Борышын өткеріп жүрген сарбаздардың несиелері тоқтатылады

Банктер армияда мерзімді борышын өткеріп жүрген сарбаздардың несиелерін тоқтатады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Аталған келісім мерзімді қызметтегі сарбаздарға қаржылық міндеттемелері бойынша ай сайынғы төлемдерін 13 айға кейінге қалдыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қызмет өткеру кезеңінде кредиторлар берешекті өндіріп алу бойынша сотқа істер және нотариусқа өтініштер беруді тоқтатады.

 

Еліміздің барлық өңірінің әскерге жинау пункттерінде әскерге шақырылушыларда кредиттер мен қарыздардың болуы туралы ақпарат жинау жұмыстары жүргізілуде. Несиелері бар жастар жергілікті әскери басқару органы басшысының атына қарыз алушының атауын, төленуге тиісті соманы және қарызды төлеуге байланысты басқа да деректерді көрсете отырып өтініш береді.

 

Қарыздың бар екендігі туралы хабарлап үлгермеген сарбаздар бұл мәселені бөлімнің басшылығына жазбаша өтініш беру арқылы шеше алады. Бұл ретте жергілікті әскери басқару органының атына берілген туыстарының өтініштері де қаралады.

 

Алынған мәліметтер реттеушіге беріледі. Өз кезегінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әскерге шақырылған сарбаздарға негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қажеттігі туралы қаржы мекемелерін хабардар етеді.

 

Әскери борышын аяқтаған соң жастар жеңілдіктерді пайдаланып, жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырусыз түсе алатынын да айта кетелік. Бұл ретте көзге түскен сарбаздар жоғары оқу орнының гранты есебінен ақысыз оқуға түсе алады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста