Дәрі-дәрмек жайлы пайдалы ақпарат

Дәрі-дәрмек жайлы пайдалы ақпарат

Денсаулық сақтау жүйесі – мемлекеттің даму жолындағы басты және не­гізгі бағыттарының бірі. Халықтың әл-ауқаты тұрақты да баянды болуына осы сала бірден-бір әсер етеді. Қазақстан Республикасының тә­уел­сіз­ді­гінен бері көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің сапасын арт­ты­руға, дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге және аза­­­мат­тарымыздың өз денсаулықтарына деген жауапкершілігін арттыра тү­­суге бағытталған жаңа даму стратегиялары мен мемлекеттік бағ­дар­ламалар кезеңіне айналды. Дәрі-дәрмек жайлы дәйекті әрі өзекті ақпа­рат­тың тапшылығы орын алып, қазіргі кезде бұл кеңістікті толтыруға ба­ғытталған көптеген шаралар өткізілуде. Осы тұрғыда, еліміздің дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз ету жүйесінің бүгінгі күнгі сипатын, ақпарат ке­­ңістігінде қандай мәліметтер бар және тегін дәрілерді алуға қандай аза­­маттар құқылы екенін білу мақсатында Дәрі-дәрмек ақпараттық-тал­дау орталығының басшысы Молдахметова Баян Салыққызымен әңгімелескен едік.

– Баян Салыққызы, Дәрі-дәрмек ақ­параттық-талдау орталығының бас­ты мақсаты мен қызметтері қандай?
– Қазіргі кезде Қазақстанда дәрі-дәр­мек­тердің сапасы, қолданылуы, нәти­же­лілігі және басқа препараттармен өзара әре­кеттесуі жайлы көптеген ақпарат та­ратылып, жариялынады. Ал бұқаралық ақ­парат құралдарында дәрілік заттар ту­ралы ретсіз агрессиялық түрде жарнамалар жүр­гізіліп жатыр. Бұл өз алдына, халықтың дә­рілік заттарды қабылдау салдарынан со­ңыңда болатын кері әсерлері мен ас­қынулары жайында ойланбай, дәрігердің ба­қылауынсыз, тағайындауынсыз өз ер­кі­мен қабылдауына түрткі болуда. Тә­жі­ри­беде, халық жарнамалық түрдегі ақпаратты ке­ңінен пайдаланып, кейбір препараттар, тағам қоспалары барлық аурулардан ем болып саналатын тенденция байқалады.
ДАТО тегін медициналық көмектің ке­піл­ді көлемі шеңберінде азаматтардың дә­рілік қамсыздандырылуға құқықтары, дә­рілік заттарды орынды, тиімді және қауіпсіз қо­лдану, сондай-ақ ықтимал жанама әсер­лері туралы дәйекті ақпарат ұсынады. Басты мін­детіміз халықтың дәрілік заттарды таң­дау барысында сауаттылығын ашу болып та­былады.
Орталық қызметкерлерімен халық ара­сында ағарту жұмыстарынан басқа, ме­ди­ци­налық қызметкерлердің білімін жо­ғар­ла­ту мен фармацевтерді оқытуға ба­ғытталған шаралар да жүргізілуде. Дә­рілік заттарды дұрыс қолдану жайындағы ұсы­ныстар, әдістемелік құралдар және анық­тамалықтар шығарылып, сонымен қоса медициналық қызметкерлердің дә­рі­лік заттарды тиімді және қауіпсіз қолдануы бо­йынша сұраныстарға жауап береміз.
– Сіздерде дәрі-дәрмектер жайлы ха­­лықты ақпараттандыру қызметі жұ­­мыс істейді. Адамдарды көп жағ­дай­да қан­дай сұрақтар қызық­ты­рады? Қан­дай дәрімен емделу ке­рек­тігі жайлы сұ­рақтар қанша­лық­ты жиі қойылады?
– Дұрыс айтасыз, өткен жылдың соңында Дә­рі-дәрмек ақпараттық-талдау  орталығында ха­лықты ақпараттандыру ақысыз қызметі ашыл­ды. Біз ай сайын телефон және сайт ар­қылы келген сұрақтардың барлығын са­раптап, халықты қандай мәселелер жиі ма­залайтынын анықтаймыз. 2013 жылдың ба­сынан бері бізге Қазақстан бойынша 12 мың­нан астам сауал түскен. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе­ге артты. Қойылған сұрақтардың ішінен 50%-ы дәрілерді қолдануға байланысты, 20 %-ы азаматтардың тегін дәрілерге құ­қығы жайлы, 16%-ы дәрілердің дә­лелденген тиімділігі жайлы, 8%-ы пре­параттарды ауыстыру мәселесі бойынша, ал қалған сұрақтар дәрі-дәрмектің құны жә­не т.б. ДАТО құзыретіне кірмейтін сұ­рақ­тар құрайды. Егер түскен сауал бізге бай­­ла­нысты болмаса, біз міндетті түрде тиісті ме­кемелердің немесе ақпараттық қыз­мет­тердің байланыс ақпаратын ұсынамыз. Осы тұрғыда, өздеріңіз байқағаныңыздай сұрақтардың басым бөлігі дәрілерді дұрыс қолдануға байланысты. Дәрі-дәрмек ақ­па­рат­тық орталығы дәрілерді дұрыс әрі тиімді қол­дану жайлы ақпаратты науқасқа тек дә­рігердің нұсқауы бар жағдайда ғана ұсы­нады. Арнайы маманға қаралмай, өз ер­кімен дәріні қабылдауға ниет білдірген, оның тиімділігін анықтау мақсатында ха­бар­ласқан азаматтарды біз міндетті түрде дәрігерге бағыттаймыз.
– Қазіргі кезде антибиотиктерді са­тып алу қолжетімді болғандықтан, кө­бі орынды-орынсыз қабылдап жа­тады. Оның алдын алу шаралары қан­ша­лықты қадағаланады? Және бұл про­блеманы шешу жолдары қандай:
– Жақсы сұрақ, біздің Дәрі-дәрмек ақ­па­­раттық-талдау орталығының ресми сай­тында (www.druginfo.kz) антибиотиктерді қол­­­дануға байланысты әлеуметтік сауал­на­ма жүр­гізілді. Жүргізілген сауалнама нә­ти­же­­лері бойынша, респонденттердің 29%-ы ғана антибиотиктерді дәрігердің бел­­­гі­леуі­мен, ал қал­ған­дары өз б­е­ті­мен, фармацевтің нұсқауы жә­не туған-туыс­қан, таныстардың кеңесімен қа­­былдайды екен. Кей жағ­дай­ларда мұн­дай дәрігердің бақылауынсыз дә­рілерді қа­­былдау ауру ағымын одан әрі ушық­­ты­рып, асқынуға әкелуі мүмкін. Бұл өте қауіпті көрсеткіш, антибиотиктерді өз бе­­ті­мен қабылдаған науқас дәрігерге на­шар кү­йімен келгенде, көп жағдайда оның жиі қол­данылатын дәрілермен жүргізілетін ан­ти­биотикотерапияға сезімталдылығы тө­мендейді. Ал нақты жүргізіліп жатқан ша­ра­ларға келетін болсақ, Дәрі-дәрмек ақ­параттақ-талдау орталығы апта сайын ме­дициналық орталықтарда, дә­рі­ха­на­лар­да презентациялар, сұхбаттар мен ашық есік күндерін ұйымдастырады. Біздің ма­мандар өз денсаулығына деген жауап­кер­шілікті арттыру, дәрі-дәрмекті дұрыс қол­дану және дәрігерге дер кезінде қаралу бағытында өзекті ақпарат таратады.
Емделу ұзаққа созылып, ауыр өтеді ар­тында. Осындай жағдайлардың пайда бо­луы тікелей пациенттердің өздеріне бай­ланысты. Дәрілер пайда әкеліп қоймай, со­нымен қатар зиян келтіретінін есте сақ­таған жөн. Аурудың пайда болу себебін жоюға тікелей бағытталған емді сізге дә­рігер ғана тағайындай алады.

Анықтама
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы азаматтардың сұрақтарына 8 800 080 88 87 бірыңғай телефон желісі арқылы тегін жауап бере алады. Сall-қызмет халыққа дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру негізгі бағыты болып табылатын 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс істейді.   Қазақстан аумағында кез келген стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін. Аталған желі дәрілік заттарды орынды әрі қауіпсіз қолдану мәселелері бойынша кеңеске мұқтаж азаматтарға арналған. Сall-қызметке қоңырау шалып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін дәрілерге құқықтары, дәрілік заттарды ауыстыру мен сақтау шарттары, препараттардың тиімділігі мен ықтимал жанама әсерлері жөніндегі ақпараттарды алуға болады. Телефоннан қоңырау шалушылардың барлығына тегін қызмет көрсетіледі. Тұрғындар игілігі үшін іске қосылған жаңа Сall-қызметі халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға және медикаменттерді орынсыз қолдануға жол бермеуге бағытталғанын ерекше атап өткен жөн. Ең бастысы, жаңа қызметтің арқасында сапасыз дәрі-дәрмектерге тосқауыл қойылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста