Аралдықтардың Поволжье халқына 24 вагон балық жөнелткені рас па?

Аралдықтардың Поволжье халқына 24 вагон балық жөнелткені рас па?

Жолсапармен Арал ауданының Бөген ауылына келдік. Ілгеріде теңіз тап түбінде орын тепкен елді мекен екен. Оны тарихтан бәріміз жақсы білеміз. Сол балық аулау кәсібімен атағы шыққан. Абыройға кенелген. Аралдың айдыны шалқыған тұста бұл ауыл алыс-жақынға балық шаруашылығымен әйгілі болған. Біз бұл жайында оқып өстік. Мектеп оқулығында да бар. Сол оқулықта 1924 жылы Арал балықшыларының Поволжье халқына 24 вагон балық жөнелткені айтылады. Ауылға аяқ басқан тұсымызда жадымызда жатталған сол бір деректің тағы бір мәрте ойымызға орала кеткені рас. Заман ауысып, кешегі кейбір оқиғаға өзгеше көзқараспен қарайтын болық емес пе? Дегенмен, ауылдағы ағайынның ақеділ пейілінің арқасында күн-түн деместен балық аулап, оны бір жерге жинап, аштықтан қырылғалы жатқан Поволжье халқына жібергендігі жөнінде өзгеше пікір айту әбестік болар. Елдің арасы емес пе, бүгінгі таңда тоқсан жыл толған сол бір оқиғаға күмән келтіріп, оны болмаған деп тон пішетін адамдар да кездеседі. Алайда, қолдағы кейбір деректер ол оқиғаның болғандығын дәлелдеп отыр. Рас, сол бір кезеңде өмір сүріп, оқиғаға қатысқан азаматтардың барлығы бүгінгі күні жоқ. Соған қарамастан тарихтың қалың қатпарында қалған сол оқиға ерлікке, өрлікке, еңбекқорлыққа, жанашырлыққа бас иетін ұрпақтың жадында мәңгі сақталары сөзсіз. Шындығында, Арал балықшыларының Поволжьеге балық аулауы қалай өрбіп еді?
Бұл жайында аралдық байырғы журналист Жұмабай Жақып біршама зерттеулер жүргізген. Ол кісі «Соңғы уақытта бүгінгі ұрпақ өкілдері арасында Арал балықшыларының айтулы еңбегіне сенімсіздік білдірушілер бірлі-жарым болса да бой көрсетіп жүр. Соның мысалы, бір алқалы топта белгілі бір азаматымыз «Аралдың аштыққа ұшыраған Волга бойы халқына 14 вагон балық жөнелткені шындыққа жанаспайды. Болса үш-төрт вагон ғана жіберген шығар. Өйткені, бұл жайлы нақты мәлімет жоқ» дегені бар. Ойланып қалдық. Ортамызға от тастағандай болды. Сонда біздің аталарымыздың «Ресейге 14 вагон балық жөнелттік» деп әлемге жар салғаны жалған болғаны ма? Әлде біз олардың адал ісінен жалғандық іздеп адасып жүрміз бе?» деген еді бізбен әңгімесінде.
Арал ауданы аумағына жол тартып, жолаушылар пойызымен Қамыстыбас бекетінен өтсеңіз темір жолдың жиегіндегі қызыл сырмен сырланған, төбесі жабық еңселі жүк тиеу – түсіру алаңын көресіз. Мұны теміржолшылар тілімен пакгауз деп атайды. Темір жол тартылғанда онымен бірге бой көтерген осы бекеттегі тарихи орынның бірі. Ресейдің Волга бойы еліне жөнелтілген Аралдың 14 вагон балығы осы жерден тиелген-ді. Бұл кезде Арал халқының да асып-тасып бара жатқан ештеңесі жоқ еді. Әйтеуір күнкөрісі балық болған соң одан кенде емес. Темір жол қатынасы қалыпқа келіп, балық алушы орыс саудагерлері молайып, сауда-саттық дамып, ел енді ғана есін жиып, еңсе көтеріп келе жатқан шақ болатын.
Арал балықшылары Ресейге 14 вагон балықты бостан-босқа жөнелткен жоқ. Бұл да тарихи оқиға. 1921 жылы бүкіл Ресейдің Поволжье өлкесі, Пермь губерниясына дейінгі барлық жерде қуаңшылық пайда болып, егін мен шөп түгелдей күйіп кетті. Соның салдарынан бұл өңірдегі мал қырылып жатты. Мал мен егіннен қол үзген Волга бойындағы миллиондаған адам аштыққа ұшырады.
Осы уақытта Халық Комиссиялар Советінің Председателі В.И.Ленин Арал балықшыларына арнап хат жолдады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін үзінді келтірейік. Бұл шындық па, шындық. Осының өзін кейбір азаматтар «Лениннің Арал балықшыларына арнаған хаты оның еңбектерінде жоқ. Сондықтан бұл негізсіз» деп дәйексіздік танытады. Егер сенбесеңіздер В.И.Ленин шығармаларын атап көрсеттік, алып оқыңыздар демекпіз.
Жұмабай ағамыздың айтуынша, бөгендік қарт балықшы, зейнеткер Дүйсен Пірекешовпен жүздесуінде біраз жайға қаныққанын айтады. Ол кісіге қарт балықшы «Бізге Лениннің хатын бір қарт кісі келіп таныстырды. Сөзінің соңында «Жолдастар, Ленин бізге арнап хат жолдап, көмек сұрап отыр екен, бар балығымызды ашыққан Поволжье халқына жөнелтіп, көмек беруіміз керек» деді. Мен онда жас едім. Сол кезде біреу түртіп қалды. Қарасам Петька деген саудагер орыс жігіті екен, ол бізден балық сатып алатын. Егер біз балығымызды Ресейге жөнелтсек, оның құр қалатын түрі бар. Және біз одан азық-түлік алатынбыз. Ол бүгін қос басына ұн, шәй-шекерін әкеліп те қойыпты. Қарт сөзіне балықшылардың бәрі қосылды. Бүгінгі аулағанымызды, кейін үш жеті аулаған балығымызды да бәрін жинап, шетінен Қамыстыбас стансасына қарай түйе керуенімен жөнелтіп жатты. Сол түйе керуенінің бірнешеуін мен де жетектедім. Жолда керуеншілерге әр жерде тамақ пісірулі тұрады, содан тамақтанып алып тоқтаусыз ілгері кетеміз. Осылай тасыдық қой» деп еске алғаны бар.
Ал, зейнеткер Есжан Шөкеевтің «Лениннің хатына жауап ретінде күн-түн демей балық аулау басталды. Шаршау дегенді білмейміз. Шамалы күннің ішінде 9 мың пұт балық аулап өткіздік», - дегені бар. «Мен ол кезде 14-15 жаста едім. Әлі күнге көз алдымда, Теміржолдың бойында бұрын-соңды болмаған балық үйілді. Түйе шанамен балық тасыған керуенде есеп жоқ. Алды пакгаузға келгенде соңы Қамбаш көлінде жататын. Вагон-вагон балық тиеліп, жөнелтілген ол бір сұрапыл жұмыс болды ғой» деп еске алады қамыстыбастық қарт теміржолшы Мақсұт Медетияров.
Халық Комиссарлары Советінің Председателі В.И.Лениннің Арал балықшыларына хаты 1921 жылдың 7 қазанында жолданды. Осы хат келу бойына Арал балықшылары ауланған балықтың бәрін Поволжьедегі аштыққа ұшыраған халыққа көмекке арнады. Көз көрген ақсақалдардың айтқанындай, Ресейге жөнелтілген балықтар Қамыстыбас бекетінде дайындалып, вагондарға тиелді. Бұл іс сол жылғы 25 желтоқсанға дейін жалғасты. Осы күні соңғы вагондар жөнелтілді. Яғни, бас-аяғы 75-80 күннің ішінде ашыққан халыққа 14 вагон Аралдың балығы жөнелтілді.
Осыған орай 1921 жылдың 25 желтоқсанында Халық Комиссарлары Советінің Председателі В.И.Ленин жолдасқа Арал депутаттары кеңесінің төрағасы Т.Медетбаев «Арал бассейнінің балықшылары 14 вагон шикі балық жөнелтті. Бөген балықшылары ерекше белсенділік көрсетті» деген мазмұнда жеделхат жолдады. Осыдан соң В.И.Ленин де Арал балықшыларына ерекше ден қойып, бұл жақта балық кәсіпшілігін дамытуды маңызды деп санайды. Соның айғағындай «Крицман жолдасқа. Аралдың 6 кеме жөндеу шеберханасы үшін «Персенс» системалы 2 және «Артур Каппел» системалы 4 экскаваторға, токарьлық және фрезерлік станоктарға берген Туркрыбаның тапсырмасын 24 сағаттың ішінде қарауды тапсырамын. Туркрыбаның жұмысы табысты болуының өте-мөте маңызы бар екендігіне Сіздің назарыңызды аударамын. Туркрыбаның өкілі Сафонов жолдасты шақыру қажет.
Еңбек және қорғаныс Кеңесінің төрағасы В.И.Ульянов (Ленин)» деген құнды құжат өмірге келді. Бұл да Лениннің толық шығармалар жинағында бар. Нәтижесінде көп кешікпей Арал кеме жөндеу шеберханасына аталған екі станок та келіп жетті. Сол бір кезеңнің көзіндей, өткен тарихымыздың өзіндей көрінетін сол станок бүгінде бұрынғы кеме жөндеу зауытының ауласындағы қасиетті тұғырда тұр. Біле білгенге ұлы көсем В.И.Ленин мен Арал балықшыларының байланысы осылай туындап, тарихта осылай қалған.
«Осы төңірегінде кезінде Арал аудандық партия комитетінің меңгерушісі болып қызмет атқарған, құрметті зейнеткер, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағи Абатов ақсақалмен әңгімелестім. Шындықты айттым. Осы күні кейбір азаматтарымыздың Аралдың 14 вагон балық жөнелткеніне сенімсіздік туғызатынын, ол жайлы нақты құжаттардың жоқтығын алға тартатындығын түсіндірдім» дейді Ж.Жақып ағамыз. Жүздесу барысында С,Абатов «Оның рас. Мұндай әңгіме біздің кезімізде де болды. Әсіресе, Лениннің туғанына 100 жыл толу мерекесі қарсаңындағы ауданның әзірлігі кезінде де кездесті. Мен ол уақытта үгіт-насихат бөлімін басқаратынмын. Шынында да Аралдың 14 вагон балық жөнелткендігі жөнінде біздің қолымызда нақты құжат жоқ еді. Бірақ, сол кездегі Арал депутаттары кеңесінің төрағасы Төлеген Медетбаевтың Ленинге жіберген жеделхаты бізді көп ойға жетелейтін. Осыған орай тиісті орындарға сауал жолдадық. Көп ұзамай жауап та келді. Медетбаевтың Ленинге жолдаған жеделхаты Орталық Комитет мұрағатынан табылды. Қуанып кеттік. Дереу жеделхаттың бекітіп берген көшірмесін алдырттық. Дегенмен, «білгіштердің» айтуынша құжаттарымыз әлі де кем. Айталық, енді теміржолдың құжаттары жоқ. Елу жылдан кейін оны табу мүмкін де емес еді. Обкоммен ақылдастық. «Лениннің Арал балықшыларына хаты бар. Сол балықты өз қолдарымен аулап, тиеген куәгер көзі тірі балықшылар бар. 14 вагон балық жөнелтілгендігі жөнінде Ленинге жолданған телеграмма бар, енді не керек? Ешкім де тарихты өзгерте алмайды. Іс осымен бітті, әзірліктеріңді жүргізе беріңдер» деді обком басшысы. Сонымен іске кірістік. Лениннің Арал балықшыларына хатын мрамор тақтаға жаздыру үшін қалалық коммуналдық шаруашылық мекемесінің директоры Нәйеш Асанбаевты Ленинградқа іссапарға жібердік. Алты айда істелетін жұмысты үш айда бітіріп келді. Жалпы құны сол кездегі 7200 сом құрады. Мрамор тақтаны Лениннің 100 жылдық мерекесі қарсаңында алаңға орнатып үлгерді. Деп құнды мәліметтер берген. .
Біз қолдағы құжаттарға сенбесек, не көзі тірі адамдарға иланып, олардың сөзіне тұрмасақ, сонда кімге, неге сенеміз?
Бұл ретте мына мәселелерге де назар аударған жөн. Көз көрген ақсақалдардың айтуынша, 14 вагон балық бірден емес, бөліп-бөліп үш-төрт вагоннан жөнелтіліп тұрған. Өйткені, сол уақытта қыс қатты болған еді деседі. Сонау теңіздің қолтығындағы Бөген, Қаратереңнен Қамыстыбас бекетіне түйе шанамен балық тасу оңай болмаған. Тағы бір назар аударатын мәселе, ол кездегі вагондардың ең үлкені 20 тонналық, одан кейінгілері 15-10 тонналық болған. Аязда қатқан балық вагонға көп сия да бермейді. Сонда 14 вагон балық 20 тонналық вагонмен есептегенде 280 тонна. Ол кезде көл, теңізде су емес, балық ағып жатқан шақ еді дейді. Яғни, балық қоры мол болған. 1970 жылы ауданда ауланған балық 950 тонна болса, бұл одан үш есе аз. Бір кездері Райым балық колхозының бір жылымының өзінен бір тартымда 60 тонна балық шыққаны шындық. Бұл жөнінде «Правда» газеті де мақтанышпен материал жариялады. Ең төменгі көрсеткішке келсек, әр тартымда 10-15 тонна балық шыққанда, 280 тонна балығың 20-30-дай жылымның жүгі ғана. Ал, ол кездері елудің үстінде жылым болған. Айтайық дегеніміз, ол уақыттары балық қорынан күмәндануға ешқандай негіз жоқ.
Біз кейде жөнсіз әңгіме жетегіне еріп, елдің, халықтың өміріндегі кейбір оқиғаға өзгеше пікір қалыптастыруға тырысамыз. Дегенмен, сол оқиғаны көзі көрген адамдар мен тарихи деректер барлығын тайға таңба басқандай көрсетіп отыр емес пе? Қалай десек те, сол оқиға арқылы қайсыбір кезеңдегі балықшылардың жанкешті еңбегін жоғары бағалауымыз тиіс. Бүгінгі таңда теңіз айдыны да бұрынғыдай шалқып жатқан жоқ. Десе де оның бір бөлігін сақтап қалу жобасы қолға алынды. Тіршілігі теңізбен қабысқан елдің базарлы өмірі қайта оралады деген үкілі үміт жағалаудағы жұрттың жүрек түкпірінен орын алған...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста