Алып шаһардың ауасын тазартуға күш салатын кез жетті

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Саф ауа – денсаулықтың кепілі
Әлемдегі адамзат қоғамының даму болмысын, тыныс-тіршілігін зерттеумен айналысатын ғылыми орталықтардың пайымдауынша, сапалы өмірдің арқауы – таза ауа, су, құнарлы ауылшаруашылық өнімдер және жалпыға бірдей жоғары деңгейдегі дәрігерлік көмек. Өркениетті мемлекеттерге тән бұл көрсеткіштер – келешектегі тұрақты дамудың кепілі, сонымен бірге қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы қабылданған заңдардың, саяси шешімдердің өміршеңдігінен хабар береді, қоғамға тигізетін әсерін байқатады.
Сапалы өмірдің аталған белгілері ішінде Жер шарындағы тіршілік иелерінің, өсім­діктер дүниесінің өмір сүруі үшін оны қоршаған кеңістіктің ең төменгі қабатын­да­ғы ауаның алатын орны ерекше. Ауаның кө­лемі өлшеусіз, мәңгілік толассыз қозға­лыс­та, химиялық әсері белсенді, ортаға ену мүмкіншілігі шексіз. Ауа ластануының адам өміріне, жануарлар әлеміне, қорша­ған ортаға қаншама қасірет әкелетіні дә­лел­деуді қажет етпейді. Бүгінде үйреншікті көрі­ніске айналған, топыраққа ылғал бере­тін, жерасты су көздері қоймаларын то­лық­тыратын жауын-шашын түсінің өзгеруі, жазда қышқылды жаңбыр, қыста сарғыш қардың жер бетіне түсуінен құнар­лы топырақтағы кальций, тағы басқа пай­далы минералдар жойылып, өсімдіктердің өсу қабілеті тежеліп, беретін өнімдерінің сап­асы төмендегені айқын сезіледі.
Жер бетіне жақын орналасқан ауа қа­ба­тының ластануы адам бойында пайда болатын тамақ, өкпе және тері рак ауруы­ның, орталық жүйке жүйесінің зақымда­нуы­ның, әртүрлі қоздырмалы аурулардың, өмірге келген нәрестелердің кемістігінің бірден-бір себепкері екенін дәрігерлер үнемі ескертіп келеді.
Осы орайдан алғанда, ауа тазалығын сақтау – ертеңіне елеңдеген елдер үшін өмірлік мәселе, оны тиянақты түрде шешу үшін қыруар қаржы бөлініп, алдын ала ғылыми негізді шаралар іске асыру көз­делген.
Ауаның ластануына себеп көп
Еліміздегі халық көп қоныстанған ірі қалалардағы ауа тазалығы ешқандай сын көтермейді, келешегімізге көлеңке түсіреді. Ауасының ластануы жағынан Алматы қаласы оқшау тұр. Табиғи себебі – қаланың Іле Алатауы баурайына орналасу жағдайы. Таулы қыратты жер бедеріндегі кедергі­лер­дің тежеуі салдарынан ауа қабаттары­ның айналымды жылдамдықтары өте төмен. Нәтижесінде, қала көшелерінде қаптап жүрген автокөліктерден, әуежайдан және қалаға жақын орналасқан жылу электр стансылары пайдаланатын көмір­сутек­ті отындардан бөлінетін зиянды қал­дықтар шаһардың ауа кеңістігіне қатерлі қор болып жиналады. Эколог мамандардың мәліметтері бойынша, қала ауасындағы адам ағзасына тікелей зиянды әсерін тигі­зетін көміртегі оксидінің, азот диоксидінің және формальдегидтің тұрақты мөлшері санитарлық қалыптағы қауіпсіз көрсеткіш­терден бірнеше есе жоғары.
Соңғы кездері Алматы қаласы ауа ке­ңістігінің ластануы 2000 жылдармен са­лыс­­тырғанда күрт өсті. Себебі – автокөліктің көбеюі, жер жағдайын, өзен аңғарларында­ғы ауа ағыстарының табиғи бағыттарын ес­кер­мей, оларға тосқауыл болатын биік ғи­мараттардың салынуы, әсіресе тау бет­кейіндегі саяжайлар, адам санының өсуі және қала ішінде жасыл желекті алаңдар­дың азаюы.
Қыс айларында жеке үйлердің жылу ошақтарының іске қосылуына байланысты және қыста жапырақ жаятын жасыл ағаш­тардың болмауы салдарынан ауа кеңістігі жылжымайтын көк түтінге толады, оның зиянды әсері еселей жоғарылайды.
Жаз уақытында солтүстіктен күндіз соғатын желдің екпінімен, лас ауа тау бөктеріне қарай беттейді, түтінді мұнар пайда болып, кейбір күндері таудың әзер көрінетіні байқалып жүр. Кешке қарай ауа қызуының төмендеуінен ластанған ауа жер бе­тіне шық болып қонып, шым топырақ қыр­тыстарын, тау өзендерін былғайды. Әсі­ресе бұл құбылыстың қаламыз үшін таза судың қайнар көзі болып тұрған тау шың­дарындағы мәңгілік мұз қабаттарына зия­ны орасан зор. Өйткені онсыз да еру жыл­дамдықтары жыл өткен сайын ұлға­йып, көлемі үдере тартылып келе жатқан мұз қорын қалыптасқан жағдайда небәрі он шақты жылда мәңгілік жоғалтуымыз мүм­кін. Оның ақыры неге апарып соғаты­нын ойлаудың өзі қорқынышты.
Қала ауасының қалыптан тыс ластануы оның тұрғындарын ғана емес, сонымен бірге, арнаулы зерттеулер көрсеткендей, екпіндей соғатын желдің бағытымен қаладан 70-80 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекендерді де шарпиды.
Түнде әртүрлі биіктіктегі және жер беті­не жақын орналасқан ауа қабаттарының қы­зу айырмашылықтарының нәтижесінде оң­түстік-шығыс бағытында қалаға қарай соға­тын жел ағысы пайда болады. Бұл сәл де болса ауаны тазартуға себін тигізеді. Атал­мыш жел ағысының табиғи құбылы­сын, қозғалу бағыттарын, жылдамдығын, арнасының енін анықтау үшін тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Әзірге қолда бары – үстірт, шашыраңқы мәліметтер.
Автокөлік – ауаны жалмайтын аждаһа
Алматы қаласының ауа кеңісті­гін өмірге зиянды қалдықтардан түбегейлі та­зартудың ғылыми дәлелді, көкейге қоным­ды, іске асыруға ішкі мүмкіншілігіміз жететін жүйесін жасау үшін зерттеу жұ­­мыс­­тарының үш өлшемді әдіспен жүргізілуі жөн. Қазіргі кезде ауадағы зиянды қалдық­тардың құрамы, мөлшері байырғы тәсіл­мен тек 2 метр биіктікке дейін ғана анықта­лады. Ал сонда бақылау­дан тыс қалған биік ғимараттардың жоға­ры қабатында тұ­ра­тын, жұмыс істейтін адам­дардың қан­дай ауамен тыныстайтыны бей­мәлім.
 Зерттеу жұмыстарының бағдарламасы – орналасу ерекшеліктері ескерілген қала ау­дандарына өлшегішпен анықтау, байқау мүм­кіншіліктері жоғары аспаптармен жаб­дықталған өзара байланысты болатын нүк­те­лерді орналастырып, олардан ауа кеңісті­гінің жағдайын түгел қамтитын мә­­лі­­­меттерді тәулік бойы үздіксіз қабылдау. Жинақталған мәліметтерді сараптау, талдау арқылы, сонымен бірге бұл бағыттағы ғылым же­тістіктерін, әлемдік тәжірибені өмірге енгізіп, ауа тазалығын табиғи қал­пы­­на кел­тіре алатын қомақты шараларды іске асы­руға болады.
Қала өмірінде келешекте болуы мүмкін бірнеше шараға тоқтала кетейік. Жо­ғарыда айтқанымыздай, Алматы қала­сының ауасын ластап жатқан негізгі нысан­дар­дың бірі – автокөлік. Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының (ДСҰ) мә­лі­­метінше, жылына 15 мың шақырым жер жүретін әрбір автокөлік 2 тонна жа­нармай, 25-30 тонна ауа, оның ішінде 4,5 тонна оттегін өртейді. Көрсеткіш ауаның адамға қажетті көлемінен 50 есе көп. Қайтарымына, орташа қуатты жылу қозғалтқышы бар автокөлік ауаға тонна тұншықтырғыш 700 келі газды, 40 келі азот диоксидін, 230 келі түгелдей жанбай қалған көмірсутегін және 5 келі қатты зат­тар қалдығын таратады. Оларға қосымша, жанармаймен жүретін автокөліктерден ауаға қорғасынның бірнеше қосындысы бөлінеді. Ұйымның дәлелді әлеуметтік зерттеулері бойынша, үлкен жолдың бойына 10 метр қашықтыққа дейін орна­ласқан үйлердің тұрғындары жолдан 50 метр шеткері тұрғын үйлердің тұрғын­дарына қарағанда рак ауруына үш-төрт есе көп шалдығады.
Дизель мен газға көшу керек
Сонымен, қаламыздың ауасындағы өмірге зиянды көміртегі, қорғасын, тағы бас­қа қалдықтарды азайту үшін не істеуге болады?
Біріншіден, автокөліктердің көшедегі қоз­ғалыс бағыттарын жетілдіру, қаладағы кеп­телісті азайтатын, көше қиылыстарын­дағы түйіндерді шешетін құрылыстарды са­луды жалғастыру керек. Автокөлік тоқ­тап, қайта қозғалған кезде бірыңғай жүріс­пен салыстырғанда зиянды қалдықтарды бір­неше есе көп бөледі.
Екіншіден, дизельді отынмен жүретін ав­токөлік иелерін ынталандыру қажет. Ма­мандардың пікірінше, дизельді автокөлікте қуаты онымен шамалас бензинмен жүретін ав­токөлікке қарағанда жанармайдың түгел­дей жану мүмкіншілігі жоғары, лас зат­тар қалдығын ауаға аз таратады. Әрі ди­зель отынының құрамында октан саны жоғары бензинде кездесетін қорғасынның қосындылары болмайды.
Әрине, ең оңтайлы шешім – автокөлік­терді бензиннен газға ауыстыру. Жоғары октанды, құрамы тұрақты газ ауамен жақсы ара­ласады, сөйтіп, жанармай қосындысы­ның қалдықсыз жанып кетуіне жағдай жасайды. Оның көрінісі: газбен жүретін қо­рап­ты жүк автокөліктері бензин жылу қоз­ғалт­қышы бар автокөліктермен салыс­тыр­ғанда зиянды заттарды төрт есе аз шы­ғарады. Бірақ бұл шешімнің әзірге қолдау та­буы қиындау, себебі онда автокөліктің тех­никалық жасалу құрылымы бұзылады, пай­далану қауіпсіздігі төмендейді.
Жер астындағы ыстық су қоры
Қала ауасын бүлдіріп жатқан лас қал­дықты көздердің бірі – отын ретінде ұнтақталған көмірді тұтынатын жылу электр стансылары. Олардан бөлінетін зиянды қалдықтардың көлемін барынша шектейтін, әзірге іске қосылмай жатқан мүмкіншіліктер баршылық. Мысалға, табиғи жерасты ыстық су қорлары бар кен орындары. Геологиялық ізденіс, барлау жұмыстарының ресми құжаттары бойын­ша, Алматы қаласының маңайындағы жер қойнауындағы 2000-2500 метр тереңдікте орналасқан, жер бетіндегі қызуы 50-60 0С болатын, қоры мол ыстық су көздері бар. Егер зерттеу жұмыстарын тереңдігі 3500-4000 метрге дейін жететін ұңғылар бұрғылап жалғастыратын болсақ, олардың қоры кем дегенде екі-үш есе өсіп, жер бетіне шыққандағы қызуы 80-100 0С-қа дейін көтерілуі мүмкін.
Жерасты, жоғары кернеулі ыстық су көздерін арнаулы ұңғылар арқылы оның игерімді, өлшемді мөлшерін қаланың жы­лу жүйесіне қосатын болсақ, жылу электр стан­сылары тұтынатын отынның көлемін қо­мақты дәрежеде азайтуға болар еді. Сон­да қала ауасының тазалығын қамтама­сыз етуге айтарлықтай үлес қосылуымен бірге, олар өндіретін жылу, электр қуаты­ның бағасы бірнеше есе арзандайды. Есе­сіне, қала халқының тұрмыс жағдайы түзе­ліп, нарық жағдайындағы экономиканың бәсекелестік қабілеті жоғарылайды, ішкі өнімдерді шығаруға ынта пайда болады.
Бұл ұсыныстың ұтымды тұсы: жылу жү­йесіндегі қызуы алынған судың бір бөлігін қай­тадан жер қойнауына қыздыруға жі­беру­ге болады, сонда айналымды, мәңгілік жы­лу беретін жер астындағы табиғи қазан­дық іске қосылады.
Ғылыми ізденістерге, ыстық су көздерін жылу ретінде көптен бері пайдаланып келе жатқан мемлекеттердің тәжірибесіне негіз­дел­ген бұл ұсынысты Алматы қаласының жағ­дайында іске асыру қиын емес, көп уақыт, аса мол қаржының керегі жоқ, тиісті мемлекеттік ұйымдардың түсінігі мен ынтасы жеткілікті.
Ал енді қала ауасын ластап жатқан және бір ошақ – әуежайға оралатын бол­сақ, шешім – біреу: жел ағыстарының ба­ғы­тын, қаланың болашақтағы өсу ше­ка­расын ескеріп, оны Алматы қаласының аймағынан тысқары жерге көшіру.
Мазмұны баяндалған аталған ұсыныс­тармен қатар, Алматы қаласының ауа тазалығын түпкілікті түрде табиғи қалпына келтіру үшін атқарылуы тиіс, тиімділігі үлкен тың ұсыныстың мәні мынадай.
Ауаның жасанды ағысы
Жүйелі түрде жүргізілген қаладағы ауа кеңістігін зерттеулердің нәтижелерін на­зар­ға ала отырып, түн мезгілінде биіктіктен тө­менге, оңтүстіктен шығысқа қарай соға­тын табиғи желдің бағытын, жер бедерін ес­керіп, тау аңғарларындағы жер бетіне жа­қын орналасқан ауаның қысымы жоға­ры және төмен қабаттарын шығар аузы қа­лаға бағытталған құбырлар тізбегімен жал­ғастыру керек. Шарт: құбырлар тізбе­гінің шығар аузының биіктігі қаланың ауа кеңістігінде тұнып тұрған күңгірт түтін қа­бат­тарымен деңгейлес болуы керек. Нәти­же­сінде, атмосфера физикасының заңды­лық­тарына сәйкес, құбырдың ішінде аса қуатты, жылдамдығы үлкен, басқаруға жә­не ретті игеруге болатын, қысымды ауаның жа­санды ағысы пайда болады. Ағыстың жыл­­­дамдығын, қуатын, бағытының дәлді­гін әртүрлі қарапайым технологиялық әдіс­тер­ді пайдаланып, едәуір ұлғайтуға мүм­кіншілік бар. Осы жасанды жел ағысын таби­ғи желмен бір бағытта, түнгі мезгілде қа­ла ауа кеңістігіндегі қою, күңгірт түтін қа­баттарына жіберсек, онда тұтасқан түтінді қа­ланың солтүстік, солтүстік-шығыс жағы­на қарай ығыстыруға болады. Ол ара­лардағы, қою түтін легіне қарама-қарсы, есеп­телген әртүрлі биіктіктегі мұнараларға ал­дын ала орнатылған қуатты шаң сорғыш­тар түтін аралас ауаны түгелдей сорып ала­ды. Содан кейін зиянды қалдықтардан арыл­тып, таза ауаны ары қарай Талғар, Есік, Қапшағай қалаларына, басқа елді ме­кендерге жібереді.
Ғылыми тұрғыдан алғанда, бұл жобаны нақты іске асыруға ешқандай қиындық жоқ деуге болады. Аса көп қаражат жұм­салмайды, есесіне, көптен бері қордаланып қалған бұл мәселенің оңтайлы шешімі та­былған болар еді.
Қаламыздың ауасын таза күйінде сақ­тауға бағытталған ұсыныстардың әлеу­мет­тік мәселелерді шешуге, сапалы өмірді қа­лыптастыруға ықпалы тиетіні көрініп тұр. Олар мазмұны жағынан Біріккен ұлттар ұйымы қабылдаған қоршаған ортаны қор­ғау, жалпыға ортақ ауаның озон қабаттарын сақтау, ауаға өндірістен тарайтын көміртегі қал­дықтарының көлемін барынша шектеу туралы стратегиялық шешімдермен үндес. Өзекті шешім – аз ғана шығынмен адамзат қоғамы тұтынатын бұйымдарды көптеп шығару, табиғи қорларды ұтымды игеру, жап­­пай қуаттың қайтарымды түрлерін пай­далануға көшу, технологияны үздіксіз жетіл­діру, уақыты өткендерін жедел алмастыру.
Осы шешімге сай келетін, Алматы қаласының ауа кеңістігін таза ұстау мәселесінде жоғарыда аталған табиғи мүмкіншіліктер, тың ұсыныстар жеткілікті. Жүзеге асыру үшін ерік-жігер керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста