Мамыр мейрамының тарихы тереңде. Үш мың жыл бұрын Ежелгі Италия тұрғындары жер мен құнарлылық құдайы Майяға табынған. Көктемнің соңғы айын соның атымен атап, айдың бірінші күні сауық-сайран құрған.
Қазір май мейрамын әр ел әрқалай тойлап жүр. Әйтсе де, көпшіліктің есінде осы күні айтылатын ұрандар жатталып қалғаны сөзсіз. Ол – «Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!». Бұл – қазақ жұртының жанына жылы тиетін сөздер. Ендеше мамыр мейрамы қарсаңында қазақтың еңбек туралы мақал-мәтелдерін еске алғанның артығы болмас.
* Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ.
* Түйір нан — тамшы тер.
* Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.
* Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.
* Еңбек қылмай ер оңбас, Бірлік қылмай ел оңбас.
* Диқан жерін анасындай сүйеді, Жер диқанын баласындай сүйеді.
* Жылай-жылай арық қазсаң, Күле-күле су ішерсің.
* Маңдайы терлемегеннің , Қазаны қайнамайды.
* Бақыт кілті — еңбекте.
* Жұмысы жемістінің – өмірі келісті.
* Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
* Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
* Еңбек патшалықты асырайды.
* Еңбек – адамның екінші анасы.
* Кедейлік кетсін десең, еңбек ет, Молшылық жетсін десең, еңбек ет.
* Ерінбей еңбек етсең — ернің асқа тиеді.
Ерініп ілбіп кетсең — иегің тасқа тиеді.
«Еңбек патшалықты асырайды»
Последние статьи автора