Бизнес әліппесі: Адам ақшасыз өмір сүре ала ма?!

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Осы біз ақша табу үшін қызмет етеміз. Көп ақша табудың жолында біріміз бизнеспен айналысқымыз келеді, енді біріміз қос-қостан қызмет істегіміз келеді. Қысқасы, ақша адам өміріндегі басты құралдың біріне айналып кеткелі қай заман? Ал енді бұрындары ежелгі сауданың қалай жүргенін біз білеміз бе? Ақшаны басты құрал етіп алмаған тұста қандай сауданың түрлері дамыды? Ең қызығы, қазір де сол алғашқы қауымдастық кезіндегі сауданың біраз түрі ХХІ ғасырға қарай бейімделіп, заманауи нышанға түсіп, сол сауда арқылы шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіп иелері бар екенін біз біле бермейміз. Бүгін Алаш айнасы «Бизнес әліппесін» пайдалана отырып, «ақша адам өмірінен алыстар болса қайтер едік» деген сауалға жауап іздеп көрмек.

Айырбас саудаға бейімбіз бе?
Заманында алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылған. Мысалы, 1 балта – 5 құмыра, 1 қой – 1 қап бидай және тағы басқа....
Солтүстік халықтары тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланыпты. Жүнді ақшалау Монғолияда, Тибетте және Памирде кең көлемде таралды. Сондай-ақ Ежелгі Русьтардың, арабтар мен жазарлардың Византиямен сауда саттық жасауы барысында тері-жүн ең басты құралдардың бірі болды. Бұған қоса Юлиий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Ол тұстары бір құлдың құны үш асыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Жапонияда темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түрінде ақшалар пайдаланды. Металл ақшаның артықшылығы, ол – біркелкі, төзімді еді. Кейін металдардың арасында басты рөл алтын мен күміске өте бастады. Алтын, күміспен сауда-саттық жасауды қазақтар да іске асыра бастады. Жалпы, тарихи деректер қазақтардың айырбас саудаға бейім болғанын алға тартады.
Негізінен осы ақшаға қатысты XVI ғасырдың басында (1516ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Мор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап» деген еңбегінде: «Алдау, ұрлау, тонау кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді? Әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылатын еді. Егер ақша адам өмірінен алыстар болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді» деген екен. Міне, «ақша адам өмірінен алыстар болса талай жайсыздықтың ауылы алыстар еді» дейтін Томас Мор айырбас саудаға қазақтардың бейімделуін оң бағалап «айырбас саудаға қазақ-қырғыздардың араласа бастауы тіптен оңды. Бұл сауда түрін тереңдетеді» деген екен.
Ол аздай Томас Мор ақшаға қатысты: «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес» дейді.
Томас Мордан кейін Социал утопистері – Прудоп, Одон, Грей және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. Ал ақшаны адам өмірінен алыстатуға қатысты К.Маркс «ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (комунизмдік) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді» деген екен. Сөйтіп, Маркс айтқандай ақша бар және бола береді. Бірақ қазіргі саудада айырбас сауда деген термин де өзгерген жоқ. Айырбас сауданың түр-түрін біз қазірде заманға сай бейімдеп сауданың түр-түрін жетілдіре алдық. Қазірде айырбас сауда, кепілді сауда, жәрмеңке сауда, шетелмен сауда-саттық байланыс орнату түрі, электронды сауда түрлері жетіліп тұр. Былайынша айтқанда электронды карточкаларды пайдаланатын қауымның көпшілігі қазір будыратып қағаз ақша ұстауды азайта да бастаған. Сондықтан күні ертең қағаз ақшамен төлем жасаудың аса қажеттілігі болмайтынын да мамандар айтып қалып жүр. Демек жылдар өте келе бізге ендігісі электронды есеп шотымызды қомақты ету үшін тіршілік етуге тура келетіні көрініп тұр.
Көп тапқан емес, көп үнемдеген адам бай
Жалпы, мол ақша табуға қатысты бизнес әлемінде «көп тапқан емес, көп үнемдеген бай» деген қағида бар. Осы қағиданың астарына қарап біз қанша жерден «бай адамдар қалтырауық» деп сөккенімізбен, сол ауқаттылардың осы бір арнайы қағидаға жүгінетінін ұмытпауымыз керек тәрізді. Будыратып ақшаны тауып, «кәсіппен айналысып жүрмін түсім қайта айналып келеді» деп оны орынсыз шашудың расымен де пайда әкелмесі анық. Сондықтан әрбір кәсіп иесі тапқанын үнемдеуге тырысатыны рас. Ендеше өзіңізден ақша алыстамауы үшін, көп үнемдеп ауқаттылардың қатарына қосылуыңыз үшін мынадай жайттарды есте сақтаған абзал:
а) Бірінші ереже: байқампаз болу;
ә) Білетін затыңды ғана сатып алу;
б)Зорлықпен зат сатып алудан аулақ болу;
в) Ақша жұмсаймын деп алдын-ала жоспар құрмаған жөн. Мәселен, мен жалақы алғанда ана затты сатып аламын болмаса мына киімді сатып аламын деп жоспарлау ақшаны тек құнсыздыққа жетелейді;
д) Шығынсыз қайта сатуға болатын нәрсені ғана сатып алуға тырысу керек;
Ақшаны табудан оны сақтау қиынырақ екенін ескерсек, оны үнемдеуде мұндай ережелердің көмектесетіні даусыз.
Нарықты зерттеп отырыңыз...
Негізінен мамандар қазірде қолында қаржысы бар адамға экономика заңдарын білмеушілік қай мезетте болмасын үрей туғызатынын алға тартады. Сөз жоқ, қаржы сауатсыздығы адамның алдын буалдандырады. Алаяқтың шырмауына түсіреді. Жоғарыда Томас Мордың «ақша жүрген жерде алаяқтық қоса жүретінін» осыдан бес ғасыр бұрын айтып кеткенін ескерсек қазіргі ақпараттық технологиялық жетілген ғасырда ақшаға қатысты алаяқтық та дендей түскен. Осындайда халықтың қаржылық сауаттылығының төмен болу нәтижесі олардың көпшілігінің қолындағы қаражатты не істеу керектігін, оларды қайда инвестициялап, қалай сақтап қалуды білмейтіндігінен көрінеді. Мұндай білместік салдарынан олардың қолындағы ақша көп жағдайда алаяқтардың қолына түседі.
Сондықтан қолда бар қаржыңыз өзіңізден алыстамасын десеңіз мына бір жайттарды да жадыңызда сақтап алғаныңыз абзал:
а) Жоғары кірісті ұсынатын мәліметтерге назар аудармастан, жеке қаражатыңызды күмәнді қолға сеніп тапсырмау қажет. Шынымен тілектес тұлға сіздің тарапыңыздан қызығушылықты көрмеген жағдайда өз ұсынысын тықпалай бермейтін болады.
ә) Алаяқтар керісінше, сізді өз шырмауына түсіру мақсатында бір айтқанын он түрлі мысалдармен сипаттау арқылы артыңызға түсіп алады. Осыны ұмытпаңыз.
б) Сондай-ақ, қарыз алу немесе басқа да экзотикалық келісімшарттар арқылы қаражат табудан мүлде бас тартыңыз.
в) Одан кейінгі бір байқайтын тұсыңыз, үлкен ауқымды жобаларға қатысатынын болсаңыз, аталған жобаларға қатысты қосымша ақпараттар мен рұқсат құжаттарын талап етуді де ұмытпаңыз.
г) Нарықты үнемі зерттеп отырыңыз. Осылайша нарықты зерттеу сіздің сауатыңызды арттыра түседі. Сауатты шешімдер қабылдаған сайын табысыңыз да еселенеді.
Көненің көзі асыл деген қағида да жат емес
Нақ осы ақшаны ұқсатудың, еселеудің бір қағидасы ретінде бизнес әлеміндегі әйгілі кәсіпкер, «Баюдың жолдары» атты белгілі кітаптың авторы Герберт Н.Кэссон «Мен көненің көзі – асыл» деген қағиданы берік ұстаймын. Іске жарамсыз ескілерді пайдалануды көздеймін» дейді.
Кессонның бұл қағидасын құптайтын кәсіп иелері бізде де баршылық.
Мейрам Қабдрахманұлы, сарапшы маман:
- Ежелгі саудаға үңілсек, жеңіл өнеркәсіп өнімінің түрі сауданың айырбас түріне ыңғайлы болған. Жеңіл өнеркәсіп саудасында Қазақ-Ресей саудасы үнемі табысты болыпты. Ол кездегі қазақтардың Ресеймен сауда жасай-тын негізгі орындары шекара шебіндегі Орынбор, Троицк, Петропавл, Омбы, Семей және Өскемен бекіністері болды. Қазақтар базарға мал басымен қоса астық, жарма, кездеме маталар, шұға-мәуіті, иленген тері және металл бұйымдарын шығарып отырған. Айналымдағы ақша қазақ-тарда аз болғандықтан сауда айырбасы осы заттарды қойға айырбас-таумен орын алған.
Сауданың эквиваленттік тепе-тең балама бағалары болмаған. Мысалы, бағасы 75 тиын тұратын 18 метр кенепті бір жылқы мен өгізге айырбас жасаған жайттар да кездескен. Сондай-ақ Ресей базарына Орта Азиядан жібек, мақта-мата және шапан, кілем, төсеніш, көрпе басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар әкелінген. Десек те, сол кездің өзінде қазақ шеберлерінің тоқыған кілемдері өтімді болған деседі. Әсіресе қазақтың кілемі мен текеметі қозғалмалы айырбас саудасының көрігін қыздырып, алғаш рет тауар-ақша қатынастарын дамытқан. Қазақ текеметіне көзі түскен Орта Азия елдерінің шеберлері Ресей базарында ең алғаш текеметті 1875 жылы қолма-қол ақшаға сатып алыпты. Ондағы текеметтің бағасы 820 сом болған екен. Қазақтың көне дүниелері қазірдің өзінде кәдеге жарап жатыр. Мысалы, Алматы қаласында бірқатар жиһаз сататын дүкендер қазақтың ескі көнерген қалы кілемдерін сатып алып жатыр деген ақпаратты ұзынқұлақтан естідім. Негізінде, кез келген кәсіп иесі өзінен ақша алыстап, табысы тоқырай бастамасын десе көненің көзі асыл деген қағиданы ұстанады. Мұны Герберттің «Баюдың жолдары» кітабын оқыған кәсіп иелері жақсы біледі. Негізінде өзі «ақшаның басы» деп әмиянға көне теңгелерді салып жүру, тиындарды жинап жүру деген ырым да бар емес пе? Сондықтан әмияныңыз қомақты болса түссін десеңіз, мұндай қағидаларды да ұстанған жөн. Әрине, ақша адам өмірінен алыстар болса әрине сауда-төлем жүйесінің басқа түрі қолданысқа енері анық. Мысалы, қазір электронды төлем жүйесіне ену жиі сөз болуда. Бірақ ол сәтте де электронды әмиянды қомақты етудің қажеттілігі туындайды. Сондықтан кез келген уақытта табысыңыз еселенсін десеңіз, арнайы кәсіби ережелерге сүйенген артық етпеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста