Бойында Арыстың көзі бар табыстың

Бойында Арыстың көзі бар табыстың

1928 жылы құрылған Арыстың, жалпы Арыс өңірінің өзіне тән тағылымды тарихы бар. Өткен ғасырдың басында іске қосылған Орынбор-Ташкент теміржолы салынуымен даламызға өркениет есігін ашты. Арыс заман дауылдарында теңселмей, іргесін бекіте түсті. Бүгінде шағын стансы үлкен қалаға айналды. Көне тарихымызға терең ізін қалдырған алты алашқа белгілі Алатау батырдың, Мұңлық пен Зарлықтың, тағы да басқа ондаған асылдарымыздың есімдері – келер ұрпаққа үлгі-өнеге.
Бүгінгі заманымыздың толағайы – Жазира Жаппарқұлдай ауыр атлет чем­пиондарымен мақтанатын шаһардың жас­тары да спортқа ерекше мән береді. Қазақ­стан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарындағы еліміздің дамуына өз үлесін қосып отырған қаланың тарихи-мәдени қоры мол, экономикалық-әлеу­меттік салалары уақыт өткен сайын қар­қын­ды даму жолына бет алып отыр. Көлемі 6,3 мың шаршы шақырымда орналасқан ауданда бірнеше ұлт өкілдерінен құрылған 67 122 мыңға жуық халық татулықта өмір сүруде. Міне, бұл – ел егемендігінің арқа­сын­да жеткен жетістік. Шәмші Қалдая­қов­тың әніне арқау болған Арыс өңірі жайлы сәті түсіп Арыс қаласының әкімі Сейіт Ертай мырзамен сұхбаттасқан едік.
– Сейіт аға, ең алдымен Арыс қала­сы­ның және оған қарасты елді мекен­дердің әлеуметтік ахуалына тоқ­талсаңыз...
– Әңгімені халыққа керекті негізгі және маңыз­ды әлеуметтік нысандардан бас­тайын. Өңірдің негізгі шаруашылығы – мал және ауыл шаруашылығы. Арыс қаласы тоғыз жолдың торабында орналасқан. Халық­аралық маңызға ие теміржолдың бойындағы қалада әскери гарнизондар да бар. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдар­ла­маларды ойдағыдай орындап келеді. Алдағы уақытта қаланың көркін көп­қа­бат­ты тұрғын үйлер салу арқылы аша түспек. Ең басты назарда халықтың денсаулығы тұруы тиіс. Мысалы, Арыс қаласына қарас­ты алты дәрігерлік амбулатория, 22 меди­ци­налық бекет бар, оның төртеуі – фельд­шер­лік-акушерлік пункт. 2014 жылға бір дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланып отыр. Басқасының барлығы жаңа. 2016 жылы медициналық бекеттер кестеге сәйкес толығатын болады. Биыл екі мед­пункттің құрылысын аяқтаймыз. Сонымен қатар бір дәрігерлік амбу­лато­рияны күрделі жөндеуден өткізбекпіз. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында қызмет орны жас мамандармен толығып келеді. Сондықтан осы салада маман тапшылығы жоқ деуге әбден болады. Жыл сайын медицина қызмет­кер­лері тұрақты түрде біліктілігін арттыру курстарынан өтіп тұрады. Арыс қаласын көріктендіру жұмыстарына тоқталатын болсақ, бұрын-соңды қызметі сапасыз бағдаршамдардың орнына жаңасын орнаттық. Тозығы жеткен аялдамаларды жаңарттық. Көшелерді абаттандыру жұмыс­тары бойынша гүл егетін арнайы орындар дайындап, қазір түрлі-түсті көздің жауын алатын гүлдер жайқалып тұр. Сонымен қатар қаланы көгал­дандыру-көріктендіру жұмыстарын жандандыру үшін «Жасыл қала» мем­ле­кеттік кәсіпорны ашылды.
– Бүгінде өзектілігін жой­­маған баспана мә­селесі төңірегінде қан­дай да жаңа жұмыстар бар ма? Егер болса, нәтижесі қа­лай?
– Әрине, осы салаға басым­дық беріп, соңғы бір­неше жылда қауырт тір­ліктер тындырылып жатыр деп айта аламыз. Елбасының тапсырмасы бойынша атқа­рылып жатқан үлкен шаруа­ның бірі – Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы негізінде биыл алты үй күр­делі жөндеуден өткі­зілуде. Шаһардағы апатты жағ­дай­да тұрған екі тұрғын үйдің жобалық сметалық құ­жат­тары дайындалып, соған жергілікті бюджеттен қаржы да қарастырылып отыр. Енді тиісті жөндеу жұмыстарын бастамақпыз. Ал енді Арыс қаласын және оған қарасты елді мекен­дерді табиғи газбен қамтамасыз ету 2015-2022 жылдары жүзеге асады деп күтілуде. Тиісті құжаттарын дайындап, көгілдір отынмен өңір тұрғындарын қамтамасыз ету – кезек күттірмес міндет. Мұнан тыс қала бойынша 86 көшенің жолын жөндеу үшін жергілікті бюджеттен 3 миллион теңге қаралып отыр. Бүгінгі таңда оның жұмыс­тары да басталды. Осыған орай 13 көшеге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Күн тәртібінде тұрған күрделі мәселелердің бірі – табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қалпына келтіру жұмыстары істелінуде. Былтыр көктемгі тасқын кезінде су шайып кеткен Монтай ауылдық окру­гін­дегі үш көпірді қалпына келтіру жұмысына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, екеуіне ағымдағы жөндеу, біреуіне күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. «Қол­жетімді баспана – 2020» бағдар­ла­ма­сы бойынша Арыс қаласында «Көктем-2» ықшамауданынан 60 пәтерлі және 90 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлердің ЖСҚ-сы дайындалды. Республикалық бюджет есебінен тиісті қаржы уақытында берілсе, 2014-2015 жылдары бұл үйлер халық игілігіне беріледі деп жоспарлап отырмыз. 2015 – 2020 жылдар аралығында Арыс қаласындағы коммуналдық тұрғын үйдің санын 133-ке жеткізсек деген жоспар бар.
– Елімізде шағын және орта кәсіп­кер­лікті дамыту басты назарға алы­нуда. Мемлекет тарапынан түрлі қол­даулар – соның дәлелі. Ендеше, өңірде соның орындалу барысы қалай?
– Арыстың географиялық шарт-жағ­дайы осы мүмкіндіктерді пайдалануға сай. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша шаһар шаруашылығына 2012 жылы 202 бас ірі қара мал алынған болатын. Сөйтіп, тапсыр­маны түгелге жуық орындадық. Ал биылғы жоспар 500 бас болатын, қазіргі таңда шаруа қожалықтары құжаттарын дайындап отыр. Жалпы, мал өнімдері мен мал басы былтырғы жылмен салыс­тыр­ғанда едәуір артты. Әрине, дәстүрлі мал шаруашылығының күні қалып барады. Сондықтан мал нәсілін асылдандырып, асылтұқымды малдың санын көбейту жоспарымызда бар. Дәл қазір өңіріміздегі барлық мал басының 4,1 пайызын асылтұқымды мал құрайды. Базары қызып тұрған сойыс малын өсіру де назардан тыс қалған емес. Сондықтан мал бор­да­қы­лауды да тапсырма бойынша орындап келеміз. Биылға 500 бас мал бордақылау орындарын іске қосу тапсырмасы берілген болатын. Әзірше 150 бас мал борда­қы­лайтын орынды іске қостық. Қалғандары бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жылдың соңына дейін межені аяқтаймыз деген ойдамыз. Жалпы саны бізде 230 мыңнан астам ұсақ мал, 20 мыңға жуық ірі қара, 5,5 мыңнан астам жылқы, 1300-ден аса түйе бар. Ал егістік көлемі – 46 400 гектар. 2012 жылы 20 800 гектар жерді игерсек, биыл 22 233 гектарды игеріп отырмыз. Бұларға тамшылатып суару техно­логиясы қолданылатынын да айта кетейін.
– Білім саласы бойынша не айтасыз?
– Бүгінгі таңда білім саласы бойынша 37 мектеп, 13 балабақша бар. Енді сегіз жаңа мектеп пен бес балабақша салатын болсақ, 2016 жылы білім саласының нысандары жеткілікті болады. Облыс әкі­мінің тапсырмасына сәйкес, жас туристер мен техниктер стансысы ашылған болатын. Бұл мекеме де жұмысын жүйелі түрде жал­ғастырып жатыр.
– Жастар арасындағы қылмыспен күресті спортқа тарту арқылы сәл де болса азайтқан аудандар бар. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға, жастар­ды жақсы істерге шақыратын қандай шаралар жасап жатырсыздар?
– Спорттағы жетістіктеріміз ретінде арнайы мамандандырылған мектептер баршылық. Мәселен, бізде жасөспірімдер мектебі, бокс және футбол мектептері бар. Стадионымыз күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар үлкен спорт кешенін салмақ ойымызда бар. Құжаттары дайын. Спорт алаңшаларының да санын арттырып келеміз. Спорт саласындағы мақта­нышымыз – ауыр атлет Жазира Жап­парқұл бар. Ол күні кеше ғана Америкадағы әлем чемпионатынан күміс жүлдемен орал­ды. Бұдан басқа да бокстан, күрестен тек республикада емес, халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген спорт­шыларымыз жетерлік. Әкімдіктің өз футбол командасы бар. Өзім бастап, қаладағы барлық мекемелермен жолдас­тық кездесулер өткіземіз. Футбол ойна­ғанды өзім өте жақсы көремін. Жалпы, бізде жыл сайын өтіп тұратын ересектер арасында және жастар арасындағы екі чемпионат бар. Осындай шаралар арқылы жастар жаман әдеттерге бой алдырып кетпес үшін жұмыстар жасап жатқан жайымыз бар. Жоғарыда айтып өттім, биыл әлемдік додада чемпион атанып жүрген жерлесіміз Жазира Жаппарқұлдың атында жастар арасында ауыр атлетикадан чемпионат ұйымдастырмақпыз. Елбасы да жылдағы халыққа Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыруды айтып отырады. Сондықтан мен де жастарды осы жолға бағыттау үшін қаржы да қарастырып, спорттық шараларды жиі өткізіп тұруды және жастардың күнделікті спортпен шұғылдануына жағдай жасауды қолға алып келемін.
– Уақыт бөліп әңгімелескеніңізге көп рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста