«Доллар қатты қымбаттайды!?». Ел неге шулап жатыр?..

«Доллар қатты қымбаттайды!?». Ел неге шулап жатыр?..

АҚШ доллары қатты қымбаттауы мүмкін. Мұны халықаралық мұнай нарығындағы жағдаймен? АҚШ-тың Федеральдық резерв жүйесінің шешіміне сілтеме жасаған шетелдік және отандық сарапшылар айтуда.

Жығылғанға жұдырық: мұнай бағасы құлап, доллардың пайыздық мөлшерлемесі өсті

«Табысы мұнайға байланған елдер үшін жығылғанға жұдырық болайын деп тұр», деп жазды Әзірбайжанның қаржыгер-маманы Фикрет Мамедов Faceboоk-тегі жеке парақшасында.

 Фикрет Мамедов

— Мұнайдың бағасы қазір 47 доллар болды, ол әлі 43 долларға дейін құлауы мүмкін. Оған қоса, АҚШ-тың Федеральды резерв жүйесі доллардың пайыздық ставкасын көтерді. Демек, доллар міндетті түрде қымбаттайды.
Не болмаса, бұл жәйт Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Түркмения және Қазақстан секілді елдердің ақша қорына ашқарақтана „ауыз„ салады. Иә, ұлттық валютасын құнсыздандырғысы келмеген елдерге ақшаны бұрқыратып шашу керек болады, — делінген шетелдік маманның жазбасында.

Сондай-ақ шетелдік маман мұнай бағасы 43 долларға құлап, сол арада тұрып қалатынына да күмәнмен қарайды.

„Мүмкін, тым пессимситік болжам болар, бірақ мұнайдың бір баррелінің құны 20 долларға дейін төмендеуі мүмкін„
— дейді тақырыпты талқылаған қаржыгер-маман.

Халықаралық экономика сарапшысы Алғатбек Қыдырбекұлы да доллар қымбаттайды деген болжамды растайды.

— Мұнай бағасы мен АҚШ-тың федеральды резерв жүйесіі көтерген пайыздық мөлшерлеме міндетті түрде бізге әсер етеді. Әсіресе, экономикасы мұнай табысына байланған елдерге. Оған қоса, біздегі көптеген шетелдік жобалар, сыртқы инвесторлармен жасаған келісімшарттардың барлығы доллар түрінде ғой. Сондықтан мұнай бағамы мен доллар қалай аунаса, біздікі де солай болады.

Мұнай қатты арзандаса, онда доллар қатты қымбаттайды

Әрине, Қазақстан долларға тәуелділіктен арылу үшін бірқатар іс-әрекет жасап көрді. Мысалы, Еуразиялық елдер, экономикалық әріптес елдер арасындағы своп операциялар бойынша ұлттық валюта түрінде есеп-айырыса бастадық. Бірақ одан да түк пайда болмады. Өйткені, бізге келетін табыс доллар түрінде ғой. Мысалы, мұнайды, темір-терсегімізді сатамыз. Ол жерде доллармен есеп-айырысамыз. Сөйтіп, ол долларды не теңгеге, не рубльге, не юанға айырбастаймыз. Сондықтан дүниежүзілік валюта ықпалынан біздің құтылуымыз екіталай, — дейді қазақстандық маман.

 Алғатбек Қыдырбекұлы

 

Маман бір АҚШ доллары 350 теңгеден сатыла ма, әлде ол 400 теңге бола ма, оны дөп басып айту қиын, — дейді.

Өйткені бұл процеске Ұлттық банк міндетті түрде араласатын болады.

— Біріншіден, қанша мұнай сатамыз, оның көлемі қандай болады? Екіншіден, валюталық нарықта долларға деген сұраныстың көлемі қандай? Осы сауалдардың жауабы негізінде Ұлттық банк өзіндік реттеу жасайды, — дейді ол.

Демек, Фикрет Мамедов айтып отырғандай, ұлттық валютаны қолдан қолдау үшін бюджеттен көп ақша шашуымызға тура келеді.

Геосаясат деген бәле болды…

Саясаттанушы Бақытжан Сманов 1 АҚШ доллары 350 теңге болып қалады деп, болжайды. Оның пікірінше, бұған геосаясаттағы жағдайлар әсер етіп жатыр.

— Бұл арада екі таңдау бар. Доллар қатты қымбаттайды немесе оны қолдан қатты өсірмей, тұра тұру керек болады. Қазір Қазақстан бюджет тапшылығына ұрынып отыр. Оған қоса, инвестицияны көп қажет еткен ЕХРО көрмесін өткізіп жатқан жайымыз бар. Сырттан да қарыз алып жатырмыз. Сондықтан Ұлттық банк бұл арада „көп ойнай„ алмайды. Меніңше, АҚШ доллары бағасын 350 теңгеден асырмауға тырысады, соған ғана шамасы жететін секілді, — дейді саясаттанушы.

 

Ал себебін саясаттанушы геосаясаттан көреді.

„Катардағы жағдай АҚШ-тың мұнайлы елдерді әлі сабасына түсіргісі келетін амбициясын байқатып отыр. АҚШ-тың тырнағына ілінген Катар, Иран, Ресейді алып қарасаңыз, бұлар мұнай экспорттаушы елдер. Демек, бұл елдерді әлсірету үшін мұнай бағасын құлату керек. Қазір халықаралық мұнай нарығындағы баға солай болып жатыр да, — дейді Бақытжан Сманов.

Айта кетелік, өткен аптада еліміздің ақша айырбас пункттерінде 1 АҚШ доллары 310-313 теңге аралығында сатылған болатын.

Қазір бұл баға тиындап, ақырындап көтеріліп келеді. Бүгінгі Алматыдағы валюта айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 317 теңгеге бағаланған.

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста