Алтын өндірісіне қатысты төрт сауал

Алтын өндірісіне қатысты төрт сауал

Менделеев таблицасының реттік нөмірінде 79-ыншы тұрған алтын де­ген аты бар химиялық элемент пайда болғалы бері «адамзат баласы өз игілігіне осы күнге дейін оның 140 мың тоннасын жаратқан екен» дей­ді ғалымдар. Жер қойнауында әлі де өндірілмеген, барланбаған мұн­дай құнды металдың шамамен 100 мың тоннадан астамы жасыры­нып жатса керек. Бұл – тарих пен болжам. Енді бүгінгі күн мен нақты дерек­терге жүгінсек...

Алыпсатарлық сар желіс сауда қашан тоқтайды?
2013 жылдың ақпан айының мәліметі бо­­йынша, алтын резерві жағынан бірінші орынға өзінің 8 133,5 (ұлттық алтын валю­та қорының 75,7 пайызы) тонна алтыны­мен АҚШ көтерілсе, екінші орында Герма­ния тұр. Германияның резерві – 3 391,3 (бұл – ұлттық алтын валюта қорының 72,8 пайызы) тонна. Үшінші орынды осы жо­лы Халықаралық валюта қоры иемден­ген. Оның қоры – 2 814,0 тонна алтын. Бұл ті­зім­де Қазақстан 32 орында, яғни 115,3 тон­на алтынның 21,7 пайызы – ұлттық ал­тын валюта қоры. Ал­ты­нның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші онды­ғына, ал өндірісі бо­йынша үшінші он­дығына кіретін және қазба бай­лыққа бай өлке саналатын Қазақстан үшін бұл көр­сеткіш, әрине, төмен.
Еліміздегі алтын кен орындары мен кен­білімдері саны 360-тай болса, оның 237-сі – кен орны. Десек те, ғалымдарға сен­сек, тіп­ті ең ірі деген кен орындарының бес пайы­зы ғана игерілсе керек. Жаратсақ, байы­ту комбинаттары мен металлургиялық зауыттар маңында алтын ажыратып алуға әбден болатын 9 миллиард тоннаға жуық қал­дықтар қоқыста жатыр.
Айтпақшы, қырғыздар стратегиялық ма­ңы­зы зор 53 кен орнын аукционда сату тура­­лы шешімге келіпті. Өйткені өздерінің жерас­ты байлығын өндіруге мүмкіндіктері жоқ. Дәл осындай мәжбүрлік біздің де ба­сы­мыздан өткен. Соның салдарынан кен орын­­дары­мыз­дың көбі шетелдік ин­вес­тор­лар­дың иелігінде кетті. Қолдан-қолға өтсе де, алтын дұрыс өң­дел­мей жатқан жер­лер жоқ емес. Бри­та­нияның Hambledon Mining компаниясы Қа­зақ­­станның екі кен орнында алтынды ашық әдісп­ен өндіруді қолға алса, ресейлік «Северсталь» «Суздаль» және «Жереке» атты кен орындарын сатып алды. KazakhGold-тың бақылау пакеті ак­ция­сы – орыс олигархтары, яғни «Полюс-Золото» ААҚ-тың қожайын­дары Прохоров пен Керимовтердің меншігін­де. Британия­лық Orsu Metals Corporation компаниясы Вар­варинское кен орнын ресейлік «Поли­ме­талл» кәсіпорнына қайта сатып жіберді. 1979 жылдан бері өнім өнді­ріле бастаған бұл кен орнының бүгінге дейін тек 10 па­йы­зы ғана игерілген. Ал оның қоры – 370 тонна.
Енді осы жуырда канада­лық Tur­quoi­se Hill Resources компаниясы Ltd Su­meru Gold BV компаниясымен келісімшарт жасасып, алтын өндірумен айналысатын Alty­nalmas Gold ltd компаниясының 50 па­йыздық үлесін 300 миллион долларға сатып алып жатыр. Әңгіме – «Бақыршық» пен «Больше­вик» кен орындары турасын­да. Айта берсе, мұндай алыпсатарлық сар же­ліс сауда жетіп-арты­лады.
Сатылып кеткен жерлердегі байлықты үкі­метке қалай қайтарамыз?
Көлемі жағынан әлемде 9-орында тұрған кең байтақ  даламыздың кез келген жерінен кен іздесең, кеніш табасың. Алайда Елбасы зор міндет артып отырған геологтеріміз жіпсіз бай­лан­ды да қалды. Өйткені жерлер сатылып кет­кен. Ал меншік иелері жерастындағы қазба бай­­лықтың ырыздығын өздері де көрмейді, еш­кімге де бермейді. Отандық шикізат қо­ры шиыр­ланып тұрған шақта бұл проблема да өз ше­шімін таба алмай дал. «Сондықтан, – дей­ді мамандар, – бұл мә­селені Үкімет деңгейінде реттеу керек. Кен бар жерлер белгілі бір мер­зімде игерілмесе, заңға оны үкіметке қайтару туралы бап енгізіп, ауыл ша­руашылығы жер­леріне инвентаризация жасағандай, жер қой­науын пайдалану­шы­лар ие­лігіндегі қазба бай­лықты қайтадан есептен өт­кізу қажет».
2015 жылы 70 тонна алтын өндіре аламыз ба?
Алтын өндірісін дамыту мақсатында Энер­гетика және минералдық ресурстар ми­нистрлігі кен орындарын және пайдалы қаз­ба­ларды барлауға және пайдалануға беру үшін ашық конкурс жариялаған болатын. Бақ сына­суға 69 алтын кен орны қатысыпты, яғни Шы­ғыс Қазақстан – 22, Ал­­маты – 12, Ақмола – 10, Қарағанды – 6, Жамбыл - 5, Ақтөбе – 4, Қос­танай – 4, Пав­лодар – 1, Солтүстік Қа­зақ­стан – 1, Оң­түстік Қазақстан – 1, Батыс Қа­зақ­стан – 1. Ұсақ кен орындарын іске қосу – дағда­рыс­тан шығу бағдарламасының не­гізгі талап­та­рының бірі. «ҚР-дағы минерал­дық шикі­за­т­ты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлт­­тық орталық» РМК сарапшылары «ел ау­ма­­ғында барланған кен орындарында жы­лына 35 тоннаға дейін алтын өндіруге бола­ды» дейді. Олай болса, біздің де Ұлт­тық банк­тегі алтын қорымызды еселеу­ге мүм­кінді­гіміз жетерлік. Бұрындары он­ша қызығу­шы­лық танытпай келген ҚР Ұлт­тық банкі енді ғана үш жыл бойына елі­­міз­де өндірілетін барлық алтынды сатып алу туралы міндеттеме қабылдады. Ұлттық банк, мәселен, жылына барлығы 30 тонна ал­тын өндірілсе, соның 25 тоннасын сатып алуды көздеп отыр.
Нарықтың парқын меңгерген елдердің дені бар әлеуетін бағалы металл қорларын, оның ішінде алтын құймаларын арттыруға жұм­сап отырғаны анық. Ұлттық өнімін, ұлт­тық қорын, қазыналық кіріс-шығыста­рын, оны айта­сыз, алған қарыз-несиесіне де­йін бұ­рын­дары АҚШ-тың көк қағазымен баға­ла­ған ал­пауыт­тар патша металына көше бас­тады. Ал ал­тын қоры «қоң алмай» тұр­ған ел­дер­дің ұлт­тық валюталары құн­сыз­данып, са­бан ақ­шаға ай­налып кетуі әб­ден мүмкін де­ген қауіп бар. Мұн­дай қауіп­тен сақтанған біз­дің ел бар қазба байлығын тү­гендеп, бү­тіндеуге кірісіп кетті. Осы тұста ай­та кетейік, Қа­­зақстан 1992 жылы 10,6 тон­на алтын өн­дір­се, 2012 жылы ол 40 тон­наға дейін жет­кен.
Әділхан БАЙБАТША, геология-минера­ло­гия ғылымдарының докторы, профессор:
– Негізі, пайдалы қазбаларды іздеу, оның қо­ры мен сапасын және орналасу жағ­­дайын анық­тау оңай шаруа емес. Бұл про­цес­тер­ді жүзе­ге асырудың өзіндік нор­ма­тивтері мен уа­қыт мөлшері бар. Мәсе­лен, бір жаңа кен ор­нын тауып, оны бар­лап, іске қосу үшін кем деген­де 15-20 жыл қа­жет болады. Жұ­мыс­ты маман­дар бұлай­ша әдейі созып жүріп ал­май­ды, геология та­биғатының заңдылығы сон­дай. Геолог­тер­ге «екі-үш жылда кен ор­нын та­уып, оны іске қос» деу етті ыстық су­ға батырып ал­­ған­мен бірдей. Ақы­рын­да, айналып кел­ген­де, әлгі шала дүниені қай­тадан гео­ло­гия­­лық зерттеу қажет болады. Есе­сіне, біз қан­­ша есе­ге шығындаламыз. Бірақ қолдан кел­генді жа­сауымыз керек. Жағдай соған итер­мелеп тұр.

Николай БҮКТІКОВ, Д.Қонаев атындағы Кен істері институтының директоры:
– Үш жыл аздық етеді, ол рас. Де­ген­мен қазіргі ғы­лымның, техника мен тех­ноло­гияның да­мыған заманында қыс­­қа мерзімде гео­ло­гиялық жұмыстарды мей­лінше жетілдіруге тырысып көруге бо­лады. Соңғы кездері салалық жұмысқа жа­уап­ты ве­домс­тво­лар бұл мәселенің түпкі мә­ні­сін тү­сініп, ға­лымдар қауымдастығы­мен өзара ын­ты­мақтастықта жұмыс істеуге бе­йімделе бас­та­ды. Бұл – өте жақсы бас­тама. «Бір жеңнен – қол, бір жағадан бас шы­ғар­сақ» болғаны. Оның үстіне, қазір аса қа­жет сапалы техноло­гиялар алып, жер­ас­ты байлықтарын өндіруге Үкіметтің өзі мүд­делі.

Үкімет Қазақстан Республикасын үде­ме­лі индустриялық-инновациялық дамыту жө­ніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасын іске асыруға бел шеше кірісіп кетті. Бұл ретте, ең алды­мен, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының жобаларын, оның ішінде «Қа­зақстандық ресурстарды тікелей шет­ел­дік инвестициялар және секторалдық ин­вес­тицияларды дамыту жөніндегі бағ­дар­лама­ларды жетілдіру үшін әртараптан­дыру» жоба­сын үйлестіру және  іске асыру көз­деліп отыр. Соның ішінде алтын өндіру са­ласын дамыту (барлау, өндіру, қайта өң­деу, өткізу және әкелу-әкету) мәселелеріне ай­ырықша көңіл бөлінуде, яғни Қазақстан 2014 жылға дейін алтын өндірісіне қан жү­гіртпекші. Үкімет басшысының орынба­са­ры – ҚР индустрия және жаңа техноло­гия­лар министрі Ә.Исекешев алтын мөл­шерін 2014 жылы 70 тоннаға дейін жет­­­кізуге сенімді сияқты.
Зауыт демекші, Астанада 2013 жылдың IV тоқсанында қуаты жылына 25 тонна ал­тын және 50 тонна күміс өндіретін аф­фи­нажды зауыт іске қосылмақшы. Қазақ­стан­ның кен өндiру және тау-кен кәсiпорындары қа­уым­­дастығының директоры Н.Радосто­в­ец: «Қазақстанда алтын өңдеуге жағдай жа­сау керек. Қазір еліміздегі алтынның ба­сым бөлі­гі Швейцарияда өң­деледі. Бал­қы­маны онда ұшақпен таси­ды, ал мұнда біз аз ғана көлеммен жұмыс істеп отырмыз. Ал жа­ңа­дан салынып жат­қан алтын өңдейтін зауыт кө­мегімен Қа­зақ­стан алдағы жылдары алтын өн­ді­рісін ай­тарлықтай арттырмақшы. Былай­ша айт­қанда, шетелге кетіп жатқан құра­мын­да ал­тыны бар шикізатты толығымен өзімізде өң­­дейтін боламыз», – деген болатын. Бір айта кетерлігі, біздегі аффинаж зауыттары­ның қызметі тым қымбат көрінеді.
Өз кезегінде индустрия және сауда ви­це-министрі Альберт Рау болса, «Ол зауыт қа­зір өздерінің аффинаж зауыты бар «Қаз­мы­рыш» пен «Қазақмысты» айтпағанда, бүгінде Қа­зақ­станда өндіріліп жатқан бар­лық алтын кенін өңдей алатын қуатты үшін­ші зауыт бол­мақ» деп есептейді.
Неге Түркиядан үлгі алмасқа?
Қазір әлемде алтынға деген сұраныс ар­тып, оған инвес­тиция тарту тиімді болып тұр. Бұл ретте өздерінде алтын өндірмейтін Түркия мен Үндістан алдына жан салар емес. Алтын өнімдерін шығарумен 90-жылдардан бері ғана айналыса бас­таған Түркияның әлемдік нарыққа шы­ға­рып отырған өнімдері (бір жылда) 120 тон­на шамасында. Тәуелсіз са­рап­шылардың бейресми деректері рас болса, Қазақстан­ның алтын өнімдері саудасының ішкі айна­лы­мы жылына 100-150 миллион АҚШ дол­л­арын құраса керек. Қазақстанның сы­на­ма палатасы 2012 жылы 150 мың алтын мен күмістен жасалған зергерлік бұйымды тек­серіп, нарыққа шығарды. Сенсек, Сы­нама палатасы сараптама жасаған зергерлік бұйым­дардың тек 10 пайыздайы ғана – отандық өнім­дер. Қалған 90 пайызы – шет­ел­дік. Ойла­натын нәрсе екен...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста