Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында кәсіби риелторлардың қатысуымен брифинг өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Біріккен Риэлторлар Қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко «сұр» риэлторлар немесе ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі мамандарды нағыз риэлторлардан қалай ажыратуға болады және тұрғын үй сатып алу туралы айтып берді.
Қазір жылжымайтын мүлік нарығының 80% - ы ипотекалық несие тарту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан барлығына «Отбасы банкіндегі» жинақтау жүйесіне назар аударуды кеңес беремін. Пәтерлер қымбат десек те оларды сатып алу мүмкін, әсіресе құлдырап бара жатқан нарықта. Әрине, бұл ешкімге құпия емес, жақын арада тоқырау күтіп тұрғанын болжап айтқанмын. Біз бағаның төмендеуін көріп отырмыз, - деді Лукьяненко.
Сарапшы қаражаты бар және пәтер сатып алғысы келетіндерге дәл қазір нарықты бақылап отыруды ұсынады. Сонымен қатар, жаңа ғимараттарға қатысты ұсыныстар берді.
Қазір құрылыс салушылар келісім шарттармен бәрі дұрыс деуде. Бірақ олай емес. Бағаның нақты төмендеуін байқаған кезде жарнамалық ұсыныстардың саны мен көлемін байқаймыз. Бірнеше құрлыс салушылар шілде айының басында акциялар жариялап - түнгі жеңілдіктер жасады. Бұны баға төмендеуі деп айтпасақ енді қалай атаймыз, - дейді риелтор.
Бүгінгі таңда көптеген құрлыс салушылар банктермен бірлесе отырып, бастапқы жарнаны 10 пайыз етіп, жеке бағдарламалар жасап жатыр.
Көптеген құрылыс компаниясы бөліп төлеуді ұсынады. Егер бұрын бөліп төлеу құрылыс аяқталғанға дейін ұсынылса, қазір 40 айға дейін беріледі.
Сонымен қатар Нина Лукьяненко бүгінде халықтың барлық санаты үшін қол жетімді ипотека көп екенін айтты. Тек осы тақырыпты жақсылап зерттеу керек.
Қазір тұрғын үй нарығында сұраныстың көптігінен бағаның кері кетуі байқалады. Тұрғын үй нарығын не күтетінін ұзақ мерзімді перспективамен қарайтын болсақ, табиғи өсім, көші - қон өсімі, инфляция өсуде, сондықтан менің болжамым бойынша алдағы 3-5 жылда пәтерлердің бағасы әлі де көтеріледі, - деп қорытындылады ӨКҚ спикері.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz