ДЕНСАУЛЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ: ӨМІРДІҢ ОРТАША БОЛЖАМДЫ ҰЗАҚТЫҒЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢСІЗДІКТЕР СЕБЕБІ НЕДЕ?

1990-жылдардағы саяси-экономикалық жағдай әлеуметтік өмірдің әртүрлі салаларындағы гендерлік теңсіздіктердің тереңдеуіне әкеп соқты. Әсіресе, ерлер мен әйелдер арасындағы өлім және ауру-сырқаулық көрсеткіштер айырмашылықтары бар. Бұл әйелдер мен ерлердің денсаулығының айырмашылықтарын көрнекі айғақтайды. Айырмашылықтың ауқымы айтарлықтай ерте қалыптасты. 1958-1959 ж.ж. әйелдердің өмірлерінің орташа болжамды ұзақтығы 71 жыл, ал ерлердікі - 63 жыл болды. 1990-жылдары өмірлерінің болжамды ұзақтығындағы теңсіздіктер кенет өсті, 2000-жылдардың ортасында 13,5 жылға жетті. 2000-жылдың екінші жартысынан бастап көрсеткіш жақсы жағына қарай өзгере бастады. Осы көрсеткіш бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы айырма уақыт өте жайлап қысқара бастады. Ерлер мен әйелдер өлімінің себептеріндегі айырмашылық ерлердің жағдайы әйелдерге қарағанда әлдеқайда нашар екенін көрсетеді. Өлім себептерінің екі сыныбы халықтың жалпы өлім-жітім және аурушаңдығына қосатын үлесі бойынша ерекше көңіл аудартады, ол - қан айналымы жүйесінің аурулары және сыртқы себептер (жазатайым оқиға, улану және жарақат алу).


Денсаулық сақтаудағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеулерде екі негізгі назардың ортасын ерекшелеуге болады - әйелдер мен ерлердің физиологиясына негізделген аурушаңдық және өлім айырмашылықтары және әлеуметтік нормалар мен қоғам құрылысы әрекеттерінің нәтижесінде құралған айырмашылықтар. Соңғыларын зерттеуде екі аспект маңызды: өзінің денсаулығына деген мінез-құлық ережелері мен тәжірибесі - мінез-құлықтық және кедейлікке апаратын материалды ресурстарға қолжетімділікке шек қою және әртүрлі ресурстарға қолжетімділік теңсіздігі немесе материалдық аспект.
Кедейлік пен денсаулықтың өзара байланысын зертеу негізі құрылымдық факторлар (әлеуметтік сынып, қоғамдық құрылым, тұрақтылық және кризис сияқты қоғамдық жағдайдың сипаттамалары, әлеуметтік когерендікті бұзатын әлеуметтік тұрақсыздық, денсаулық сақтау жүйесі, әлеуметтік адаптация механизмдерінің бұзылуы, билік пен денсаулық сақтау ұйымдырының байланыстарының сипаты) байланысы және халықтың денсаулығының айырмашылықтары болып табылады.

Кедейлік материалдық және материалдық емес игіліктерге қолжетімділікте объективті бар теңсіздіктен құралады. Көп жағдайда еңбек нарығындағы теңсіздік, әйелдердің “екі жұмысбастылығы” – ақылы жұмыста және үй шаруашылығы, әйелдер басқарып отырған толық емес отбасының материальдық қиыншылықтарға үлкен осалдығы байланысты. Кедейлікке байланысты екі әлеуметтік мәселені ерекшелеуге болады. Біреуі, мұраланған қоғамдағы гендерлік рольдер жүйесі әйелдер арасында кедейліктің жойылмауынан туындауынды.
Әйелдер кедейлігі ғаламдық сипатқа ие және оны азайту көп жағдайда әлеуметтік саясатқа және гендерлік аспект болуына тәуелді. Кедейлік феменизация деңгейін әртүрлі елдерде салыстыра отырып, әйелдердің кедейлікке тап болу тәуекелін күшті әлеуметтік және гендерлік саясат едәуір төмендетеді, ал нейтралитет және еркін нарық оны күшейтеді деуге болады. Аталған мәселелердің шешілмеуі жалпы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктердің тереңдеуіне әсерін тигізеді. Халықтың гендерлік өлшемдегі кедейлік пен денсаулығы байланысы туралы зерттеулер әйелдер мен ерлердің денсаулығына - әлеуметтік жағдай, индивидтардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесі және үй шаруашылығы деген әртүрлі факторлар топтары әсер етеді дейді. Әлеуметтік трансформация периодтарында мәселе болып әлеуметтік мобильділіктің жоғары көтерілуі немесе төмен түсуі салдарынан осы статустың өзгеруі байалады. Көбінесе әлеуметтік-экономикалық кризис жағдайларына байланысты мамандық ауыстыру болады. Өзін отбасын асыраушы болып санағандар да, олай ойламағандар да тең дәрежеде, алайда кәмелетке толмаған балалары барлар көбірек мамандығын ауыстырған. мамандық аустырғандарда мазасыздық әтеттегіден жоғары. Айта кетерлік жағдай, осы еңбек ауысу типі жалпы өзін пайдалы сезінудің жоғарырақ деңгейіне әкеледі. Жұмыс ауыстыру еңбек ауысудың неғұрлым кең тараған түрі және оны әйелдер арасында көбірек байқалған. Әйелдер мен ерлердің әлеуметтік рольдері және қоғамдағы мәртебесі арасындағы теңсіздіктері сыртқы жағдайлар әсері нәтижесінде оларда болған өзгерістерге. Мәселен, өлім-жітім мен аурулардағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеушілер ерлер мен әйелдерге макроэкономикалық стресс олардың әлеуметтік рөлдер айырмашылықтарына байланысты әр түрлі дәрежеде әсер етеді дейді. Ерлерге көңілі қалу және өзінің тағдырын бақылауды жоғалту сезімі үстемдік ететін саяси және экономикалық салаға тарту тән. Әйелдер, сондай-ақ, экономикалық сипаттың себептері бойынша қоғамдық жұмысбастылық саласына тартылған және әдетте, дәстүрлі шаруалармен айналысады: үй шаруашылығы, отбасы, балалар, күйеуі, ата-аналары. Осы шаруалар олардың өмірлеріне белгілі бір шамада әлеуметтік стресстан қорған ретінде және оның салдарларын қалпына келтіре алатын мән-мағына және жауапкершілік сезімдерін енгізеді. Ерлер мен әйелдер бір экономикалық мәселелерге әртүрлі жауап береді: ерлер оларды әлеуметтік және мәдени факторлар эффектісін қолданбай қиынырақ көтереді. Зерттеу деректері әйелдер көбірек қиыншылықтарға төзе білу қабілетінің төмендеуін айта береді, олар айтарлықтай көбірек өздерін пайдалы сезінеді. Отбасында әлеуметтік рөлдердің ауысуы - денсаулықтағы айырмашылықтарға әсер ететін маңызды фактор. Ерлер мен әйелдер арасындағы өлім-жітім деңгейі және денсаулықтарындағы айырмашылықтардың тереңдеуі кеңестік отбасы моделі (ерлі-зайыптылардың екеуі де қоғамдық өндірісте жұмысбасты, мемлекет осы модельді қолауы бойынша) қирауы және жаңа моделді (күйеуі - отбасын асыраушы, әйелі - үй шаруашылығымен айналысады) насихаттау институционалды қамтамасыз етілмеген болып табылады. Отбасын асыраушы рөлін орындау мүмкін болмауы ерлердің өлім-жітім деңгейіне әсер етті. Өлім-жітімде гендерлік айырмашылықтардың төмендеуіне әсер ететін әлеуметтік факторлар - білім деңгейі, тұрып жатқан жері, еңбектің сипаты. Ерлер мен әйелдер арасындағы денсаулық айырмашылығының себептері: әлеуметтік жағдайындағы дифференциация - жалпы ерлер мен әйелдер арасына қарағанда, әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылықтар қаншалықты терең; әлеуметтік рөлдер комбинациялары аса әртүрлі. Әлеуметтік сынып пен денсаулық арасындағы байланысты туралы зерттеулер өлім мен ауру әлеуметтік құрылымданған және өмір деңгейі айырмашылықтарына сәйкес түрленетінін көрсетеді. Гендерлік теңсіздіктің себептері әлеуметтік-экономикалық позициялар айырмашылықтарымен, мінез-құлық механизмдерін анықтайтын мәдени және мінез-құлық нормаларымен, құндылықтарымен, нанымдарымен байланысты материалды аспектілерімен анықталады. Бұл екі түсініктеме мәдени/мінез-құлық факторларының әлеуметтік - таптық позициялар ретінде (көрінісінде) концептуалды бірігуі мүмкін, яғни, денсаулық саласындағы мінез-құлықты түсіндіру кезінде осы мінез-құлықтың әлеуметтік және сыныптық мәнмәтіні назарға алынады. Гендер мен денсаулықтың өзара қатынасының құрылымдық-стратификациялық және мінез-құлықтық факторлары салауатты өмір салтының оң мысалдарын өндіру және таратудағы орташа таптың рөлі туралы ұғымдарда бірігеді және бұл қатынаста мәселе тұрақты және жаппай орташа тап әлі құралмағаны болып табылады. Алайда, мысалы стресс сияқты факторлар орта тап пен жұмыссыздар өкілдерінің денсаулықтарына бірдей дерлік деңгейде теріс әсер етеді. Кедейліктің феминизациясының жалпы себебі патриархатты гендерлік тәртіпте барлық институттарда - еңбек нарығында, әлеуметтік саясатта, отбасында, ұсынылатын ерлердің әйелдер алдында жүйелік артықшылығы. Сондай-ақ, денсаулықпен байланысты гендерлік теңсіздіктерді зерттеуде артықшылық көбінесе мінез-құлықтық түсіндірмелерге беріледі. Ерлер мен әйелдерді орташа өмір ұзақтығына денсаулық сақтау жүйесі тең көлемде әсер етеді. Зерттеушілер орташа өмір ұзақтығы көрсеткішіндегі ерлер мен әйелдер арасындағы үлкен айырмашылық, сыртқы ортаның ерекшеліктері немесе денсаулық сақтау жүйесінің сәйкессіздігіне емес, ерекше мінез-құлықтық факторлар барына сілтейді. Зерттеулерде анықталған өзінің денсаулығына қатысты мінез-құлықтағы гендерлік айырмашылықтардың кең спектрі денсаулықтағы теңсіздіктерді түсіндірудегі мінез-құлық факторларының маңыздылығын дәлелдейді. Денсаулық сақтау практикасында дұрыс тамақтану, өзін-өзі дамыту, өмір бойы оқу, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаман әдеттерден аулақ болу қажет. Гендерлік стереотиптер - ерлер мен әйелдердің табысты жұмысбастылық, әлеуметтік байланыстардың сапасы және денсаулық профилактикасымен тікелей байланысты өзін-өзі сақтау мінез-құлқы кедейлік және аурушаңдық жағдайлардан шығуға оң әсер ете алады.

Ләззат Сейтқазықызы СПАНКУЛОВА,

экономика ғылымдарының докторы, профессор

Назым Билеталиева

Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы, 3 курс студенті

Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста