«Доллар 500 теңгеге дейін көтеріледі»: Белгілі экономист халық арасында тараған қауесетке жауап берді

Сарапшының пікірінше, алдағы уақытта расымен доллар құны тағы да шарықтауы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Десе де ол мұндай қауесет арнайы жасалуы мүмкін екендігін, салдарынан халық арасында дүрбелең тууы мүмкін деген пікірді де жоққа шығармады.

«Иә, дәл солай, өзіндік құны 500 теңге болып кетуі әбден мүмкін. Бірақ қазір халықты шулатып, осылай болып кетеді деп айтудан аулақпын. Өйткені кейде сарапшылардың пікірі нарықта шу, спекуляция тудырту үшін арнайы «тапсырыспен» де жасалып жатады. Бірақ шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, теңге әлсіреуі керек», - деп пікір білдірді ол.

Сонымен бірге экономист теңге бағамының тұрақталуы үшін, Ұлттық банк белгілі бір шараларды қолға алуы мүмкін деген болжам айтты.

«Десе де Ұлттық банк теңгені ұстап тұруға мүмкін деген сценарийлерді де жоққа шығаруға болады. Әлемде жағдай қалай болатыны белгісіз, дәл осылай болады деп кесіп айта алмаймыз. Иә болжам айтуға болады, бірақ бәрін жағдай көрсетеді. Сосын Қытай экономикасына байланысты екіжақты пікір бар. Біржақты рецессияға түсуі мүмкін деген болса, Қытай экономикасы бүкіл шекараларын ашып, толығымен іскерлік белсенділікті қолға аламын деген белгі берді.

Егер ол жақта шынында да іскерлік белсенділік дамып жатса, онда мұнай бағасы қатты дами қоймайды. Ол белгілі бір дәрежеде теңгенің тұрақты болуына септігін тигізуі мүмкін. Сосын теңгеге күш беретін тағы бір нәрсе ол – ұлттық қор аударымдары әлі де азайып жатқан жоқ. Осы сценарийлер теңгеге қуат беру мақсатында ойнайды», - деп ойын қорытындылады сарапшы.
Caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста