Еліміздегі ең суық ауылдың қайда екенін білесіз бе?

©ralphmirebs.livejournal.com

Күршім ауданы республикамыздың ең шеткері аймақтарының бірі десек, осы шет аймақтың ең шалғай нүктелерінің бірі – Төсқайың ауылдық округіне қарасты Шанағаты ауылы. Cол ауылда «Алаш айнасының» тілшісі де болып қайтқан еді. 
Шанағаты ауылының Шанағаты аталуының да өзіндік тарихы бар. Бұл туралы осы  ауылдың 47 жасар тұрғыны, мұндағы «Әмір» шаруа қожалығының жетекшісі Аманбек Дүзкенов әңгімелеп берді.
–«Осы жердің бір тұрғыны қатты аязда іргедегі өзеннен ат-шанамен өтіп келе жатады. Кенеттен ат тайып жығылып, бір тертесі сынып кетсе керек. Шапшаң үйге барып, терте алып келгенмен, аты шананы жылжыта алмай қояды. Сөйтсе, шана табаны қызыл суға тас болып қатып қалған екен. Содан «шана қатқан өзен», «шана қатты» деген сөз шығып, ақырында Шанағаты атанып кетіпті», – дейді Аманбек.
Бұл хикаяның жаны бар, өйткені, Шанағатының аудан, облыс емес, бүкіл республика көлеміндегі ең суық нүкте екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Мұнда 45 градус аяз дегеніңіз – үйреншікті нәрсе. «2010 жылдың қысында 49-50 градус аяз жарты ай бойы тұрып алды» дейді Аманбек.

©ralphmirebs.livejournal.com
Ең қатты аяз 1969 жылы тіркеліпті
Бұл әңгімені одан әрі індете түсу мақсатымен біз аяңдап «Өскемен гидрометеорология орталығы» мекемесінің осындағы метеорологиялық постына келдік. Оның қызметкері, техник-бақылаушы Ойрат Шоқақов күнделікті алынған қорытындыларды (жауын-шашын мөлшері, температура) ыңғайына қарай Теректідегі стансаға жолдап отырады екен, олар өз кезегінде аталған мәліметті облыс орталығына жібереді.
Ойрат бізді бір үйге алып келді де: - Метеорологиялық жағдай туралы тереңірек білгіңіз келсе, осы кісімен сөйлесіңіз, - деп өзінің анасы Гүлжазира Шоқақовамен таныстырды. Сөйтсек, бұл кісі осы салада 30 жыл бойы тер төккен кәнігі ауа райын болжаушы екен.
– Осы ауылда сонау патша кезінде, атап айтсақ, 1898 жылы құрылған метеостанса болды, – дейді Гүлжазира Сәкешқызы. – Оны ашылғанына тура 100 жыл толғанда, Ұранқай ауылына алып кетті. Мен сол стансада техник-метеоролог болдым. Зейнет демалысына шыққан соң да, басшылықтың өтінішіне орай келісімшартпен екі жыл жұмыс істедім.
Ол кезде қажетті аспаптың бәрі болды, тіпті, дозиметр де бар еді. Күн сайын басқа өлшемдермен қатар радиация деңгейін де өлшеп отырамыз. Өйткені, Қытай іргеде тұр ғой. Сол тұста қырғиқабақ болдық емес пе.
Ол кезде электр жарығы жоқ, түнде қолымызға керосин шам ұстап, қарды белуардан кешіп, сонау өлшем алаңына жаяу барамыз. Обалы қане, еңбегіміз бағаланды, «Социалистік жарыстың жеңімпазы», «Коммунистік еңбек жеңімпазы» атақтарына ие болғанымды жұрт ұмытқан жоқ.
Ал суықтығына келетін болсақ, бұл өңірдің аса қытымыр екендігі көпке мәлім. Мен көрген ең қатты аяз 1969 жылдың қаңтар айында болды. Сол айдың бір күнінде аяз 56 градусқа жетті. Температураның бұл деңгейі бізде бұрын-соңды болып көрмеген-ді, содан кейін де қайталанған жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста