Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың банкроттығын рәсімдеуге өтініш берудің бейненұсқауын жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Бір қызығы комиеттің Телеграм-арнасындағы видеонұсқау орыс тілінде ғана мәлімет береді. Видеонұсқауда электронды цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz порталынан өтініш берудің әр қаламы нақты көрсетілген.
Бұған дейін Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 3 наурызда өтінім қабылдау басталатынын мәлімдеген еді.
«Қаржы министрлігі мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдар 3 наурыздан бастап өтінім қабылдау процедурасын толықтай дайындады. Бірден айта кетейін, жеке тұлғалардың банкроттығын жүзеге асыру мерзімі жоқ. Елімізде бұған дейін жүргізілген автокөліктерді, капиталды заңдастырумен салыстырғанда заңның («Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» - автор) кезеңі бойынша қандай да бір шектеу жоқ. Сондықтан да, қандай да бір шешім қабылданғанда, ол ақылға қонымды болуы тиіс. Мемлекет тарапынан ешқандай шектеу болмайды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.