Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жанар-жағармай бағасы өскен соң азық-түлік бағасының қаншалықты қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZтілшісі.
Министр бензин мен дизель отыны бағасының өсуі азық-түліктің бағасына соншалықты әсер етпейді деп отыр.
Әртүрлі тауарларға қатысты қымбаттау деңгейі де әртүрлі болады. Тауар неғұрлым жеңіл болған сайын, жүкті ауыстырып тиеу көбірек. Мәселен, жұмыртқа мен тауық етін алсақ, отын бағасының құны 2 пайыз, ал егер қантты алсақ – 5 пайыз, күнбағыс майын алсақ, дизель отыны 25 пайызға қымбаттаған кезде құны 700 теңге деп алсақ, 15-17 теңгеге қымбаттайды, - деп түсіндірді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Айтуынша, ірі ауылшаруашылық өндірушілердің басым көпшілігі газбен жұмыс істейді.
Сондықтан дизотынның бағасына азық-түлік құнына қатты қысым келеді деп ойламаймын. Көктемгі егіс жұмыстарына біз арзандатылған литріне 204 теңге бағамен 413 мың тонна дизотын бөлдік және бұл баға көтерілмейді, - деді министр.
Бұған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов елдегі жанар-жағармай бағасының көтерілуіне қатысты мәлімдеме жасады.