Әлеуметтік эгоизмнен арылатын уақыт жетті

Маңғыстау облысы елімізде әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы бойынша жетекші аймақ болып табылады. Мұнда экономиканы әртараптандыру үрдісі, соңғы үш жылда екі есе өскен өңдеу өнеркәсібін дамыту тәрізді шаралар басты назарда. Инфрақұрылымдар да жылдам дамып келеді: теңіз порттары, аэропорттар, көлік және теміржол құрылыстары қарқынды салынуда. «Ақтау-сити», «Кендірлі», «Каспийлік энергетикалық хаб», «Қиғаш-Ақтау» су құбыры, Каспий технологиялық университеті тәрізді маңызды жобалар да жүзеге асуда. Әйтсе де мұнда ТМД аумағында ең жоғары жалақы алатын мердігерлік мұнай ұйымдарының жұмысшылары қарсылық акцияларын өткізуде. Еліміздегі ең жоғарғы еңбекақы деңгейі де осы аймақта. Бірақ, сонымен қатар, дәл осы облыста кедейліктің де ең жоғары деңгейі тіркеліп отыр: 2010 жылдың қорытындысы бойынша – 11,6 пайыз. Мұндай парадокстар неден туындап отыр?
Осы және өзге де сауалдарды біз Маңғыстау облысының Әлеу­мет­тік бағдарламалардың жұмыспен қамтамасыз етуін бағ­дарлаудың басқарма бастығы Гүлмира Қалмұратоваға қойдық.

– Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан өлкеде жұмыспен қамта­масыз ету мәселесінде проблемалар туын­дамаса керек еді. Маңғыстауда жұ­мыс табу қиын ба?
Әрине, аймақтың экономикасы қарыш­тап дамып келеді. Сонымен қатар облыс тұрғындарының да саны артуда. Соңғы бес жылда маңғыстаулықтардың қатары 160 мың адаммен толықты. Мәселен, қазір мұнда 533,9 мың адам тұрса, олардың 222 мыңы – экономикалық белсенді тұр­ғын­дар. Облыстың өнеркәсіп орындары мен ұйымдарында 209,1 мың маңғыс­тау­лық жұмыс істейді. Жұмыспен қамтылу деңгейі – 94,2 пайыз.
Біздегі жұмыссыздар саны 12,9 мың адамды құрайды. Әйтсе де біз бұл көр­сеткіштің төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз: былтырғы жылмен салыс­тыр­ғанда ол 6,6 пайызға азайды. Биылғы жыл­дың тоғыз айында тіркелген жұмыс­сыздық деңгейін 0,7 пайызға төмендетуге қол жеткізіп отырмыз.
– Әйтсе де аймақтағы жұмыссыз­дықтың жоғары деңгейін немен түсін­діруге болады? Кедейліктің құрсауында қалған маңғыстаулықтың орташа портретін қалай құрар едіңіз?
– Кедей тұратындар – көбінесе еңбекке жарамды ауыл мен қала тұрғындары және балалары көп отбасылар. Өкінішке қарай, еліміз бойынша еңбекақының ең жоғары орташа деңгейі тіркеліп отырған аймақта, кедейліктің де ең жоғары деңгейі тіркеліп отыр: 2010 жылдың қорытындысы бойынша – 11,6 пайыз.
Статистика мәліметтері бойынша облыс халқының 29,76 пайызы жоғары табысты топқа енсе, 12,86 пайызы табысы ең төменгі бірінші топқа жатады. Облысымызда тұрғындардың жан басына шақ­қандағы орташа табысы 68 441 теңгені құрайды. Аудандар тұрғысынан алғанда, Маңғыстау, Мұнайлы, Бейнеу аудан­да­рының тұрғындарының табысы ең төмен деңгейде – 20 мың теңгеден сәл асады. Елі­міз халқының ең төменгі күнкөріс дең­гейінен де төмен табыс табатындарының саны 5,5 пайызды құраса, облыс бойынша ол – 9,1 пайыз. Биылғы жылдың көрсет­кіш­тері бойынша бұл көрсеткіш 8,8 па­йызды құрамақ. Есіңізге сала кетейін, еліміз бойынша төменгі күнкөріс деңгейі үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында 16 000 теңгені құрады, ал облыстағы бұл көрсеткіш – 20 233 теңге.
Орташа номиналды еңбекақы бойынша да осындай көрініс. Елімізде ол маусым айында 88 296 теңгені құраса, облыс бо­йын­ша – 146 082 теңге. Халық шаруа­шы­лы­ғының бірқатар салаларында – білім беру, денсаулық сақтауда бұл көрсеткіш екі есе, ауыл шаруашылығында төрт есе төмен.
Адами даму жолға қойылмаған жағ­дайда экономикалық өсім де ұзаққа созылмайды. Адами даму деп біз мұнда білімге, сапалы денсаулық қорғауға, өмір сүрудің лайықты деңгейіне қол жеткізу мүмкіндігін айтып отырмыз. Қаржылық және технологиялық сыйымдылығы мол бола отырып, мұнай саласы аса көп жұмыс орнын құрмайды. Жұмысшылар экономи­каның осы секторына ұмтыла отырып, осы индустрияның табысына тәуелді болып қалады, өзге бейімдерін жетілдірмейді. Мұнай секторымен қамтылмағандар қата­рында жұмыссыздықтың пайда болуының бір себебі осында жатыр.
– Сіздің аймақта әкім гранты бо­йынша оқытудың ерекше жүйесі жұ­мыс істейді екен. Оның нәтижелері қан­дай?
– Иә, облыс әкімінің гранты негізінде мамандар даярлау жүйесі 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол, негізінен, ауыл­дық жерлердегі әлеуметтік инфра­құ­рылымды білікті мамандармен қамтамасыз етуге арналған. Әкім гранты білім беру, ден­саулық сақтау, мәдениет, спорт саласында мамандар дайындауға бөлінеді. Бұл шешім облыстың кадрлерге деген тап­шы­лығынан туындап отыр. Қазір Үдемелі ин­ду­стриялық-инновациялық даму бағдар­ламасы аясында іске қосылып отырған жаңа өндірістердің қажеттіліктерін ескере отырып, грант бойынша даярланатын мамандар тізімін кеңейтуді ұйғарып отырмыз. Нәтижесінде облыс әкімінің гранты агроөнеркәсіп кешені мен әлеуметтік сфе­радағы мамандықтарға бөлініп отыр. Бұл жүйе басты екі мәселені шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған жастарға білім алуға мүмкін­дік ұсынылса, екінші жағынан, ауылды білікті мамандармен қамтудың оңтайлы механизмі болып табылады.
Жұмыс нәтижесі қазірден байқалып отыр. 2006 жылдан бері 780 студент грант алса, олардың 398-і білім беру саласына бө­лінді. Облысымыз бала туу деңгейі жа­ғынан бірінші орында, сондықтан да ұдайы мектептер мен балабақшалар салынуда, оларға тәрбиешілер мен мұғалім­дер жетіспей жатыр. Аймақта әсіресе дәрігерлердің жетіспеушілігі өте қатты байқалады. Сон­дықтан да облыс әкімінің грантымен 291 студент медициналық ЖОО-да оқып жатыр. Биыл грант алуға деген қызығушы­лықтың артып отырғанын байқап отырмыз. Өтініш берген 315 үміткердің ішінен арнайы комиссия 266 талапкерді таңдап алды. Бүгінгі күнге аймақ жетекшісінің гран­ты бойынша еліміздің жоғары оқу ор­ындарында 541 адам оқып жатыр.
– Ал Үкімет деңгейінде жарияланған жұмыспен қамту бағдарламаларынан қандай да бір тиімді әсер бар ма?
– Әрине, соның негізінде біз халықты еңбекпен қамтуда белсенді шараларды қолға алып отырмыз. Үстіміздегі жылдың 1 қарашасына «Еңбекпен қамту — 2020» бағ­дарламасына 1444 адам қатысып, бәрі де консультациялар алды. 61 адам бар ва­кансияларға орналасты. Бүгінгі күнге бағ­дарламаға қатысуға 552 адам тіркелді, олардың 451-і қатысушылар қатарына қо­сылды. 414 адаммен әлеуметтік келісімшарт жасалып, 250 адам білімін жетілдіруге жолдама алса, 150-і тиісті сертификат алды. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға 271 адам шағын несиелер алды. Олардың бір­қатары құрылыс материалдарын жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, киім тігу тәрізді салалардағы бизнесін кеңейткелі отыр.
– Қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін мұнай компанияларында жұмыс істейтіндердің ереуілге шығу себептері анық болмай отыр. Олар неліктен еңбекақы деңгейіне ризашылық танытпай отыр?
– Байқап отырсақ, саяси психологияда ретроспективті аберрация деген ұғым бар. Экономиканың даму кезеңінде басты көр­сеткіштердің өсуі кезінде халықтың да қа­жет­тіліктері мен әлеуметтік үміттену деңгейі арифметикалық түрде арта түседі. Әри­не, бұл әлеуметтік қанағаттанусыздық­тың өсуі­не әкеліп, нәтижесінде қоғамдық ақыл-ойдың тенденциялар динамикасын те­ріс, керісінше қабылдауына соқтырады. Сіз атап өткен парадокстардың бірқатарын осы­мен түсіндіруге болады. Маңғыстау бүгін­дері сөзсіз негізгі әлеуметтік-эконо­ми­калық көрсеткіштер бойынша көшбасшы болып табылады. Аймақта өте күшті эконо­микалық қайта өрлеу үрдісі жүріп жатыр. Бірақ сол мезетте мұнай компанияларының жалдамалы жұмысшылары қарсылық­та­рын танытып, еңбекақыны ұдайы көтеруді талап етуде.
Немесе өзге мысалды алайық. Облысымызда 2009 жылы барлық тұрғылықты мекендерді газдандыру жұмыстары аяқ­талды. Әйтсе де бірқатар тұрғындар, оның ішінде алыстағы ауылдағылар да бар, елі­міздің басқа аймақтары, оның ішінде Астана да газбен мүлдем қамтылмағанын есіне де алмайды. Немесе мұнай компания­ларының жұмысшылары кейде өздері мен отбасы мүшелерін емдейтін, балаларын оқытатын мұғалімдер мен дәрігерлердің олардан бес-алты есе кем жалақы алатынын ұмытып жатады. Шамасы әлеуметтік эгоизмнің шегін біліп, өзге салалардың, бас­қа да әлеуметтік топтардың жағдайымен санасатын кез жеткен тәрізді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында «Қазақстан маған не берді?» деп қана емес, мен өзім «Тәуелсіз Қа­зақстанға не беріп отырмын? деген ойға келетін уақыт жеткен тәрізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста