Бесінші күн: «Инновациялар. Энергия үнемділік. Еңбек өнімділігі»

Бесінші күн: «Инновациялар. Энергия үнемділік. Еңбек өнімділігі»

«Соңғы 10 жыл барысында Қазақстанда инновациялық бағыттағы 600 идея мен жоба қолдауға ие болған». Бұл туралы Индустрияландыру апталығының «Инновациялар. Энергия үнемділік. Еңбек өнімділігі» тақырыбындағы бесінші күні аясында Индустрия және жаңа техологиялар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Инновациялар
Кеше Астанада еліміздің инновациялық да­му бойынша басты операторы – «Техно­ло­гиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-тың 10 жылдық мерейтойына орай, ар­найы баспасөз мәслихатты өтті. Өткен жыл­дар бойынша 600 идея мен жоба, оның 369-ы Президенттің индустриялдық-ин­новациялық даму бағдарламасын жү­зеге асырудың алғашқы кезеңінен бастап қолдауға ие болды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде инновациялық жүйеде жаңаша өзгерістер орын алды. «Ғы­лым туралы», «Индустриялдық-ин­но­ва­циялық қызметті қолдау туралы» жаңа заң­дар қабылданды. Оларға мемлекеттік қол­даудың жаңа құралдары бекітілді. Со­ның негізінде қабылданған шаралар арқа­сын­да инновациялық белсенді кәсіп­орын­дар үлесі 4-тен 7,6 пайызға өсті. 2009 жылмен салыстырғанда кәсіпорындардың технологиялық инновациялық шығындары бес есеге өсіп, ол 2 млрд долларды құрады. 2009 жылы жалпы сомасы 9 млрд теңгенің 179 инновациялық гранты бөлінді.
Энергия үнемділік
«Энергия үнемдеу және энергия тиім­ді­лікті арттыру туралы» Заңы мен 2011-2015 жылдарғы энергия тиімділігі бо­йын­ша кешенді жоспарды қабылдаған соң еліміздің жалпы ішкі өніміндегі энергия сы­йымдылығын 2015 жылға қарай ке­мінде 10 пайызға және 2020 жылға қарай 25 пайызға төмендету болжануда. Энергия үнем­деу саласындағы мемлекеттік сая­сатты іске асыра отырып, қазіргі күні 2,8 млрд теңгені үнемдей алдық. Мем­лекеттік энергетикалық реестрі құ­ры­лып, оған 2000-нан астам өнеркәсіптік кәсіпорын мен 28 000 мемлекеттік мекеме енді. Бас­ты 30 ірі кәсіпорын энергия аудитті жүр­гі­зу­ді жоспарлауда, ал 50 кәсіпорын энергия менеджменті жүйесін енгізіп жатыр. Елі­міздің 200-ден астам өнеркәсіптік кә­сіп­орын­дарында жаңғырту жұмысы жүр­гі­зілуде және оған 300 млрд теңгеден ас­там қа­ражат инвестиция салу жос­пар­ланған. Еңбек өнімділігі «Өнім­­­ділік – 2020» бағ­дар­ламасының не­гіз­­гі мақсаты – еңбек өнім­ділігін ұлғайту ар­қылы эко­но­ми­ка­мыз­дың басымдық бе­рілген секторларындағы өнер­кәсіптік кә­сіп­орындардың бәсекеге қабілеттілігін арт­тыру. Бұған қолдаудың әртүрлі құралдарын пай­далану арқылы қол жеткізіледі. Бір мысал. «Қазақстандық ин­дустрияны да­мыту институты» АҚ «Ин­вестициялық жо­баны әзірлеу немесе оның кешенді жос­па­рының сараптамасы төлемі» құралы ар­қылы жалпы сомасы 57,5 млн теңге 49 бағ­дарламаға қатысушыны қол­дады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста