«Аққу – көкке, шортан – көлге, шаян – шөлге» тартқан күйден қалай құтыламыз?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Жол көлік оқиғалары кезінде туындап жататын екі жақты дау-дамайды бейбіт шешудің жолында тоқайласып қалатын негізгі субъектілердің, яғни жүргізуші, жол полициясы органы  және сақтандыру компаниясы мүдделері осы күнге дейін үш жаққа бірдей тиімді болатындай ортақ мәмілеге келмей-ақ қойды. Десек те, бір-біріне тоң-теріс жүрген  бұларды алдағы уақытта үлкен өзгерістер күтіп тұр. Нақтырақ айтсақ, жол полициясы басшылығы көлік сақтандыру жүйесіне еурохаттама енгізуді ұсынып отыр.
Көлік сақтандыру нарығының нар жүгін арқалап жүр­ген негізгі түрлері Транспорттық құралдар иелерінің аза­маттық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақ­тандыру, Транспорттық құралдар иелерінің азаматтық-құ­қықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру және Ав­то­құралдарды ерікті сақтандыру десек, әлем елдерінің ба­сым бөлігінде қолдау тауып, қолданыста жүрген  еу­рохаттама тәжірибесі, әсіресе Транспорттық құралдар ие­лерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мін­детті сақтандыруда айрықша рөл ойнамақ. «Еу­ро­хаттама өзімен бірге тың жаңалықтар ғана  ала келмей, қор­даланып қалған көп проблеманы шешуге ықпал етеді», – дейді мамандар. Төменде сөз болғалы отыр­ған түйінді түйткілдер шынымен де отандық нарықтағы көлік сақтандыру жүйесінің дамуына бөгет болып отырса керек. Сонымен...
Кіріс пен шығыс тең келмей тұр
Елімізде тіркеуде тұрған  көліктер саны шамамен 4 мил­лион десек, сақтандыру полисінің құны орта есеп­пен ай­т­сақ, 15 мың теңге көлемінде. Демек, сақтан­дыру ком­­па­нияларының активтері жылына мөлшермен 60 мил­­лиард теңгені құрайды. Ал бізде көлік сақтан­ды­ру­мен ай­налысатын компаниялар саны 30-ға жуық. Мо­йын­­даймыз, сақтандыру компанияларының шы­ғын­да­ры аз емес, әкімшілік шығындар, жалақы т.т. Десек те, көлігін сақ­тандырған жүргізушілерге төлейтін төлем­ақы­лары да анау айтқандай көп емес, аздаған ғана. Неге аздаған? Өйткені біздің елдегі сақтандыру полисін пайдаңа асырудың өзі қиямет-қайым. Нағыз сергелдең десе де болады. Сол себепті де көпшілік көлік иелері жол апаты кезіндегі алыс-берісті өз қалталарынан шы­ға­рып, дауды екеуара шеше салуды жөн санайды. Мы­сал келтіре кетсек, қазақстандық жүргізушілер көлік жөн­­деуге жылына шамамен 900 миллион АҚШ дол­ларын жұм­са­са, сақтандыру компаниялары соның 20 па­йызын ға­на жабады екен. «Көлікті міндетті сақ­тан­дыру по­лисінің 100-нің біріне ғана төлемақы беріледі екен» де­ген де нақты мәлімет бар. Тағы бір деректі айтсақ, ха­лық арасында жүргізілген сауалнамада көлік жүр­гізушілерінің  әрбір үшіншісі жол көлік оқиғасына қа­тысы болғандығын айтқан.
AUDATEX бағдарламасының маңызы
Сақтандыру омбудсмандары  жол көлік оқиғасы төлемақысының жылдан-жылға өсіп бара жатқан­дығына алаңдаулы. Мәселен, 2011 жылы ол 180 мың тең­геге де­йін болса, 2012 жылы төлемақы  245,5 тең­ге­ге кө­те­рілген.
Бұл қазақстандық көлік на­ры­ғындағы аса бағалы  темір тұл­пар­лар санының артуымен  және ТЖО қызметтерінің  қымбаттауымен бай­ланысты.
Егер еурохаттама қабылданса, біздің ел­дің көлік секторына бүкіл әлем тәжі­ри­бе­сінде бар AUDATEX бағдарламасы қы­зы­ғу­шылық танытар еді. AUDATEX бағ­­дар­­ла­масы дегеніміз не? Оны алғаш 1960 жыл­дардың орта шенінде Германия мем­ле­кетінің сарап­шы-бағалушы компаниясы ойлап тапқан. Аталмыш бағдарламының негізінде жол апатына ұшыраған көлікті ТЖО-да жөндеу құнының унификациясы жа­салынбақ. Былайша айтқанда, ортақ баға қалыптаспақ. Әйтпесе, біздің елде әр ТЖО әртүрлі бағаны айтады да, тараптар дау­ласып жатады. Бұл бірінші кезекте жүр­гізушіні, одан кейін сақтандыру ком­па­ния­сын әбігерге салып қоятын сыңайлы. Қа­зақ­станның автомобиль және автосервис нарығы қарқынды түрде дамуда. Алайда жоғары кәсіби деңгейлі қызмет көрсететін стансылар саны саусақпен санарлық. Егер AUDATEX бағдарламасы қолданылатын бо­лса, әлбетте, сақтандыру төлем­ақы­сы­ның  құны төмендейді, бұл жүргізушілерге де тиімді, яғни  сақтандыру компа­ния­ла­рының төлем төлеудегі шығыны азайса, көлік сақтандыру полисінің бағасы да арзандаған болар еді.
Сапа мен сенімді қалай арттырамыз?
Иә, қалай арттырамыз? Біздің елдегі сақ­тандыру секторы бүгінгі жағдайына тым тоқмейілситін сияқты. Бір қадам ал­ға жүрсе, екі қадам кері шегіне ме деп те қаламыз. Өйткені әлемдік нарыққа зер сал­сақ, сақтандыру саласы тоқтаусыз даму үс­тінде. Ал қазақстандық сақтандыру ком­па­нияларының басым бөлігі тіпті еу­ро­хат­тамаға қарсы.
Біздің елде бәсекелестік бәсең тартып тұр. «Нарықты жаулаймыз» дейді де, көп­шілік сақтандыру компаниялары дем­пинг­тік ставкаға тәуекел жасайды. Нәтижесінде ком­пания жабылып тынады. Бәрін айт та, бірін айт, ертеңгі күні шетелдік алпауыттар қызығушылық танытып жатса, отандық сақ­тандыру компанияларының күні не бол­мақ? Сол себепті де, сақтандыру жү­йесін жақсарту қажет. Әйтпесе, тә­жі­ри­бе­нің аздығы барған сайын жұмыс са­па­сын тө­мендетіп, тұтынушылардың се­німінен айы­рылып барады.

Маман пікірі
Талғат Үсенов, сақтандырушы маман:
– Өз басым еурохаттаманы қол­дай­мын. Еурохаттама тұтынушылардың сақтандыру компанияларына деген се­німін арттырып қана қоймай, бұл са­ла­ның жұмысын  бірізділендіреді. Тұ­ты­ну­шылардың төлемақысын өндіруде бір­қатар қиындықтармен бетпе-бет ке­летіні рас. Ал еурохаттама құ­жат­бас­ты­лықтан құтқарады. Еурохаттама ен­гізілсе, жүргізушілер бұрынғыдай жол полициясын шақырып жатпайды. Тәртіп сақшылары тек ауыр апат болған кезде ғана келеді.
Қазір кейбір мамандар жол поли­ция­сын жол апатынан зардап шеккен кө­­лік шығынының белгілі бір мөл­ше­ріне дейін ғана шақыруды да ұсынып отыр, яғни лимит белгілеу керек дейді. Де­­сек те, еурохаттаманы енгізсек, әлем­­дік нарық көшіне ілесе алмай отыр­ған отан­дық сақтандыру сала­сы­ның жұмыс сапасының жақсарары сөз­сіз. Ол үшін сақ­тандыру компаниясы өзі­нің ин­фра­құ­рылымын  дамыту ке­рек. Ал ол шы­ғын шығаруды талап ете­ді. Сол себепті сақ­тандыру компа­ния­ла­ры еу­ро­хат­тамаға қарсы. Негізі, мін­детті сақ­тан­дыру қажет. Біз тек со­ның төлемақысын өн­дірудегі қиын­дық­тар­дан қашамыз да, оқиға орнына құ­зыр­лы сала ма­ман­дарын ша­­­қыр­­­май­мыз. Егер еу­ро­хат­та­ма ен­гі­зілсе, осындай төлемақыны өн­діру рә­сім­­дері айтарлықтай же­ңілдетіледі. Біз­­дің елдегі сақтандыру жү­йесіне кә­сі­­билік жетіспейді. Аза­мат­тар­дың сақ­тан­­дыру мәдениетінің деңгейі де әлі төмен.

Инновациялық жоба
Бұған  дейін сақтандыру компаниялары тұ­тынушыларға сақтандырудың төрт түрлі тә­уекел тобын ғана ұсынып келген бо­ла­тын. Ал көлік бұзылудан сақтандыру қыз­меті барлық дамыған елдерде бұрыннан бар, тіпті кең тараған түрінің бірі екен.  Ин­но­вациялық жоба деп отыр­ғаны­мыз, сақ­тан­дырудың мұндай түрі Қа­зақ­станда да пай­да болды.  Әзірге біреу, яғни алғаш бо­лып «НОМАД Иншуранс» сақ­тан­дыру ком­паниясы ұсынып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста