Дағдарыс салқыны шикізат секторына қалай әсер етті?

Қазақстан экономикасының көшбасшылары АҚ «Қаз­Мұ­­­най­газ», «Қазақмыс», ENRC тағы басқа ірі кен өн­ді­ретін компаниялар бо­лып табылатыны белгілі. Өйт­­кені ел экономикасын әр­та­рап­тан­дыруға қанша тырысып жат­қа­ны­мызбен, шикізат табысына тә­уел­ді­ліктен арыла алмай ке­ле жат­қанымыз ақиқат. Сон­­дық­тан нарықтың осы сек­­торындағы еңбек қарым-қа­ты­на­сын жіті зер­делеп көрелік...
ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бо­йынша, экономиканың әр саласында 8,5 млн адам жұмыс істейді, ал аталмыш ком­па­ниялардың қызметкерлері жұмысқа қа­білетті адамдардың тек 1-2% ғана құ­рай­ды екен. Соған қарамастан, дәл осы ме­ке­мелердегі еңбек ресурстарының жағ­дайы Қазақстанның еңбек нарығының бас­ты көрсеткіші болып отыр. Қа­зақ­стан­дағы жұмыссыздар са­ны ресми деректер бо­йынша, 2012 жы­лы 474,8 мың адамға жеткен, өткен жыл­дың соңында оның тек 34,6 мыңы ғана Ең­бек және әлеуметтік қорғау министрлік ор­гандарында тір­келген.
Дағдарыстағы басқару
Президент жанындағы Қазақстан стра­тегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми аға қызметкері Вера Мо­жа­рованың пікірінше, 2008-2010 жыл­дары республикада жұмысшыларды жап­пай жұмыстан босату, жүздеген кә­сіп­орынның жабылуы, мыңдаған адам­дар­ды ақысыз демалысқа шығару секілді дағ­дарысқа тән құбылыс орын алды. Инвестициялар тиімділігін зерттеу агент­ті­гінің (АИРИ) аға сарапшысы Ерлен Ба­ды­хан да «өндірістегі жұмысшыларды қыс­қарту еліміздің ірі компанияларының бар­лығында тіркелді» деп бұл фактіні нақ­тылай түседі. Мәселен, 2012 жылы «Са­мұ­рық-Қазына» ұлттық  әл-ауқат қорына қа­расты «ҚазМұнайГаз» компаниясының ор­талық аппараты жұмысын оңта­й­лан­ды­ру барысында ондағы қызметкерлер саны 47,8% қысқарып, ал ҚМГ басқармасы ап­паратындағы адамдар саны 26% тө­мендеген. Жалпы, осыдан бір жыл бұрын ме­кемеде 6000 адам қысқартылады деп жоспарланған болатын. Сондай-ақ жап­пай қысқартулар ірі компаниялар мен екін­ші деңгейдегі банктерде де болып жат­ты. Сөйтіп, бұл процестердің барлығы сәнге айналған «дағдарыс менеджменті» деген сөзбен атала бастады. Дағдарыс сал­дарынан соңғы жылдары металлургия са­ласында да жағдай қиындаған, өйткені металдың әлемдік бағасы төмендеп, қа­зақстандық өнімге деген сұраныс азайған. В.Можарованың айтуынша, халықаралық на­рықтағы сұраныстың бәсеңсуі сал­да­рынан Жезқазған, Балқаш, Сәтпаев қа­ла­ларының әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін «Қазақмыс» корпорациясында ай­рықша күрделі жағдай қалыптасып отыр. Жергілікті еңбек нарығының әл­сіз­дігін, шағын және орта бизнестің же­тіл­мегендігін сөз еткен сарапшылар «бұл жағ­дай шұғыл шара қолданбаса қауіпті» дей­ді. Осыған байланысты 2012 жылы осы қалалар бойынша үкіметтік комиссия жұ­мыс істегені белгілі. Бұл орайда, не­гі­зінен, компания басшылығы шұғыл іс-қи­мыл­дар жасауға мәжбүр болғанын баса айта кету керек. Жалақыларының өсуін та­лап еткен жұмысшылар ереуілге шығып, кей­бірі БАҚ арқылы билікке шағымын жет­кізуде белгілі бір деңгейде өз де­ген­де­ріне жетті деп айтса да болады. Ерлен Ба­ды­ханның айтуынша, ағымдағы жылдың ма­мыр айында компанияның (Қазақмыс) әкім­шілік қызметкерлерінің жалақысы 25-30% қысқарған. Алдындағы дағдарыс ке­зеңдерінде де бұл компания жұ­мыс­шы­лардың демалыс ақысын жартылай төлеу, өн­дірісті уақытша тоқтату секілді үнемдеу шараларын қолданған. Бүгіндері кор­по­рация жұмысшыларды жаппай қыс­қар­туға барған жоқ.
Ал «Қазцинк» және ENRC ком­па­ния­ла­рында кадр саясаты тұрақты деп айтуға бо­лады. Мәселен, «Қазцинкте» жұ­мыс­шы­лар баяғы қалпынша жұмыс істеп жа­тыр. Әрине, жұмысқа жаңа адамдар алы­нып жатқан жоқ. 60 мыңнан астам жұмыс іс­тейтін мекемелері бар ENRC тобы да әзір­ге жұмысшыларды қысқарту мәсе­ле­сін көтермеді. Тек соңғы уақытта акцио­нер­лер мен сырттан шақырылған ме­нед­жерлер арасындағы келіспеу­ші­лік­тің салдарынан лауазымды орындағы бір­не­ше адам компания басшылығынан кет­ті. Сарапшы В.Можарова 2012-2013 жыл­дары «Арсе­лор­Миттал Теміртау» АҚ-та жұмысшылар мен жұмыс берушілер ара­сында еңбек дауы орын алғанын ай­тады. Бұл дауға президент Н.Назар­баев­тың өзі ара­ласып, кеншілерді жұмыстарын жал­ғас­тыруға ша­қырып, ортада туын­даған мәселені ше­шу жолын қарастыруды ұсын­ған. Нақ­ты­рақ айтқанда, ол кезде аталған кәсіп­орын­нан 3000 адамды қысқарту мәселесі кө­терілген болатын.
Сондай-ақ мұнай өндіретін ком­па­ния­лар­­да да жалақыны көтеруге қатысты ере­уіл­дер жиі болып тұрады (мәселен, Маң­ғыстау облысының бұрғылаушылары). Pet­roKazakhstanOilProducts ЖШС жұ­мыс­шы­лары да (PKOP, Шымкент МӨЗ) еңбек­ақы­сын көтеріп, әлеуметтік төлемақылар тө­леуді талап еткен. «Негізінен, мұнай­шы­лардың дүрбелеңге түсуіне қазақстандық жә­не шетелдік жұмысшылардың еңбек­ақыларының арасындағы үлкен айырма се­беп болып отыр», – дейді В.Можарова. Сол секілді ҚСЗИ маманы құрылыс­шы­лар­ды да дағдарыс айналып өтпегенін ай­тады. Мәселен, стратегиялық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолын са­лып жатқан құрылысшылардың ең­бек­ақы­­сы төмен және ол уақытысында тө­лен­бей­­ді де екен. ҚСЗИ сарапшысының па­йым­­дауынша, Қазақстанда еңбек дау­ларының туындау мүмкіндігі әлі де сақталып қалуда, мұны 2012 жылдың соңында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов ресми түр­де мойындады да. Басты себеп – жала­қы­ның төмендігі және оның уақытылы тө­ленбеуі. «Бұл жағдайда Қазақстан еңбек на­рығында тыныштық болады деп айту қиын» деп түйіндейді маман. Бұл пікірмен ИТЗА (АИРИ) талдаушысы да келісіп отыр. Егер экономикалық жағдай қолайсыз өр­бісе (әлемдік нарықтағы өнім бағасы тө­мен­дей берсе), онда жұмысшыларды жап­пай қысқарту жалғасады. Ал бұл жайт өндірістік өңірлердің әлеуметтік жағ­да­йының ушығуына әкеліп соғады.
Мәселені шешу жолдары
«Еңбек даулары шешімінде кәсіподақ­тар­дың атқаратын рөлі ерекше», – деп есеп­тейді ҚСЗИ-дің ғылыми аға қыз­мет­кері В.Можарова. Батыс Еуропада жұ­мыс­шы­лар мүддесін қорғап, ереуіл қоз­ға­лыс­­тарын басқарып, келіссөздер жүр­­гізетін де солар. Қазақстанда кәсіп­одақ­­­тар жоқтың қасы, я болмаса олар тек фор­­мальдық сипатқа ие. Жұмыс бе­рушілер төмен жалақыны ұстап отырғаны бел­гілі (40-60 мың теңге – мұндай қа­ражатқа өмір сүру күннен күнге қиынға тү­суде). Халық бұл жағ­дайда жұмыс бе­ру­шілер алдында қау­қарсыз болып отыр. Ал мемлекеттік саясат жә­не қолданыстағы заңдар жұмысшылар мүддесін қорғауда белгілі бір деңгейде қауқарсыз. Мұндай жағдайда жаппай ере­уілге шығудың кү­ше­юі заңдылық, өйт­кені бұл – жұмыс­шы­лардың өз жайына би­ліктің назарын ау­дар­тудың жалғыз амалы.
