Бизнес-жоспар кәсіптің көрігін қыздырады

Бизнес-жоспар кәсіптің көрігін қыздырады

Жуырда Ресей Премьер-министрі Владимир Путин өздеріне ұқсас елдердің бизнесті жүргізу жағдайларына назар аудару қажеттігін ұсыныпты. Ол, әсіресе, Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау шараларына ризашылығын жасырмайды. «Қазір бұл ел бизнес жағдайлары бойынша, Дүниежүзілік банктің бағалауынша, 47-ші орында, ал Ресей 120-шы орында», – дейді ол. Еліміздегі бизнес ахуалдың жылдан-жылға жақсарып келе жатқанына «Даму» кәсіпкерлікті қолдау» АҚ-ның қосқан үлесі ерекше екенін айтпауға болмайды.
Бұл қор елімізде кәсібін бастағысы келетін және бұрыннан кәсіппен шұғылда­натын кәсіпкерлерді белсенді қолдауды жалғастыруда. Осы орайда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртін­ші бағыты шеңберінде кәсіпкерліктің түрлі саласы бойынша «Даму» қоры 20 үлгі бизнес-жоспар дайындады.
Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» атты төртінші бағыты бо­йынша «Даму» қоры Экономикалық даму және сауда министрлігінің тапсырысымен кәсібін бастағысы келетіндерге, сондай-ақ бұрыннан бизнеспен шұғылданатын кәсіп­керлерге экономиканың басым салаларында өз ісін ашу үшін жәрдем көрсетуді жоспарлайды. Осыған орай кәсіпкерліктің әртүрлі салалары аясында 20 үлгі бизнес-жоспар әзірленген.
Сауатты бизнес-жоспар жақсы баста­маға кепіл болып қана қоймай, шаруаның келешектегі тұрақтылығына да әсер ете­тіні белгілі. Жұмысқа бизнес-жоспармен кірісу – бизнесті ұйымдастыруға қатыс­ты тағы қан­дай белсенді әрекеттерді қолға алу қажеттігін білдіреді. Көптеген компа­ния­лар­  жұмысты бизнес-жоспар­сыз-ақ бас­тағысы келеді. Бірақ уақыт өте, компанияны әрмен қарай дамыту қажет болған кезде, қызметті атүсті құрылым­дауға тура келеді.
«Даму» қорының корпоративтік сайты­ның «Өз ісің» бөлімінде орналастырылған бизнес-жоспар үлгілері өзекті мәліметтерге негізделген және нақты бағыт ретінде пай­далануға әбден жарамды. Сонымен қатар бизнес-жоспарда негізгі қаржылық көрсет­кіштердің есептері де көрсетілген. Оны жаңа бизнесті жоспарлауда шаблон ретінде пайдалануға болады.

«Даму» қоры бизнес-жоспар үлгілері:
– Сүтті мал тұқымын өсіретін фермалар ашу;
– Қақталған ет өндірісі цехын ашу;
– Ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашу;
– Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру;
– Көкөніс өсіретін жылыжай ашу;
– Арнайы киімдер өндірісі цехын ашу;
– Етке арналған ірі қара өсіретін фермалар құру;
– Жарма өндіру цехын ашу;
– Пластикалық терезе жасайтын цех құру;
– Металл есіктер, әйнектер жасайтын цех құру;
– Кеңсе жиһазын жасау цехын құру;
– Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қызметтерін көрсету;
– Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау қызметтерін ұсыну;
– Қонақүйлер ашу;
– Металл қалдықтарын ұнтақтау цехын құру;
– Балалар бақшаларын ашу;
– Балалар футбол клубын ашу;
– Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
– Стоматологиялық қызмет кабинетін ашу;
– Автокөшу тасымалдау қызметтерін ұсыну;


Осы бизнес-жоспарлар жайында www.damu.kz/9195 сайтынан толығырақ білуге болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста