Заңгер, құқық қорғаушы Жангелді Сүлейменов Еуропалық Одақ (ЕО) елдері арасындағы әуе рейсі Қазақстан қалаларымен салыстырғанда арзанырақ екенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Мысалы Австриядан арнайы жеңілдіктер арқылы Испанияға, Францияға, Италияға және Швецияға белгілі бір күндерде 6 мың теңгеге ұшу билетін алуға болады. Бұл ретте Еуропадағы жалақы орташа есеппен 2000 еуроны (1 миллион теңге) құрайды. Яғни бұндай жалақымен 160 билет сатып алуға болады. Бізде Алматы–Астана бағытындағы билет құны шамамен 50 мың теңге тұрады. Бұл біздегі ел ішіндегі арасы жақын орналасқан қалалар арасындағы әуе билеттерінің бағасының Еуропадағыдан тоғыз есеге қымбат екенін көрсетеді", - дейді Сүлейменов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Заңгер, мысалы ретінде 250 мың теңге қазақстандық жалақыға бес билет қана алуға болатынын айтты.
"Еуропада бір айлық жалақыға 160 халықаралық билетті сатып алуға болады. Ал бізде айлығымыз ішкі рейстегі бес билетке ғана жетеді. 160/5 32 есеге тең! Біз 32 есе нашар өмір сүреміз!",- деп өкпесін жеткізді Сүлейменов.
Ол сондай-ақ Қазақстанда ұшақтарға жанармай құюға арналған өз мұнайы бар екенін айта келе бұл мселеге кімнің кінәлі екенін, кімнің шешетінін сұрады.