Демографиялық өсімнің экономикалық дамуға әсері қандай?

Демографиялық өсімнің экономикалық дамуға әсері қандай?

Экономикалық өсуді талдаудың әлемдік тәжірибесі бойынша, кез келген елде демографиялық жағдайды бағалауға ерекше мән беріледі. Сондай-ақ, мәселен, экономикалық белсенді ха­лық­­тың дамуының негізгі факторы ретінде туу деңгейінің өсу ерекшеліктеріне де көңіл бөлінуде. Туу деңгейінің төмендеуі, бұл –  тек баланың аздығы емес. Бұл – болашақта тұтынушылардың азаюы, жұмысқа қабілетті жастар санының кемуі. Туу деңгейінің төмендеуінен тұрғын үйге деген сұраныс төмендейді. Сондай-ақ кәсіпкерлер қатарынан тәуекелге баратын адамдар саны азаяды. Өйткені қазіргі қоғамда адамдар экономикалық өнімділік дәрежесі бойынша бағаланады.
Қазақстандағы халық санының өсу динамикасы 1897 жылы жүргізілген халық санағынан басталады. Сондықтан Қазақ­стан халқының өсу үрдісін зерттеу XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында басталды деуге болады. Туу деңгейінің ең жоғары көрсеткіші 1959 жылы жүргізілген халық санағының нәтижесінен көрінеді. Кеңес дәуірінде әйел адам орта есеппен жеті бала туған, кейінгі жылдарда бұл көрсеткіш едәуір төмендеді. Туу деңгейінің жоғары болуы, индустрияның дамуымен, 1954-1956 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты 20-35 жас шамасындағы жастардың, оның ішінде ер адамдардың көптеп келуімен сипатталады.
Туу деңгейінің төмендеуі Ұлы Отан соғысы жылдарында және 1940 жылдың аяғында байқалады. Демографиялық теңгерімсіздіктің орын алуы соғыспен, қуғын-сүргінмен, ерлердің өмір сүру жа­сының әйелдерге қарағанда кем болуы­мен, өлімнің жоғарылығына байланыс­ты. Барлық индустриалды елдерде ер­лер­дің өмір сүру ұзақтығы төмен. Әйтсе де өзгеше жайттар да кездеседі. Мысалы, 1970 жылы индустрия ерлер өміріне кері әсерін тигізе қоймаған Шри-Ланка, Үндіс­тан, Пәкістан, Кампучия, Жоғары Вольта сияқты үшінші әлем елдері анықталған.
Туу деңгейінің төмендеуі мен халықтың өсу мәселесінде негізгі екі көзқарас бар. Біріншісі – туу деңгейінің төмендеуі. Бұл тұтынудың өсуі мен оны қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің арасындағы айырмамен түсіндіріледі. Екінші көзқарастың негізінде туу деңгейіне әсер ететін материалдық және мәдени факторлар қарастырылады. Материалды және мәдени факторлар қар­сы бағытта әрекет етеді. Материалды фактор өмір сүру деңгейін жоғарылатуға байланысты балалардың тұтынуындағы материалды мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді білдіреді. Ал екінші фактор жаңа сұраныстың пайда болуымен байланысты, барлық тұтыну жүйесінің өзгерісімен сипатталады. Осы екі тенденцияның әсері туу деңгейінің өзгерісіне алып келеді. Өмір сүру деңгейінің жоғарлауымен туу деңгейі төмендейді, сонымен қатар табыстың өсуінен адамдардың мәдени деңгейі өседі. Ал бұл – өз кезегінде ата-ананың бала тәр­бие­сіне деген жауапкершілігінің өсуі. Қазіргі кезде туылу коэффициентінің тө­мен­деуі туылған балалар санының азды­ғымен ғана емес, сондай-ақ туылудың соң­ғы репродуктивті кезеңге қалдырылуы­мен түсіндіріледі.
Ел бойынша жалпы халықтың ішінде тұрғындардың жеке үлестерінің өсуі туу коэффициентінің төмендеуіне негіз болды. Қала бойынша туу көрсеткіштері ауылды аймақтардағы көрсеткіштерден төмен. Бұл қалада тұратын әйел адамның кеш тұрмыс құруынан болады. Қалада тұратын әйел адам­дар бір бала туумен шектелсе, ауыл­дағы әйел адамдар екі немесе үш баламен шек­теледі.
Бір жағынан, кейбір отбасыларда көп­ба­лалы болу дәстүрінің сақталуы туу дең­гейі­нің жоғарылауына себеп болады, ал екін­ші жағынан, мәдениеттің дамуы, тұ­тыну­дың өсуі, әйел адамдардың кәсіби білім­ді болғандықтары туу деңгейінің төмен­деуіне әсер етеді.
Респонденттер туу деңгейінің төмен болуы­ның маңызды себептері ретінде аз табысты, жайлы тұрғын үйлер­дің бол­мауын, жұмыссыздықты, әйел адамдар үшін жүкті және декретті демалыс кезінде жұмысынан айырылып қалу жағдайын, балабақшаның жетіспеушілігін, балалары үшін алатын жәрдемақының аз бо­луын, репродуктивті жастағы өлім-жітім­нің көптігін, халықтың аз балалы бо­луға бейім келетіндігін атап көрсетеді.
Туу деңгейін жоғарылатуға әсер ететін факторлардың біріне әйелдер арасында бала туа алатын жаста тұрмысқа шығу жата­ды. Бұл некеге ерте тұру, отбасын әлі құр­маған әйел адамдар санын азайту, отбасылық қарым-қатынасты нығайту арқы­лы жүзеге асырылады. Некеге тұруға әсер ететін факторларға әйелдер мен ерлер санының сәйкес келуі, соның ішінде жас­тар арасында халықтың некеге деген көз­қарасы, басқа да құндылықтарға қы­зығу­шылықтары жатады. Некеге тұратын бола­шақ жарды таңдаған кезде гомогамия прин­ципі негізгі фактор болып табылады.
Білім деңгейі некеге тұру кезінде әсер ететін басты факторлардың бірі екені мәлім. Америкалық зерттеуші Брю Экланд некедегі білім деңгейінің рөлін айта келе, былай дейді: «Некедегі әлеуметтік қажетті­ліктің ұқсас болуының жартысынан көбі білім деңгейінің негізінде құрылған некені қамтамасыз етеді екен».
Туу деңгейіне әсер ететін факторлардың бірі – халықтың білім деңгейі. Халықтың, соның ішінде әйел адамдардың, білім деңгейінің жоғарлауынан туу көрсеткіштері төмендейді. Туу деңгейінің төмендеуінің ғаламдық тенденциясы Орталық Азия мен Қазақстанда да байқалады.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, халықтың негізгі бөлігінің өмір салтының репродуктивті тәртібінің өзгеруімен байланысты туудың әлеуметтік-психологиялық механизмін анықтау өте маңызды. Ірі қалаларда, урбанизация жо­ғары өңірлерде және индустрия орта­лықтарында халық арасында туу деңгейін шектейтін репродуктивті шарттардың құрылымдық процесі байқалады.
Мемлекет халықты құнды капитал ретінде қарастырады. Сол себепті Үкіме­тіміз халықты әлеуметтік қорғауды басты мақсаттардың бірі деп санайды. Денсаулық сақтау шеңберіндегі саясат Қазақстандағы адам капиталының деңгейін жоғарылатуға бағытталған.
Осыған сәйкес, денсаулық сақтау эко­но­микасының жаңа саясатын даярлауда тек қана ана мен баланы қорғау мәселесіне ғана емес, сондай-ақ салауатты өмір сал­тына, түсік жасатуды, ерте жастан некеге тұруды қысқартуға, ұлттың салт-дәстүр­ле­рін және киелі отбасы ошағын сақтауға, өзін-өзі сақтау тәртібі мәдениетінің дамуы­на ерекше көңіл бөлу қажет.
Л.СПАНҚҰЛОВА, экономика ғылымының докторы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста