«Даму» қоры «Даму Оптима» атты жаңа бағдарламасын іске қосты

«Даму» қоры «Даму Оптима» атты жаңа бағдарламасын іске қосты

«Даму Оптима» – «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының мақсатты тобына кірмейтіндер үшін арналған. Бұл жаңа құрал сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану орындары секілді салалар үшін қолжетімді болады. «Даму Оптима» бағдарламасы банк алдында кепілзаты жетпейтін кәсіпкерлерге «Даму» Қорының кепілдемесін пайдалана отырып, несие алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Несие алу барысындағы кепілзат жетіспеушілігі көп кәсіпкер үшін қолбайлау болып отыр. Егер бұған дейін экономиканың басымдық берілген салалары бойынша жобаларын жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының кепілдемелерін пайдаланып келсе, бұл бағдарламаның мақсатты тобына кірмейтіндер үшінші жақтың кепілдемесіне жүгінуге мәжбүр болған. «Даму Оптима» осы олқылықтың орнын толтырады. Енді кез-келген саладағы кәсіпкер «БЖК 2020» бағдарламасы немесе «Даму Оптиманы» таңдау арқылы «Даму» Қорының кепілдемесін ала алады», - дейді «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин.+

Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін несиеге кепілдеме беру талаптары:
Кепілдеме мөлшері – несие сомасының 50%-нан аспауы керек. Айналымдағы қаражатты толықтыруға 36 айға дейінгі кепілдемемен 60 млн теңге, инвестиция салу үшін 60 айға дейінгі кепілдемемен 180 млн теңгеге дейін беріледі.
Франшиза бойынша іс бастағысы келген кәсіпкерлер үшін несиеге кепілдеме беру талаптары: Кепілдеме мөлшері – 20 млн теңгеге дейін. Несие сомасының 70%-нан аспауы керек. 20 млн теңгеден жоғары болған жағдайда несие сомасының 50%-нан аспайды.
Несие 80 млн теңгеге дейін беріледі. Кепілдеме мерзімі – айналымдағы қаражатты толықтыру үшін 36 айға дейін, инвестиция салуға 60 айға дейін.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Даму» Қоры өз қаражатынан 2,8 млрд теңге бөледі. Екінші деңгейлі банктердің бірқатары аталған бағдарламаға қызығушылық танытып отыр. «Даму» Қоры Қазкоммерцбанк, АзияКредитБанк, Евразия банкі және Банк Астана секілді бірқатар екінші деңгейлі банктермен келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ – бұл Ұлттық даму институты, 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар, Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар – ұсақ қаржыландыру ұйымдарына қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста