Дизайнерлер отандық киімдердің неге қымбат екенін түсіндірді

Дизайнерлер отандық киімдердің неге қымбат екенін түсіндірді

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында бірінші «EXPO Fasion Fest» сән фестивалі өтуде. Оған қазақстандық беделді 36 дизайнер қатысып жатыр. Сән фестивалі барысында Baq.kz тілшісі отандық дизайнерлердің қолымен тігілген киімдердің неге қымбат екенін сұрап білді.

Ұлжан Тұрабаева – қазақстандық жас дизайнер. Ол Астанада дизайнер мамандығы бойынша білім алып, өзінің кәсібін ашқан.

«Менің брэндім «Imani» деп аталады. Киімім мұсылман қыздары мен әйелдерге арналған. Сонысымен ерекшеленеді. Киімге сұраныс бар. Көйлектердің бағасы 15 мыңнан басталып, 60 мың теңгеге дейін барады. Киімдердің дизайнын өзім жасаймын. Ал тігіншілер оны тігеді. Киімнің матасы Италиянікі», - деді ол.

Әңгіме барысында жас дизайнер киімдерінің неге қымбат екенін түсіндірді.

«Бізде киім тігуге қажетті маталар өте қымбат. Сондықтан отандық киімдер де қымбат болады. Мен Италияның матасына тапсырыс беремін. Оның 1 метрі 13 500 теңге тұрады. Ал бір көйлекті тігу үшін 3 метр мата кетеді. Бұдан бөлек жалға алынатын орын, тігіншілердің еңбекақысы бар. Сондықтан жұмысым алға басу үшін көйлегімді аса қымбатқа сатпаймын», - деді ол.

Осы орайда Ұлжан Тұрабаева ең қымбат көйлегінің бірін көрсетті.

«Бұл көйлекке жұмсалған матаның 1 метрі 18 мың теңге тұрады. Ал көйлекті тігуге 3 метр мата кетті. Сондықтан көйлектің бағасы 120 мың теңге болған. Қазір оның бағасын 50%-ға түсіріп, 60 мыңға сатып жатырмын. Бұл – өз бағасы. Көріп тұрғаныңыздай, мен пайда тауып жатқан жоқпын», - дейді жас дизайнер.

Тағы бір кейіпкеріміз – Ксения Аксенова. Ол – суретші, дизайнер. Астанада білім алған. Кейін жеке кәсібін ашып, «AxenоvА» маркасымен киім тіге бастаған.

«Футболкалардағы суреттерді мен өз қолыммен салдым. Олар бір-біріне ұқсамайды. Сондай-ақ, әр футболканың тек бір ғана данасы бар. Сонысымен құнды әрі ерекше. Жуғанда киімдердің бояуы кетпейді. Бір футболканы дайындауға 1 күн немесе 1 аптаға дейін уақыт кетеді. Бағасы 15 мыңнан 20 мыңға дейін барады. Бірақ жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, мына футболканы 18 мыңға сатамын. Ал джинс күртешенің бағасы 60 мың. Себебі, оны тігуге ұзақ уақыт кетеді әрі жұмысы көп. Киімге сұраныс бар», - деді ол.

Ксения Аксенованың айтуынша, сапалы киім тігу үшін елімізде шикізат көзі жоқ.

«Барлығы киімнің қымбат екенін айтады. Оның себебін түсіндірейін. Бізде киім тігейін десең, мата жоқ. Сондықтан біз шетелден матаны сатып алып, киім тігеміз. Оның үстіне біздің еңбегіміз ақталуы керек қой. Мысалы, мен көйлек тігу үшін матаны Беларусьтен аламын. Оның сапасы жоғары», - деді ол.

Ал Нью-Йорк қаласынан оқып келген Роксана Әділбекова елімізде отандық сән бизнесінің тиісті дәрежеде дамымай отырғандығына қынжылыс білдірді. Оның пікірінше, отандық дизайнерлердің қолынан шыққан дүние халыққа қолжетімді болуы тиіс.

«Мен «Ottepel» атты маркамның негізін Нью-Йорк қаласында қаладым. Кейін брэндті Қазақстанға алып келдім. Бірақ бізде 5 жылдың ішінде бәсекелес пайда болған жоқ. Біздің киімдеріміз киюге өте қолайлы. Қазақстандағы алғашқы көше стиліндегі киімдердің бірі. Олар Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент қалаларында сатылып жатыр. Киімдердің бағасы қолжетімді. Нақтырақ айтсам, киімнің бағасы 5 мыңнан 20 мыңға дейін барады. Ал джинсылар – 12-20 мың теңге арасында. Киіміміз халыққа арналған», - деп түйіндеді сөзін жас дизайнер.

суреттерді түсірген Абзал ҚАЛИЕВ

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста