ЕҢБЕК ЭКОНОМИКАСЫ: ГЕНДЕРЛІК БӨЛІНУ НЕМЕСЕ «СЕГРЕГАЦИЯ» СӨЗІН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ?

ЕҢБЕК ЭКОНОМИКАСЫ: ГЕНДЕРЛІК БӨЛІНУ НЕМЕСЕ «СЕГРЕГАЦИЯ» СӨЗІН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ?

Адам өмірінің маңызды ерекшелігі, әлеуметтегі міндетті атрибуты – еңбек ету. Еңбектің гендерлік бөлінуі - ол әйелдер мен ерлердің арасындағы белгілі бір мамандық түрін таңдауы. Осыған байланысты еңбек нарығында асимметрия пайда болады. Әйелдер көбінесе қызмет көрсету саласында жұмыс істейді, кәсіби және отбасылық міндетін қатар алып жүру «форматын» ұстанады. өндіруші өнеркәсіп көбінесе ерлердің еңбегін қолданады.
«Сегрегация» сөзін қалай түсінеміз? Белгілі бір экономика саласына (мысалы: металлургияда – ерлер, тігін өндірісінде - әйелдер) немесе мамандыққа байланысты (мысалы: шахтерлер – ерлер, медбикелер - әйелдер) әйелдер мен ерлерді тұрақты жұмыспен қамту тенденциясын гендерлік кәсіби сегрегация деп түсінеміз. Тік кәсіби сегрегация – лауазым, көлденең кәсіби сегрегация - экономикалық сала және мамандық бойынша әйелдер мен ерлерді әркелкі үлестіру тенденциясы. Әйелдер көбінесе жұмыс таңдауда карьера өсуі онша жоғары болмайтын салаларда қызмет етеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп еңбегі. Бухгалтерлер топ-менеджер деңгейіне дейін сирек өседі. Білім алу бағытына да байланысты, көп жағдайда әйелдер гуманитарлық бағытта білім алады, бұл басқару саласына көп қажет емес. Негізгі айырмашылық әйелдерде карьералық үзіліс - сол жұмысты бастайтын бәсекелестікке түсетін уақытта болады. Бірақ салыстырмалы түрде ерлердің жұмыс тәжірибесі жоғары, себебі әйелдерде жұмысбастылықта үзілістер болады.
Сегрегация мен жалақы арасындағы байланыс. Әлемнің барлық елдерінде әйелдер жалақысы көп мамандық салаcында шоғырлануы байқалады. Ерлердің жұмыс істейтін аясы абыройлы мамандықтар болып табылады. Әйелдер көп таңдайтын мамандықтар дәстүрлі қызмет аясы: медбике, бастауыш және орта мектеп мұғалімі және т.б. Жалақылар арасындағы айырмашылықты бағалау қиындықтары: ерлер мен әйелдердің арасындағы еңбек біліктілігінің айырмашылығы, еңбек режимінде, өнімділігінде, шартына байланысты дискриминацияның болуы.
Әйелдер өмірінде еңбек ұсынысының ерекшеліктері. Әйелдердің өмірлік циклында үш негізгі еңбек ұсыныс моделін көрсетуге болады:
1. Сол жақтық топталу моделі. Бұл модель бойынша әйелдер барлық өмірлік циклдың ішінде бір рет қана максималды белсенділік көрсетеді, бұл көрсеткіш 20 жас пен 25 жасқа дейін немесе тұрмысқа шыққанда, не балалы болғанда аяқталады. Осыдан кейін әйелдер үйде отырады және қайта жұмыс аясына оралмайды. Бұл модель Европа елдеріне және әйел жұмысбастылығы төмен елдерде орын алан. 25 жастан кейін қайта жұмысқа оралатын әйелдер санының артуы байқалуда. Әйелдердің бұндай жұмысбастылығы байқалатын классикалық елдер Ирландия, Испания, Люксембург.
2. Жұмысбастылықтың бимодальді моделі. Бимодальді модель өмірлік жұмысбастылықтың үзілісті түрін көрсетеді. Бұл жағдайда әйел адамдарының 25 пен 40 жас аралығында еңбек нарығынан кетіп бала бағу міндетіне ауысады. Кейіннен балалары ер жеткеннен соң еңбек нарығына қайта оралады. Соның нәтижесінен 40 жастан кейінгі еңбек нарығында әйелдердің көбеюі байқалады. Бұл модель ерекше түрде Нидерландыда, Германияда, Ұлыбритания сияқты Еуропа елдерінде кездеседі. Ұлыбритания моделі қазірге дейін классикалық болып қалуда, себебі мұндағы екінші циклдағы яғни жас аралығы 40-49 болатын әйелдердің белсенділігі бірінші цикл 20-24 жас аралығындағымен теңеседі.
3. Қоңырау түріндегі жұмысбастылықтың моделі немесе үздіксіз жұмысбастылық моделі. Бұл модель ер кісілердің жұмысбастылық моделіне жақын, яғни өмірлік циклда жұмысбастылықта үзіліс болмайды. Әйелдер жұмысбастылық пен отбасылық өмірді атар алып жүреді. Баланың туу жұмыс жасауда үзіліс жасауға негіз бола алмайды. Әйелдердің бұндай типі 70 - жылдары ерекше түрде қаралса, 80-жылдары үздіксіз жұмыс жасайтын әйелдер саны арта түсті, ал қазіргі кезде одан да жоғары. Бұндай санатта жұмыс жасайтын елдер қатарына Қазақстанды жатқызуға болады.
Модельді жүзеге асырудың тәжірибелік деңгейінде әйелдердің жұмыспен отбасылық жағдайын бірге алып жүруі балаларға қарайтын орталықтар мен мектепке дейінгі орталықтардың көп болуымен сипатталады. Осы модельдің көрсеткіштері ер кісілердің көрсеткішіне жақындайды. Яғни жұмыс жасауда өмірде ешқандай үзілістер болмайды. Бұл жағдайда әйелдер мен ер кісілер өздерінің жанұялық жағдайы мен жұмысбастылықты қатар алып жүреді. Бала туу ұзақмерзімді жұмыссыздықтың орын алуына алып келмейді. Әйелдердің советтік кезеңде құрылған жұмысбастылық моделі осы кезеңге дейін болған реформаларға қарамастан көп өзгерістерге ұшырамаған.
Қазақстанда 2015 жылы әйелдердің саны ерлерге қарағанда 592 мыңға көп болды. Олардың жалпы халық санындағы үлесі 51,75%-ды құрайды. Ерлер санының артуы тек 20 жасқа дейінгілерде байқалады. Әйелдердің жалпы саны ерлерден асып түседі. 1000 еркекке 1073 әйелден келеді. Экономикалық белсенділік деңгейінің гендерлі айырмашылығы 10,4%. Ерлердің экономикалық белсенділігіне қарағанда, әйелдердің экономикалық белсенділік деңгейі 3,1%-ға артқан. Әйелдер мен ерлердің жұмыспен қамту деңгейінің өзгеруі кері бағытта жүрген. Әйелдер мен ерлердің жас ерекшелігіне байланысты жұмысбастылық деңгейінің айырмашылығы аз. Туылған кезде өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік айырмашылық 9,49 жас. Әйелдер мен еркектер жалақысының арақатынасы 69,6%. Жалдамалы еңбектегі әйелдердің үлесі 48,6%. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,5%. «Қазақстандық ерлер орта есеппен әйелдерден 40 мың теңгеге көп айлық алады. Жинақтық пенсиондық жүйенің 5 миллион 900 мың қатысушының, 3 миллион 83 мың адамы - ерлер, ал 2 миллион 858 мыңы - әйелдер. Егер Қазақстанда ерлердің орташа жалақысы 117 мың теңгені құраса, әйелдердің жалақысы 80 мыңнан сәл көбірек. Қазақстан әйелдерінің 88 мыңы «Жол картасы-2020» бағдарламасына қатысты, олардың 9289-ы микрокредит алып, 3 мыңнан астам әйел өз ісін ашқан. Кадрлардың мониторингіне сәйкес әйелдердің мемлекеттік қызметтегі үлесі 54,9 пайызды құрады, саясаттағы мемлекеттік қызметкер әйелдер пайызы - 9,2-ні құрады, ал «А» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкер - 15 пайыз, «Б» корпусындағыларға - 55,4 пайызы тиесілі». Мемлекеттік қызметте 54 пайыздан жоғары әйелдер жұмыс істейді және де ол орта еуропалық көрсеткіштен 3,5 пайызға жоғары.
Статистикаға сүйенетін болсақ, Қазақстанда әйелдер өмірлік маңызы бар салаларда еңбек етеді. Олар педагогтардың 80 пайызын, дәрігерлердің 87 пайызын, бюджет саласындағы қызметкерлердің үштен екі бөлігін құрайды.

Ләззат Сейтқазықызы СПАНКУЛОВА,

экономика ғылымдарының докторы, профессор

Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста