Ақшаны қалай үнемдеу керек?

Ақшаны қалай үнемдеу керек?

Әрбір адам өмірде бай, бақуатты болғысы келетіні анық. Алайда мұндай үлкен жетістік жайлы армандамас бұрын қаржыға қатысты бірнеше қағидаларды білген жөн. Соның бірі – ақша үнемдеу. Ендеше назарларыңызға қаражатты жеткізуге қатысты бірнеше кеңес ұсынамыз.

 1. Мақсат қойыңыз

Ең алдымен, ақша не үшін жинағыңыз келетінін еске түсіріңіз. Сіздің жаныңыз өзге елдерге барып, жаңа эмоция алуды қалайтын шығар? Әлде мүмкін көлік алуды армандап жүрген шығарсыз? Яғни, нақты мақсатыңызды анықтаңыз. Сонда ғана артық тиынды алып қою үшін мотивация табасыз.

2. Қарныңыз аш кезде дүкенге бармаңыз

Кейде жұмыстан кейін дүкенге барған кезде барлық тағамды жегіміз келіп тұратыны бар. Жаңа піскен тоқаштар мен тәтті бәліштердің иісінен еріксіз сатып алғыңыз келіп кетеді. Алайда бюджетіңізді үнемдегіңіз келсе, мұндай қалауларды дер кезінде тоқтата білген дұрыс. Тек керегіне ғана қаражат жұмсағаныңыз абзал.

3. Жаман әдеттерден бас тартыңыз

Кей адамдар керексіз дүниелер үшін қаражатын құртып жүргенін білмеуі де мүмкін. Нақтырақ айтсақ, темекі шегіп, сыра ішетін жандар өзгелерге қарағанда артық ақша жұмсайды. Ал осы көзге көріне бермейтін тиын-тебендерді жинасаңыз, қанша соманың басын құрайтынын ойлаңызшы?! Ендеше денсаулыққа зиянды заттардан бүгіннен бастап тыйылуға кеңес береміз.

4. Кафеге жиі барудан бас тартыңыз

Біз кейде жұмыс арасында дәмді десерт жеп, бір шыны кофе ішу үшін жақын маңдағы кофеханаларға барамыз. Түскі асты да үнемі сырттан ішетіндердің қарасы көп. Алайда кафеде тамақ дүкенге қарағанда әлдеқайда қымбат екенін ұмытпаңыз. Сондықтан үзілісте ішетін тамағыңызды үйден алдын ала дайындап барған жөн

5. Сатып алар затыңыздың тізімін жасаңыз

Біз дүкенде аш болғандықтан ғана емес, не қалайтынымызды нақты білмеген кезде де артық ақы төлейміз. Олай болмас үшін алдын ала үйге қандай тауарлар қажет екенін ойланыңыз. Ақшаны ысырап ететін дүниеден осылайша бас тартуға болады.

bugin.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста