Девальвацияның салдары қандай болады?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Доллар бағамы еркіндік алғалы екінші күн. Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы (163,9 теңге) мен шекті белгісі (185 теңге) арасында пайда тауып жатқандар әлі де баршылық. Бұған дейінгі девальвациядан үрей алып қалған қарапайым халық болса, мең-зең. Алдағы уақытта тұтынылатын тұтас тауарлардың бағасы көтеріледі деп қауіптетіндер көп-ақ. Ресми билік те оны жоққа шығарып отырған жоқ. Алайда қолдан келгенше, бағаны ұстап тұруға уәде беріп отыр.
Әлбетте, кешегі девальвациядан кейін халықты алдымен азық-түліктің бағасы алаңдатады. Содан болса керек, доллардың бағамы құбылған бойда біраз жұрт сауда орталықтарына лап беріп, азық-түлікті көптеп сатып алуға кірісіп кетті. Сарапшылар басқасы былай тұрсын  осындай алмағайыптың салдарынан тауар тапшылығы пайда болып, баға өсе бастайтынын да айтады. Халық санасындағы дағдарыс осы болса керек, сірә.
Ал еліміздің барлық тұрақтандыру қорларында дәл қазір 43 мың тонна тауар бар. Дегенмен, оның да бағасы сырттан келетін азық-түлікке тәуелді болып тұр. Мұны ауыл шаруашылығы министрлігі де мойындайтын тәрізді.  «Теңге бағамының өзгеруі сыртқы тауардың қымбаттауына себеп болады. Ол түсінікті жәйт. Оған қарсы әкімшілік шараны қолдану қиын. Себебі оны мүлдем әкелмей қоюы мүмкін. Соның салдарынан тапшылық болып, ішкі тауарлардың бағасы да көтеріледі», – дейді министр Асылжан Мамытбеков. Сондықтан бүгінгі тұрақтандыру қорларында қолда бар тауарды ұқсата білген жөн. Бір өкініштісі, кейбір қорларда «резерв» тауарлар мүлдем жоқ. «Оларға бөлінген ақша депозиттерде жатуы ықтимал», – деп атап көрсетті Үкіметтің кешегі отырысында министр. Демек, кейбір аймақтарда (министр нақты айтқан жоқ – авт.) қымбатшылық болуы әбден мүмкін. Бірақ нанның бағасы көтерілмеуі тиіс.
Қазақстандықтарды мазалап жүрген тағы бір мәселе – тұрғын-үйдің қымбаттауы. «Қолжетімді баспананың» құны әзірше көтерілмеуі тиіс. Себебі оған қатысушы азаматтармен рәсімделген келісімшарттарда үйдің бағасы теңгемен көрсетіліп, оның өзгеруіне қатысты шарттар жазылмаған. Алайда девальвацияға байланысты аталған бағдарламаға өзгерістер енгізілуі әбден мүмкін. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, оның барлығы құрылыс саласындағы бағаға байланысты болмақ. «Біз «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының қазіргі көрсеткіштерін аса көп арттырмаймыз. Алдағы өзгерістер жіті бақыланады. Егер қаже болып жатса, Үкімет тиісті шараларды қолға алады. Біз оның барлығын жақын арада анықтайтын боламыз», – деп атап көрсетті ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Девальвацияның салдарынан жанар-жағар майдың бағасы да өсіп кетеді деген болжам бар. Кеше Үкіметтің шұғыл жиналысында баяндама жасаған ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин атап көрсеткендей, бүгінде АИ-92 маркалы бензиннің қоры тек 30-45 күнге ғана жетеді. Оның жалпы қоры 244 мың тоннаны құрап отыр. «Ол бензиннің бір бөлігі Ресейден тасымалданады. Сондықтан теңгенің бағамы өзгергеннен кейін бұл бензиннің бағасы көтеріледі. Біз оның бағасын ұстап отырсақ, қазіргі қор таусылған кезде бензин тапшылығы туындайды", – деді Ұ. Қарабалин. Соған қарамастан, Премьер-Министр АИ-92 маркалы бензиннің бағасын 1-1,5 ай бойы қазіргі деңгейде ұстап тұруды тапсырды. Оған дейін жанар-жағар құю стансалары бензиннің осы түрін қымбатқа сатса, лицензиядан айырылуы бек мүмкін.
Бензиннің бағасы бір-жарым айдай сақталса да, Қазақстандағы жаңа көлік құралдарының бағасы қазірдің өзінде қымбаттай бастады. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының басшысы Андрей Лаврентьевтің хабарлауынша, бүгінде отандық автоөндірушілер доллардың жаңа курсына көшті. Дегенмен, олар әлі бір аптадай өз бағаларын қайта қарайтын болады. «Сөз жоқ, қазақстандық көліктердің бағасы көтеріледі. Себебі бізде көлік бөлшектерінің 70 пайызы әлі күнге дейін валютамен сатып алынады. Алайда біз көлік бағасын барынша сақтап қалуға тырысамыз», – дейді А. Лаврентьев. Ал сырттан келетін шетелдік автокөліктердің бағасы өзгермеуі тиіс. Дегенмен, кейбір алып-сатардар қазіргі жағдайды пайдаланып кетуге тырысады. Осыған байланысты сарапшылар әзірше көлік сатып алуды қоя тұруға кеңес беріп отыр.      
Айтпақшы, бүгін Қазақстанның ұлттық банкі доллардың бағамын 163,9 теңге болып бекітті. Ал екінші деңгейлі банктер оны 183-185 теңге көлемінде ұстап тұр. Себебі бұл - еліміздің орталық банкі бекіткен шекті бағам. Демек, ұлттық банк валюта бағамын бірте-бірте көтеруге мүдделі. Міне, доллардың осылайша «еркін» айналымда жүргенін,  сондай-ақ қазіргі ресми және шекті бағамның айырмашылығын пайдаланып, кейбір валюта айырбастау  бекеттері әлі де табысқа кенеліп жүр.
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста