Ақша жинауға көмектесетін 10 кеңес

Көлік. Үй. Саяхат. Барлығы да тек қаржылық сауат арқылы келетін мүмкіндіктер. Қаржылық түсінікті кеңітетін 10 лайфхакты назарларыңызға ұсынамыз!

Ақшаны басқарғыңыз келсе, есептеңіз

Қаржылық күнделікке жазу арқылы ақшаны ретке келтіруге болады. Сіз өзіңізге мақсат қойып, не үшін ақша керек екенін шешіңіз. Содан бастап ақшаның қайда кететінін , қайдан келетінін есептеңіз.

Көптеген адамдар шығындар мен кірістерді есепке алу сияқты қарапайым әдетті назардан тыс қалдырады. Ұзақ жолға шығу үшін бізде не бар, қазір қандай ресурс бар, бұл жағдай тұрақты ма, жоқ па, соны бағалау керек. Яғни мақсатқа жетер жолда өзіңізде не бар, не жоғын ой елегінен өткізіңіз. Ай сайын қанша ақша жинағаныңызды біле отырып, қажетті соманы жинау үшін қажет уақытты есептей аласыз. Сіздің келесі міндетіңіз – мақсатыңыздың  тезірек орындалуы үшін уақытты азайту.

Дүкенге тізімімен барыңыз

Қазір маркетинг үнемі ақша табудың жаңа тәсілдерін ойлап табады. Бізді барлық жағынан «мені сатып ал, сатып ал» деп айқайлайтын жарнама қоршап тұр. Біздің көпшілігіміз ақшаның басым бөлігіне болмашы заттарды сатып алып, жұмсаймыз.

Зат алуға барғанда тізім жасау – көп шығыннан құтқарады. Егер қажеттілік болмаса, ұнатқан затты дүкенге келесі келгенде алыңыз.  

Алдымен өзіңізге төлеңіз

Сіз өзіңіздің табысыңыздың кем дегенде 10% - ын жинаңыз. Табыстың 90% - ына сіз жақсы өмір сүре аласыз.

Тапқаннан аз жұмсаңыз

Тәбет тамақтану кезінде пайда болады. Біз неғұрлым көп ақша табатын болсақ, соғұрлым көп жұмсай бастаймыз. Сондықтан кірістер шығыстарға қарағанда тез өсуі үшін шығындар мен кірістер арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды.

Көптеген адамдар, керісінше, өз шығындарын кірістердің өсуіне пропорционалды түрде арттырады. Мысалы, жалақыны көтергеннен кейін. Белгілі бір сомаға өмір сүруді үйрену жақсы.

Сізде жоқ ақшаны жұмсамаңыз

Әмияныңызға түспеген ақшаға зат сатып алмаңыз. Бұл әркімнен алынған қарыздар, несиелер және ысырапшылдыққа қатысты. Қазір несие алу өте оңай. Тек көбінесе пайызға несие алу өте ұзақ уақытқа созылатынын ұмытып кетеміз.Яғни бізге түсетін ақшаға банктерді ортақ етеміз. Бөліп төлеуге алынған заттарда осы топқа жатады. Сіз ол затты қолданып жүргеніңізбен, мүлік сізге және банкке ортақ.

Жаңа мүмкіндіктерді іздеңіз

Ай сайын кірісті көбейтудің 10 әдісін жазып алыңыз. Сізге жаңа табыс көздерін табуға немесе жұмысыңыздың ағымдағы кірісін арттыруға көмектесетін мүмкіндіктерді іздеу маңызды. Мүмкін, сіз ұзақ уақыт бойы жалақыңызды көтермеген боларсыз немесе сіз өз қызметтеріңіздің немесе өнімдеріңіздің құнын арттырмаған боларсыз. Қазір бұл үшін ең жақсы уақыт!

Қаржылық сауаттылығыңызды үнемі арттырыңыз

Көкжиегіңізді кеңейтіп, дағдыларыңызды шыңдаңыз: қаржы кітаптарын оқыңыз, бизнес-клубтарға барыңыз және жаңа адамдармен танысыңыз. Табысты адамдар арасында болыңыз. Инфобизнес емес, нақты жетістікке жеткендердің арасында. Мүмкін сіз өзіңіз үшін ақша табудың жаңа мүмкіндіктерін таба аласыз.

Ақша туралы позитивті ойлаңыз

«Ақша адамды бүлдіреді», «лас ақша», «үлкен ақша үлкен еңбекпен келеді»,  сияқты теріс көзқарастар тек сіздің жолыңызға кедергі келтіреді. Паразиттік сөз тіркестерін және теріс сөздерді қадағалаңыз. Ақша туралы не естисіз, ата-анаңыз, туыстарыңыз және достарыңыз не дейді. Жалпыға ортақ пікірді тоқтатыңыз. Ақшаға қатысты жағымсыз көзқарастарыңызды түсініп, оларды оң жаққа өзгертіңіз. Мысалы, «Мен байлықты оңай табамын», «Менің еңбегім еленеді» деген секілді формада ойланыңыз.

Өзіңізге ұнайтын нәрсені жасаңыз

Ақша табысты адамдарды жақсы көреді. Егер сіз өз жұмысыңызды шын жүректен жақсы көретін болсаңыз, онда сөзсіз жетістікке жетесіз. Ал кәсіпқойлық пен жанқиярлық қаржылық тәуелсіз болуға көмектеседі. Мамандықты  өзгертуге ешқашан кеш емес. Сүйікті ісімен айналысатын адамдар көп ақша табады .Бастысы – бақытты  өмір сүреді.

Ақша жинамаңыз – инвестиция  жасаңыз

Мақсат қою және үнемдеу жақсы. Ал инвестициялау одан да жақсы. Өйткені, сіз ұзақ мерзімге жинасаңыз, онда сіздің жинақтарыңызды инфляция жеп отырады.

Ақшаны қайда салуға болатынын инвестициялау тәсілдерін зерттеңіз, көршілеріңіз бен достарыңызға емес, кәсіпқойларға жүгініңіз.  Қаржы кеңесшілерінен және сіздің мақсаттарыңызға қарай ақша салу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып бере алатын адамдардан кеңес сұраңыз.

Әрекет етіңіз! Ақша жаңа ақша әкелуі керек.

bugin.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста