ЭКСПО-да энергетиканың озық технологияларын көрсете аламыз ба?

Бұған дейін «Алаш айнасы» интернет-газеті «ЭКСПО бізге не береді?» деген мақалада Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің біз білмейтін кейбір тұстарын ашып көрген еді. Соның ішінде осынау халықаралық шараға келетін халықтың үлес салмағына қатысты бір жәйт бар. Ресми ақпаратқа сәйкес, көрме қонақтарының 85 пайызын қазақстандықтар құрайды, қалған 15 пайызы – шетелдіктер. Оның өзі – ТМД-ның, жақын Қытайдан келетіндер. Енді, қатысушылардың, яғни көрмеде өз жетістіктерін көрсетемін дейтін мемлекеттердің де үлес салмағы сондай болса, «Астанадағы ЭКСПО көрмесі баламалы энергетиканың озық үлгілерін қамти ала ма?» деген сауал туындайды. Ол жайында біз Технологияларды коммерциализациялау орталығы директорының орынбасары Мұрат Сартбаевтан сұраған едік.
 

- Мұрат Мақсұтұлы, қазір ЭКСПО көрмесіне дайындық жұмыстары барысында біраз мәселелер реттеліп жатқан көрінеді. Дамушы мемлекеттерге сан алуан жеңілдіктер береміз, оларға қаржылық қолдаулар болады делінеді. Көрмені келіп тамашалайтын алыс шетелдіктер де көп емес сияқты. Қалай ойласыз, Қатысушылардың саны да солай болып, дамыған елдер көп келмесе, Астанада баламалы энергетиканың үздік технологияларын толық қамтып, оны жинай аламыз ба?
- Шын мәнінде, қазіргі жаһандану заманында ғалымдар бір-бірімен тығыз араласып, көптеген мәселелерді бірлесіп шешіп жатады. Сондықтан барлық проблемалар ортақ мәселеге айналып, қандай бір ғылым саласы болмасын, әлемдегі жаңалықтарды сол мезетте барлық ғалымдардың бәрі біліп отырады. Бұндай үдеріс бізге де жат емес. Соның ішінде Қазақстанның ғалымдары шетелдік басылымдарға жиі шығатын болды. Біздегі ғылыми жаңалықтардың сапасы да көтерілді. Мен ойлаймын, оның барлығы тиісті жағдайдың жасалуы нәтижесінде іске асып отыр. Қазір біз сан алуан инженерлік зертханаларды ашып, мыңдаған ғылыми қондырғыларды сатып алып жатырмыз. Соның арқасында энергетика саласының әлемдік жаңалықтары қазақстандық ғалымдардың назарынан тыс қалмайды деп ойлаймын.
- Демек, ЭКСПО-ға дамыған мемлекеттер аз келсе де, біз энергетика саласының озық үлгілерін көрсете аламыз ғой?
- Ашығын айтайық, сол дамыған мемлекеттердің тәжірибесін біздің ғалымдар да кеңінен қолданады. Олар әлемнің жетекші елдерінің зертаханаларымен әріптестік байланыс орнатып, бәрін біліп-көріп жүр. Біздің ғалымдар да осы процесске етене араласуда.
- Орталықтың атауына қарағанда, сіздер ғылыми жобаларды іске асырып, пайда табуға көмектесесіз. Солай емес пе?
- Иә, орталық Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің келісімі негізінде құрылған болатын. Аталған құжат бойынша заем алынып, ол ақшаға ғылыми жобаларды қаржыландыру жұмысы жүргізіледі. Біз авторлық құқықты қорғаудан бастап нақты бір жобаны іске асыруға дейін барлық қызметтерді ұсынамыз. Былайша айтқанда, ғылыми жобаны аяқтап, оны тауар ретінде нарыққа шығаруға көмектесеміз.
- Сонда орталық барлық салаларды қамти ма?
- Дәл солай, біз барлық салаларды қамтимыз.
- Ал соның ішінде ЭКСПО-ға қатысты ғылыми жобалар көп пе?
- Енді, коммерциялизация жобасы аясында үш конкурс өтті. Үш конкурс бойынша 700 өтініш берілді. Басымды бағыттардың бірі – энергетика. Ол бойынша бір конкурсты өткіздік. Оған 500-дей өтініш түскен. Қазір екінші конкурс аяқталды. Бірақ бұл жолы 200-дей өтініш келді. Дегенмен, саны аз болса да, сапасы жақсы. Бүгінде барлық жобалар сараптамаға жіберілді. Біз алдын ала қарап та жүрміз, содан байқағанымыз, бұрыңғыдай емес, ғылыми жобалардың сапасы көтерілді.
- Соның барлығы дайын жобалар ма? Энергетикаға саласы бойынша өзімізде де жақсы идеялар бар дейсіз ғой?
- Иә, бізге түскен өтініштердің бәрі – толыққанды жобалар. Оны тек қолға алып, нарыққа шығару ғана қалды.
- Соның бір-екеуін атап өте аласыз ба?
- Енді, қазір мен оны айта алмаймын. Себебі сараптама әлі аяқталған жоқ. Дегенмен, бір мәселені ерекше атап өткім келеді, Қазақстанның ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізуіне байланысты энергетика саласында отандық ғалымдардың қызметі күшейе түсті. Оның ішінде бәрі бар: күн мен жел энергиясы, биоотын және тағысын тағы.
- Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аясында Үздік тәжірибелер аймағы болады дейді. Ол жерде «жасыл» экономика мен баламалы энергетиканың озық үлгілері таныстырылмақшы. Оған Қазақстанның жобалары да кіретін шығар?
- Оны уақыт көрсетеді. Қазір Online Expo-2017" халықаралық байқауы жарияланды. Конкурс энергетика саласындағы озық технологияларды анықтауды көздейді. Білуімше, биыл қарашаның 1-нен бастап алдымен Қазақстан бойынша өтініштер қабылданады. Ал келесі жылы қаңтардың 15-сінде оған шетелдік ғалымдары қатыса алады. Осы бастаманың арқасында Қазақстанның ғылыми әлеуетін бір мақсатқа жұмылдыруға болады деп ойлаймын. Алдағы уақытта "Online Expo-2017" байқауы бойынша арнайы штаб құрылады деген жоспар бар. Ол үздік жобаларды алдын ала іріктеп, Астана экономикалық форумы аясында өтетін мини-ЭКСПО көрмесінде таныстырады.
- Сонда Үздік тәжірибелер аймағына іріктеу басқаша жүргізіле ме?
- Негізі, бұл аймақ көрменің басты алаңы болады. Себебі ол жерге «Болашақ энергиясы» тақырыбына сай үздік технологиялар, тауарлар мен құрал-жабдықтар, жобалар мен стратегиялар қойылады. Естуімше, қазір Үздік тәжірибелер аймағына тиісті жобаларды іріктейтін халықаралық комиссияны құру жұмысы басталды. Ағымдағы жылдың соңына дейін арнайы комитет құрылады. Аталған құрылым үздік тәжірибелерді таңдаудың басты шарттарын анықтап береді. Ол талаптардың барлығы ЭКСПО-ның ресми сайтына жарияланады.
- Түсінікті, көп рақмет!
P.S. Дәл қазір ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға келісім бергендердің саны көп емес. Он-ақ мемлекет. Солардың ішінде Әзербайжан, Ресей, Түркіменстан, Грузия, Армения сияқты Қазақстанның жақын көршілері, сондай-ақ Үнді елі бар. Жалпы, Қазақстан 141 мемлекетке ресми шақыру жіберді. «Енді, бүгінде он мемлекет нақты келеміз дейді. Келесі жылы олардың қатары көбейді. Өйткені негізгі жұмыс та сол кезде басталады», - дейді ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев.

Арман АСҚАР

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста