Арақ-шарапты мол өндіретін Қазақстан қымыз өндірісін өрістете ала ма?

«Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз» деп, Жамбыл жәкем жырға қосқан осы бір қасиетті сусынның бүгінгі қазақ қадыр-қасиетін қаншалықты түсініп жүр. Қыруар химиялық қоспасы бар түрлі сұйықтыққа жаны құмар қазіргінің қазағы қымызды экзотикалық сусын деп қана қабылдайтын сияқты. Әйтпесе, оның емдік, дәрілік қасиеттерінің қаншалықты адам ағзасына орасан пайда әкелетінің бұрынғы өткен бабаларымыз да айтып, жазып қалдырған. Заманауи медицина да мұны әлдеқашан дәлелдеген. 

Таңдайыңды жібітіп, дәмі тіл үйірер, күш-қуатыңды тасытып, жаныңды сергітер бал қымызды жырға қоспаған ақын кемде кем. Осы тұста көрнекті ақын Жүрсін Ерман ағамыздың «Ұлытаудың қымызы» атты сергек жыры ойға оралады:

Біз үшін атамыздың асы – қымыз,
Қымызбен алшы түсер асығымыз.
Сусынын махаббаттың қанып іш деп
Қолынан қымыз құйсын ғашығымыз.


Бал дәмі таңғалтады, толғантады,
Толтырып тостағанды қолға ал тағы.
Қымызбен қоса жұтқың келеді екен
Қымсынып қымыз берген сол қалқаны.


Қымыз құй!
Қымыз ішсем – бапқа келем,
Қымыздан артық қазақ таппаған ем.
Атамның асын ішсем, желік буып,
Аузымнан ақтарылар қап-қап өлең.


Шөлінен шығып едім сағыныштың,
Қымызын Ұлытаудың қанып іштім.
Аңқаңды алқағанда аппақ сусын
Басылар алаулаған жалыны іштің.


Қадірін қайдан білсін жоқ үлгінің,
Торсықты тосырқайды көп ұл бүгін.
Баптаулы бал қымыздан аңқып тұрар
Түтінін аңсадым-ау тобылғының.


Телміртпей тостағанға, қымызды бер,
Қымызға қазақтай боп кім үздігер.
Мен нағыз қазақпын ба, басқамын ба –
Қызығып жұтқанымда қымыз білер.


Болсын деп үйір-үйір жылқым аман
Көңілім Қамбар ата жұртына алаң.
Балшықтай ұлдарымды баули берсін
Жарықтық жусан исі бұрқыраған.


Шешемнің шелек шайып, іс қылғаны,
Тері мес, жез самауыр, мыс құмғаны.
Елестей көлбеңдейді көз алдымда
Татыса таңдайыма ыстың дәмі.


Қапысыз қадірлесең қонағыңды,
Қарағым, қылтыңдатпа коньягіңді.
Сарқып құй сабадағы сусыныңды,
Жібітсін жыбырлаған тамағымды!

Ресми деректерге сүйенсек, қымызды төл сусынымыз деп кеуде керіп жүрген біздің елімізде арақ-шарап өнімдерін шығару барынша жойылған қойылған.. Өйткені қоғамда ащы суға сұраныс көп болғандықтан көк мойын шөлмектер саудасы қыза түсіп, сыраханалардың дәуірі жүріп тұр. Еліміз бүгінде алкоголь өнімдерінің кейбір түрін тіпті экспортқа да жібереді. Ал, атадан қалған ағарған қымыз өндірісі елімізде әлі де болса дұрыс жолға қойылмаған. Сондықтан, бізге заманға сай технологияларды қолдана отырып қымыз өндірісі мен жалпы ұлттық сусындар индустриясын қалыптастырып, дамытуымыз қажет. Осы орайда, арақ-шарапты мол өндіретін Қазақстан қымыз өндірісін өрістете ала ма деген заңды сұрақ туындайды. Себебі, бізде ұлттық сусынға деген сұраныс төмен. Оны көтеру үшін бізге «қымыз ішу культін» қалыптастыру қажет-ақ.
Бұл ретте ғалымдар мен кәсіпкерлерге артар жүк ауыр болмақ. Көпті толғандырып жүрген осы мәселелер төңірегіндегі әңгімелер бүгінгі күні билік басынан бастап жиі айтыла бастағаны да көп жайттан үміттендіретіні анық.
Қалай болған күнде де, әрнәрсенгі ақылдасып, бірлесіп, өзгемен тәжірибе алмасып жүзеге асырған жөн. Осы орайда, ертең, 27 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Қымыз-2014» атты екінші Республикалық форум ашылмақ. Қымызға қатысты қордаланған мәселелерді қаузайтын жиынға Қазақстанмен қатар Түркия, Ресей, Қытай, Монголия, Қырғызстан, Алмания және Франция мемлекеттерінен ғалымдар қатыспақ. Форум Қазақстанға еңбегі сіңген белгілі ғалым - ипполог, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор К.И.Дүйсенбаевтың 75 жылдығына арналған. Форумның негізгі мақсаты - жылқы шаруашылығы саласын әрі қарай дамыту мақсатында мемлекеттік құрылымдардың, оқу орындарының, ғылыми мекемелер мен жылқы шаруашылықтарының және қымыз өнімдерін өндейтін өндірістердің жұмысына серпін беру, қымыз өндіру мен өңдеу ісін ғылыми бағытта өркендету жолдарын талқыға салу.
Қазақ, орыс және ағылшын тілінде жүргізілетін форумды ұйымдастырушы қазақ ұлттық аграрлық университетіне еліміздің Мәдениет және спорт, Ауылшаруашылығы министрліктері қолдау көрсетіп отыр. Форум барысында отандық қымыз өндірушілер өз өнімдерін ұсынып, арнайы көрме ұйымдастырылады.
Тек, ойға алған іс, ақылдасқан шаруа мінбелерде айтылған күйінде, қатталған құжат түрінде қалып қоймаса екен деп тілейміз.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста