"Автосалондар көліктің ішіндегі төсенішіне дейін сатып алуға міндеттеуде": Қазақстандықтар жаңа автокөлік сатып алу қиындап кеткенін айтып шағымданды

"Автосалондар көліктің ішіндегі төсенішіне дейін сатып алуға міндеттеуде": Қазақстандықтар жаңа автокөлік сатып алу қиындап кеткенін айтып шағымданды

Бүгінде Қазақстандағы авто салондарда су жаңа темір тұлпар табу қиынға соғуда. Тұрғындардың сөзінше, олар көлікке тапсырыс беріп, 2-3 айлап күтуге мәжбүр. Бұған қоса, келісімшартқа мұқият болмаса, көлік құны жеткізілгенше аспандап кетеді. Бағадан бөлек, енді жаңа авто алғысы келетіндерге көлікке қажетті жабдықтарды қоса сатып алу міндеттеуде. Осылайша, сұраныс артқан сайын автосалондар өздерінің талаптарын мәжбүрлі түрде орындатып жатыр екен. Бұл туралы 31 арнаның “Информбюро”  бағдарламасы хабарлайды.

Ескі-құсқы көлік алсаң, машақаты көп деген алматылық Бақытбек Тұрдығұлов жаңа темір тұлпарды автосалоннан алу үшін тұп-тура екі ай уақыт күтіпті. Сорақысы, Қазақстанда құрастырылатын көліктің бағасы екі айдың ішінде қымбаттап та үлгерген. 

“Осыдан 2-3 ай бұрын 5 миллион 590 болған. Қазір енді қосалқы бөлшектерімен бірге 6 миллион 130 теңгеге бір-ақ жетті. Бұл жерде шумовибрация изоляцияны 260 мың теңге, автосигнализацияны 160 мың қоса сатып алуға мәжбүр боласың. Әрине, бұлар қымбат енді. Егер бұл салоннан алмай, басқа жатқан салдыртсам кішкене арзандау болатын еді”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Бақытбек Тұрдығұлов. 

 
Осылайша автосалондар көліктің ішіндегі төсенішіне дейін сатып алуға міндеттеуге көшіпті. Егер 6 миллион теңгенің көлігін алсаңыз, қосымша жабдықтың құны 542 мың болады екен. Сәйкесінше, несие сомасы еселеніп, оны 20 пайыздық үстемемен рәсімдеуге тура келеді. Бас тартсаңыз, онсызда ұзақ күткен көліктен әп-сәтте айырыласыз. 


Сарапшы: Еуропада суға батқан көліктер Қазақстанға күзде жеткізіледі

Қазақстанда көлік сақтандыруды қайдан және қанша теңгеге рәсімдеуге болады

Мамандар елімізде құрастырылатын көліктердің қосалқы бөлшектері де, жаңа темір тұлпаралар да былтыр наурызда шекарада тұрып қалды дейді. Содан бері тауардың 2-3 айға кеш жеткізіліп жатқанын айтады. Пандемияның кезінде сұраныс та күрт артып, былтыр 97 мың автокөлік сатылыпты. Ал осы жылдың 7 айында 66 мыңнан астам темір тұлпар өтіп кеткен. Көлік шығаратын зауыттар автомобильді жинап үлгергендерімен, көліктің электронды басқару жүйесіне қажет микро чиптерді шығаратын әлемде бірнеше кәсіпорын жабылыпты. Ал бір көлікке кемі 40-қа жуық микрочип қажет екен. Бірақ, мұны шығаратын кәсіпорындар ең алдымен бұл құрылғыны электронды тауарларға деп өндіреді. Яғни, автокөлік саласының күтуден басқа амалы жоқ. Бұдан бөлек, көліктердің дер кезінде автосалондарға жетпей жатқанына контейнерлердің жетіспеушілігі себеп. 

“Бірінішіден, Еуропа мен Азия арасындағы сауда-саттық балансының бұзылуы. Ол өз кезегінде контейнерлер жетіспеушілігіне алып келді. Сонымен бірге, контейнерлердің құрылысы да, өндірісі де азайды. Ол контейлерлердің құрылысына қажетті болат пен өзге де материалдардың жетіспеушілігі әкеліп соқтырды. Үшіншіден, әлемдік сауда порттарында, теңіз порттарында кептеліске алып келді”, – дейді Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының стратегиялық даму жөніндегі директоры Дархан Айдаулов.  

Мәселен, қазіргі уақытта Қытайдан маусым айында тапсырылған контейнерлер Қазақстан мен Ресейге енді жіберілуде. Яғни, тауарды қабылдап алу үшін кемі 2-3 ай уақыт күту керек. Көліктен басқа, контейнермен тасымалданатын барлық тауар шекарада тұралап тұр. Қазақстанға Үндістан, АҚШ, Қытай, Жапон мен Оңтүстік Корей елінен тауарлар кешігіп жеткізіліп жатыр. Ал бұл тасымалдау бағасын шарықтатып барады.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста