миллион теңгеге жуық айлық алатын болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Біржан Нұрымбетов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Министрдің сөзінше, оның нақты айлық табысы 900 мың теңге.

Айта кетейік, Біржан Нұрымбетов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін 2019 жылдың жаз айынан бері басқарып келеді. Ол өткен жылы бұл қызметте еліміздің вице-премьер-министрі Бердібек Сапарбаевты алмастырған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін өзінің қанша жалақы алатынын Нұрымбетовтің орынбасары Ақмади Сарбасов та айтқан болатын.

Вице-министрдің мәліметінше, оның айлығы басқа вице-министрлердің жалақысынан ерекшеленбейді. Яғни айына – 650 теңге алады.

Айта кетейік, өткен жылы өңір мен мегаполис әкімдері айына қанша жалақы алатынын жаппай жариялаған еді.

Мәселен Солтүсік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айлық табысы 766 мың теңгені құраса, Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетовтің жалақысы 762 мың теңге.

Ал Алматы шаһарының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айына 850 мың теңге, Нұр-Сұлтан қаласының басшысы Алтай Көлгіновтің 762 мың теңге алатыны белгілі болған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста