Алакөл өңірінде балық аулаушылардың бағы жанды. Олай дейтініміз, көл жағасындағы Қамысқала ауылында «Алтыбаев Д.» жеке кәсіпкерінің балық өңдейтін цехы іске қосылды. Сөйтіп, «Рыбпром» және «Алакөл балық» ЖШС Үшарал филиалдарының қатары енді тағы бір өңдеуші кәсіпорынмен толықты.
Бұған дейін балықшылар өнімін ауылдан 70 шақырым жердегі өндіріс орнына тасуға мәжбүр болатын. Біріншіден, жолдың қашықтығы қинаса, екіншіден, қыста қалың қардан Үшарал–Қамысқала бағытындағы жол жиі жабылып, қолды байлайтыны тағы бар. Цехтың іске кірісуі бұл қиындықтан құтқарып отыр.
Жұмысқа кіріскен күннен бастап-ақ кәсіпкер өнімінің сапасына, өңделген өнім түрін арттыруға күш сала бастады. Жылына 180 тонна өнім шығара алатын шағын зауыт өнімдері еліміздің ғана емес, Ресей мен Украинаның да сауда сөрелерінен орын алатын болады.
Алакөлде балық өңдейтін цех іске қосылды
Последние статьи автора