Халықаралық HumanRightsWatch (HRW) құқыққорғау ұйымы 2012 жылы жа­риялаған «Мұнай және ереуілдер. Қа­зақ­стан мұнай саласындағы еңбек құ­қық­тарының бұзылуы» баяндамасында би­лік­ті кәсіподақтарға қысым көрсетпей, ең­бек дауларын келіссөз арқылы шешуге ша­қыр­ды. ҚСЗИ сарапшысының пікі­рін­ше, 2011 жылы Жаңаөзендегі еңбек дауының бір­неше айға созылған себебі – жергілікті мұ­най­шылар кәсіподағын еш­кім мо­йын­дамады, ал мұнай компаниясы жә­не жергілікті билікпен келіссөздер жүр­гізген кә­сіподақтар федерациясының өкіл­дері мә­селені шеше алмады. Ма­ман­дардың ай­туынша, Қазақстан кәсіп­одақ­тары жұ­мыс­шылар алдында бедел жинау керек, елдегі және шетелдік ұйымдармен қа­рым-қатынас жасап, заңдарды жетіл­ді­руге атсалысып, еңбек нарығында өз ма­ңыз­дылығын күшеютуі тиіс. Еуропалық тә­жірибеден тыс, жұмысшылар құқық­та­рын жақсы қорғап жүрген ресейлік әріп­тес­­терден де үлгі алған дұрыс. 2007 жы­лы қабылданған ҚР Еңбек кодексін әзір­леуге кәсіподақтар федерациясы мен «Ең­бек» депутаттық тобының қатысуы нә­тижесінде бұл заңнама халықаралық стандарттарға жақындай түсті. Да­мыған елдер тә­жі­ри­бе­сін қолдану елі­міз­де 2011 жылы «Ме­диа­ция туралы» заңды қа­былдауға сеп болды, бұл – заңды тұр­ғыда дауласқан жақтарға үшінші жақ­қа жүгінуге мүмкіндік беретін құқықтық құ­жат. Алайда аталған заңның іс жүзіндегі бел­сенді қолданысы әзірге байқалмайды.
Қазақстанда еңбек нарығындағы мә­се­­лелерді экономикалық әдістермен ше­шу жоспарланған еді, мәселен, «Жұ­мыс­пен қамту – 2020» бағдарламасы ар­қылы. Бірақ жақында Мәжіліс оты­ры­сын­да атал­ған бағдарламаны жүзеге асыру жағы дә­йек­ті сынға ұшырады. Тіпті бағдарламаны тоқ­тату туралы ұсыныс жасалды. Қа­зақстан өзін «әлеуметтік бағыт алған мем­лекет» деп ресми жариялағанымен, әлеу­меттік бағдарламаларды қар­жы­лан­дыруға келгенде сараңдық та­ны­тады. Мәселен, Еуропа одағы елдерінде әлеу­меттік бағдарламаларға мемлекеттік бюд­жеттің 27% жұмсалады екен. Қа­зақ­станда бұл көрсеткіш бес есе аз. Халық­ара­лық сарапшылар және ұйымдар бұл көрсеткішті ең болмаса екі есеге көбейту керек деседі. Осы себептен болу керек, ірі кәсіпорындар мемлекеттік бюджеттің ор­нына әлеуметтік жүкті өздері арқалап ке­леді. Қазақстанда еңбекақының ішкі жалпы өнімдегі үлесі Еуропа елдеріндегі және АҚШ-тағы көрсеткіштерден үш-алты есе кем. Бұл ретте сарапшылар «рес­пу­бли­ка­дағы әлеуметтік көрсеткіштерді қайта қарастырып, жұ­мысшылардың табыстарын көбейту қажет. Салық жүйесін жетілдірумен бірге, жемқорлықпен күресті күшейту керек» деген қорытындыға келіп отыр. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста