ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сатистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында жалақы өскенін жариялады. Соған орай ең жоғары жалақы алатын мамандық иелері белгілі болды.
Сонымен ең жоғарғы жалақы алатын мамандар:
Теңіз және жағалау жүк көлігі - 683 234 теңге (100,8% өткен тоқсанда, 99% өткен жылдың сәйкес тоқсанында),
Еңбекпен қамту - 563 449 (109,4%-113,1%),
Су көлігі - 560 818 (101,4% – 97,2%),
Басты компаниялардағы қызмет; басқару мәселелері бойынша кеңес беру - 505 020 (108,2%-95,2%),
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет - 499 228 (112,4%-116,2%),
Құбыр желісі бойынша тасымалдау - 472 658 (121,7% – 115,8%),
Әуе жолаушылар көлігі - 417 865 (96,8% – 114,8%),
Әуе көлігі - 414 931 (97,1% – 114,5%),
сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі, міндетті әлеуметтік сақтандыруды санамағанда - 378 930 (128,9%-160%),
Сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету - 374 188 (86,9-136%).
Ал керісінше, қоғамдағы ең төмен жалақы алатын сала мамандары:
Жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату - 51 438 тенге (79,3% өткен тоқсандықта),
Аквамәдениет - 58 378 (өткен тоқсанда 104,6%, өткен жылдың сәйкес тоқсанында – 150%),
Мектептке дейінгі білім беру - 62 373 (92,1%-101,1%),
Бірге тұрып әлеуметтік қызмет көрсету - 78 314 (97,6%-103,9%),
Бастауыш білім (бірінші сатысы) - 80 381 (85,7%-113,2%),
Бірге тұрмай әлеуметтік қызмет көрсету - 80 899 (99,7%-101,3%),
Тергеу және қауіпсіздік қызметін көрсету - 87 734 (105,2% -107,8%),
Білім беру - 97 482 (84,6%-107,9%),
Жоғары білім - 149 784 (90,6%-117,7%),
Ветеринарлық қызмет - 98 236 (108,8%-101,4%).
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміз бойынша ең жоғары жалақы алатын өңірлер туралы жазған болатынбыз.