Ауылдағы малдың қай тұқымнан екенін ешкім дөп басып айта алмайды

Қазақстанда қой тұқымының 15 түрі бар. Ресми деректерге қарағанда, еліміз бойынша қой саны 19 миллионға жуық. Соның 68 пайызы жекенің қолында, ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы үлесі 5 пайыздай, ал шаруа қожалықтарындағы үлес – 27 пайыз. Яғни әр қазақстандыққа шаққанда шамамен бір қойдан сәл ғана көбірек келеді екен.
«Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір» дейтін қазаққа бұл қарын ашты­ратын көрсеткіш екені айтпаса да түсінікті. Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Батыс Қазақстанда 2,5 миллиондай қой бол­­са, қазір ол көрсеткіш жарты милионға дейін түсіп кеткен. Облыста қойдың етті-май­лы еділбай, етті-жүнді ақжайық және вол­гоград тұқымдары өсіріледі. Басым бөлігі жекенің қолында болғандықтан, оның тұқымын жақсарту, терісі мен жүнін кә­деге асыру керемет жолға қойылған деп айта алмайсыз. Сондықтан биылғы Елбасы Жолдауында қой шаруашылығын дамытуға баса маңыз берілді. Енді арнайы кешенді бағдарлама қабылданса, Шопаната таяғын ұс­тағысы келетіндер ел ішінде аз емес. «Ең ал­дымен қолда бар түліктің сапалық құра­мы­­на мән беру керек» дейді мамандар. Отар­­дағы саулықтың саны 70 пайыздан тө­мен болмаса ғана ол пайда әкеле бастай­ды.
Қозыны 4-4,5 айда, яғни бір жастан асыр­май бордақылап, етке тапсырған дұрыс. Себебі жыл ауса кеткен шығын өтел­мейді. Мұндай етті әлемде қозы еті емес, жас қой еті деп бағалайды. Оның құра­мында холестерин болмайды. Мы­са­лы, еділбай қойының қозысы небәрі төрт айда 38-40 келіге дейін салмақ тартып, таза 18-20 келі ет береді.
Балуаш ТРАИСОВ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ проректоры:
– Қазір жүнге сұраныс аз. Киімнің көбі синтетикалық материалдан тігіледі, құрамында жүн болса, тек 15-25 пайыз­ды құрайды. Жүнді кезінде ең көп өндіретін елдер Австралия мен Жаңа Зеландия болатын. Оларда 180 мил­лион қой болса, қазір соның жар­тысы ғана қалды. Дүниежүзіндегі үрдіс етті мал өсіруге ауды. Басқа елдерде мал өсірушілерге «мынадай тұқымды мал өсіресің» деген заңды талап қойы­лады. Бізде олай емес. Ауылдағы мал­дың қай тұқымнан екенін ешкім дөп ба­сып айта алмайды. Міне, мәселенің осы жағы ескеріліп, жоспар болса дей­міз.

Сосын қойды қолдан ұрықтандыру тәсіліне жаппай көшу – заман талабы. Малдәрігерлік қызметті қатар жүргіз­бе­се де, іс оңға баспайды. Малды жайы­­лымдарға айдап апарып, бағу әдісін қайта қолға алу қажет. Бұрын шопандар шаруашылық орталығынан 13-15 шақы­рым жерде тұратын. Қойды көк­темде қыстақтан 6-8 шақырымға айдатып көшіретін. Мал 4,5 айдай сол жерде жайылып, қысқа екі ай қал­ғанда кері көшіп келеді де, содан жерге қар түскенше қыстақ маңында бағы­лады. Бұлай бағу оның қоң­да­нуы­на, күйінің көтерілуіне әсер етеді. Қазір үлкен шаруашылықтар бір жерде табан­дап отырып алып, жайылымдарды тоздырып жатыр. Жайылым ауыспаса, шұрайлы алқаптар шөп шықпайтын қу тақырға айналуы ғажап емес.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста