Балабақшалардың даму тарихына қысқаша экскурсия
Баланы дамыту және тәрбиелеу заманауи қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Балалар - болашақ азаматтар, жұмысшылар, салық төлеушілер және қоғамдық өмірдің белсенді қатысушылары. Жақсы «әсер» алу үшін ресурстарға үнемі күтім қажет. Қазіргі таңда ата-аналарда баланы тәрбилеу жолынының көптеген амалдары бар. Мысалы, туыстарының көмегі, бала күтімінің қызметтері, жекеменшік және отбасылық балабақшалар, мемлекеттік мекемелер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары т.б.
Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын бағалау өте қиын, себебі ондағы балалардың білімі бірден көрінбейді, тек уақыт өте келе ғана бағалай аламыз. Мектепке дейінгі білім берудің тиімділігін бағалау үшін балаларды мектепке қабылдаудың стандарттары мен жұмыс тәртібі және қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар бар. Балалар бұл ұйымның не екенін, онда өзін қалай ұстау керектігін білмейді. Сондықтан мұнда эмоционалдық жолдан қарағанда өте қиын.
Балабақша құрылымын егжей-тегжейлі зерттеу үшін, ең алдымен оның қалай пайда болғанын, тарихын білу керек. Төменде үш вариант мысал ретінде берілген. Себебі олар XIX–XX ғасыр оқиғаларын айқындап көрсетеді. Германия, АҚШ және СССР балабақшаларының даму жолдарын қарастырамыз.
Германиядағы балабақшалардың даму тарихы
Германияда балабақшаның негізін қалаушы В. Фребель. Ол баланы тәрбиелеудегі екі маңызды мәселені анықтады, кішкентай бала үшін өмірінің мәні ол ойын ойнау және сәбилерге туыла салысымен қарым-қатынас қажет. Осы екі бағыт ойнау және басқа адамдармен қарым-қатынаста болу, балабақша құруда негіз болды. Фребель үш жастан бастап балаларға арнайы оқытушылар білім беруі тиіс және ол әйел адам болғаны жөн деді. Кішкентай балаларды тәрбиелеудегі әйел рөлі туралы ұсыныстарды ертерек Германиядағы феминистік қозғалыстар мен ұйымдарға қатысушылар әзірледі. Әйел адам тек өз балаларына емес, жалпы қауымдастыққа ана болу қажет деді.
АҚШ-тағы балабақшалардың даму тарихы
Германиядан өзгешелігі АҚШ-та балабақшаға дейін күндізгі қараудағы топтар болды. Мұндай жұмысты көбінесе өмірдің қиыншылығына тап болған әйелдер істеді. Олар балаларға қарап, тамақтандырып, жуындырып отырды.
АҚШ-та алғашқы балабақшалар 1850 жылы пайда болды. Олар Фребельдің қалдырған оқу әдістемесімен басында неміс тілінде кейін ағылшын тіліне ауысып жұмыс жасады. Ағылшынша балабақша алғаш рет Бостон қаласында 1860 жылы пайда болды. Мұндай мекемелердің негізгі мақсаты отбасылық құндылықтарды нығайту. Сондықтан балабақшалар тез әрі жақсы дамып, ал күндізгі қараудағы топтар уақыт өте келе ұмытылып кетті.
ХХ ғасыр ортасына қарай экономикаға, яғни кедей орта топтарға көңіл аударыла бастады. Балабақша алғашқы мектепке бару баспалдағына айналды. Оқушыларды мектепке дайындау үшін, балабақшалар талапты күшейте бастады. Сөйтіп олар отбасылық құндылықтар үшін деген бастапқы бағытынан ауытқыды. Мемлекет бастапқыда жәй ғана қолдап отырған. Кейін балабақшалар дамуына байланысты, жұмысқа ресми талаптар қоя бастады. Баланың жасы қаншада болу керек, оларға қандай бағдарламалар жүргізу керек деген сияқты.
Ресейдегі балабақшалардың даму тарихы
ХІХ ғасыр басында Ресейде балаларды тек шіркеуде немесе қайырымдылық ұйымдарда ғана оқытты. 1760 жылы Мәскеу қаласында алғашқы жеке балабақшалар ашыла бастады. 1872 жылы Фербельдің қоғамы пайда болып, Еуропалық тәрбиелеу жолына көшті.
Кейін жекемен қоса қоғамдық балабақшалар да ашыла бастады. Олар жағдайы төмен ортаға арналған. Енді балабақшалардың міндеті мектепке дайындау, яғни ойынды немесе белгілі бір жұмысты үйрету емес, оқу, жазуды үйрету болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде аналар өндіріске жұмысқа тартылып, балалар қараусыз қалды. Сонда «жанұя» деген мекеме пайда болды. Олардың міндеті балаларды тамақтандыру, көшеге шығармай қарап отыру. Ал тәрбиелеу жұмыстары қарастырылмады. Балабақшалардың мақсаты қамқорлық жасау, өзін-өзі қамтамасыз етуге үйрету, мектепке дайындық және ата-аналардың уақытын алмау болды. Бұл мақсат мемлекетке жүктелген. Бастапқы мектептерде балалардың мінезі әлі толық қалыптаспаған. Сол себепті мұғалімдер балалардың мінез-құлқына бейімделе отырып, олардың ой-өрісін жетілдіре алады. Мұнда жұмыс істеудің белгілі бір ережелері бар, қызметкерлерге қойылатын талаптар, формализация, міндеттерді бөлу деген сияқты. Сонымен қатар, білім беру және тәрбиелеу шығармашылық процесс болғандықтан, әр балаға жеке көзқарас тәсілін табу керек. Оқытушылар өздерінің нақты сезімдерін емес, олардан жұмыс орынында қандай сезімді күтеді, соны білдіру керек. Сондықтан балалардың тәрбиесімен айналысу үлкен эмоционалдық жұмыстарды талап етеді. Тыңдай білу қабілеті, жақсы қарым-қатынаста болу, өзінің жеке өмірін байланыстырмау деген сияқты.
Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы,
Оразбекқызы Гүлбақыт.
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ
Қаржы және технология мектебі