Дипломды талап етпейтін жалақысы жоғары мамандықтар
Қазір кез келген адам жоғары білім алуға талпынады. Алайда дипломсыз-ақ ай сайын жоғары жалақы алуға болатын мамандықтар бар, деп хабарлайды baribar.kz.
– Слесарь-сантехник. Бұл мамандықты арнайы колледждерде оқытады. Бірақ білікті жас мамандарды табу қиын. Сондықтан қазір осы мамандыққа сұраныс жоғары. Істеген қызметіңізге алатын еңбекақыңыз да аз болмайды.
– Дәнекерлеуші. Бұл мамандықта табыс көп екенін көбі мойындайды. Егер металл дәнекерлеу қолыңыздан келсе, күніне 4-5 мың теңге көлемінде табыс табуыңызға болады. Тапсырыстарды olx-тен де іздеуге кеңес береміз. Егер дипломы бар әрі біліктілік разряды жоғары маман болсаңыз, 200-300 теңге айлық төлейтін заводтарға қызметке тұра аласыз.
– Кафельші. Олар көбіне ұйыммен емес, жеке жұмыс істейді. Табатын табысы да аз емес. Әр шаршы метріне 3 мың теңгеден бастап ақы төлейсіз.
– Ағаш ұстасы. Бұл салада орта және жоғары білім оқу ордаларында берілсе де, барлығы сіздің талантыңызға келіп тіреледі. Егер сіздің қолыңыздан ағаш ою келер болса, сабылып жұмыс іздеудің де аса қажеттілігі жоқ. Шағын шеберханада тапсыпсырыс қабылдап, уақыты үлгерсеңіз болғаны.
– Экскаваторшы. Тәжірибелі экскаваторшыларға 150 мың теңгелік айлық табу оңай емес. Оларға әдетте 200-300 мың теңге төлейді.
– Электрик. Электротехникалық жұмыс, электромонтаж, розетка, люстра ауыстыру, ток тарту – ірілі-ұсақты қызметтің барлығы әр үйге қажет. Мұндай қызметке мұқтаж қаншама кәсіпорын, мекемелерді де ескеріңіз. Жұмыс сұранысқа ие. Әрі төленетін ақы да аз емес. Жақсы электриктер айына 150 мың теңгеден жоғары табады.
– Автомеханик. Егер автомеханиктерге арналған ваканцияларды Интернеттен іздесеңіз, 100-250 мың теңгеге дейін жалақы ұсынатын хабарламаларды көптеп жолықтырасыз. Егер тәжірибеңіз аз болса, жұмысты өзіңіздің гаражыңызда бастаңыз. Әуелі достарыңыздың, таныстарыңыздың көлігін жөндеп, біліктілігіңізді арттырып алыңыз. Уақыт өте келе клиенттер базасын да толықтырып аласыз.
– Фотограф, видеограф. Табысты фотограф, видеограф үшін ешқандай дипломның, сертификаттың қажеті жоқ. Той-думанды сүйетін қазақ халқының ортасында олардың жұмысы әрдайым сұранысқа ие. Білікті мамандар бір той түсіріліміне 200 мың теңгеден алады. Роликтер, аз минуттық фильмдерге де осы көлемдегі ақы төленеді. Бір айда қанша тапсырыс қабылдайсыз – өз шамаңыз бен еркіңізде. Дегенмен, сапалы маман болу үшін де жүріп өтетін жол қысқа емес. Тәжірибе мен ізденіс қашан да қажет. Бұл кезекте Сізге интернеттегі видео-сабақтар көмектесе алады.