Акция әлде облигация: қайсысы тиімді?

Акция әлде облигация: қайсысы тиімді?

«Қазір құнды қағаздар емес, акциялар нарығы тартымды». Бұл туралы кеше Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында «RESMI» ИҚҮ» АҚ-тың инвестициялық басқару департаментінің директоры Александр Манаенко мәлімдеді.
«Бүгіндері әлемдік қаржы дағдарысы­ның дауылы саябырсыды. Бірақ оның салдарын жою оңайға соғып отырған жоқ. Соның салдарынан қор нарығы да қауқар­сыздық танытуда. Онда инфляциялық процесс жеделдей түсуде. Қаңтар айының қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 8, 1 пайызды құрады. Қор нарығында ең бірінші кезекте осыған мән берген дұрыс. Яғни сыйақы мөлшерлемесі инфляция индексіне байланған корпоративтік құнды қағаздарға. Қазір барлық қор нарығында сұраныстан гөрі ұсыныс жоғары. Ал өтім­ділік артылып жатқан кезде ол борыштық құнды қағаздардың сыйақы мөлшерле­месін төмендетіп тастайды. Сәйкесінше, ол корпоративтік облигациялардың, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің депозит сыйақысының мөлшерлемесін төменде­теді. Осы жағынан алғанда, қазір құнды қа­ғаздар емес, акциялар нарығы тартымды деп айтуға болады», – дейді А. Манаенко отан­дық қор биржасы бойынша берген болжамында.
Әрине, бұдан қандай компаниялардың акциясы құнды, әрі өтімді болады деген заңды сауал туындайды. Бұл ретте маман қазір баспасөз бен ресми талқыда жүрген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қо­рының еншілес компаниялары акциясын Қазақстан қор нарығына шығару туралы сөз инвесторлар арасында кәдімгідей дүр­белең туғызып жатқандығын айтады. «Көптеген инвестор демін ішіне тартып, бұл компаниялардың қор нарығына шыққанын асыға күтіп отыр. Бұл қаржы тетіктері инвесторлардың басым бөлігінің қызығушылығын туғызуда», – дейді «RESMI» ИҚҮ» АҚ-тың инвестициялық бас­­қа­ру департаментінің директоры.
2011 – commonites нарығының жылы
Ал «RESMI» ИҚҮ» АҚ-тың трейдинг де­пар­таментінің директоры Аманат Ысқақов қор нарығы бойынша өз болжамында, 2011 – commonites нарығының жылы деп атады.
«Сommonites, яғни, тауарлар нарығы, онда да артында өндіріс пен тауар секілді нақты активі бар құнды қағаздардың өтімді болатын кезеңі 2011 жылы орын ала­ды. Соның нәтижесінде, еліміздегі өн­діруші саланың ауқымы кеңейіп, табысы да артады. Осы жағынан алғанда, commo­ni­tes биыл қор биржасының дамытушы локомотив рөлін атқарады деп білемін», – дейді ол.
Дегенмен қазір қор нарығы ауанының құбылмалы екенін ескерткен ол, өтімділік мәселесі бар жерде таяқтың екі ұшы барын да есте ұстау қажет екенін айтады. «Өтім­ділік деңгейі жоғары болған кезде ол инфляцияны туындатады. Ол өз кезегінде құнды қағаздардың сыйақы мөлшерле­ме­сінің, борыштық құнды қағаздар табысты­лы­ғының төмендеуіне әсер етеді. Бірақ соған қарамастан, қазір қор нарығында инвестиция жасап, тәуекелге бел бууға әзір инвесторлар жеткілікті. Олардың басым бөлігін акциялар нарығы қызықтырып отыр», – дейді сарапшы.

Облигациялар нарығының 1 жылдық көрсеткіші

Салықтан жеңілдікке ие болғыңыз келсе, KASE-ге қатысыңыз!
Қазір үлестік инвестициялық қорлар өздерінің қоржынын әртараптандырып, қызметі мен ұсынысын да түрлендіру үшін тұтынушыны көптеп тартуға мүдделі. Осы мақсатта отандық қор биржасы өзінің ойыншыларына ұсынатын сыйы да бар.
«Егер сіз KASE-де сауда жасайтын бол­саңыз, онда салық төлеу жағынан көп же­ңіл­дікке қол жеткізесіз. Ал шетелдік қор на­ры­ғында мұндай артықшылықтарға жол бе­ріл­мейді. Биржада сомаңыз молайғанша бро­ке­ріңіз арқылы инвестиция жасай аласыз. Одан кейін сізге көмекке инвес­ти­циялық қор ке­леді. Бұл жерде басқарушы ком­пания ұжым­­­дық шешім шығарады. Де­мек, инвес­ти­­ция көлемі артқан сайын оның тиімділігі де ар­та түспек», – дейді «RESMI» ИҚҮ» АҚ бас­қар­­ма төрағасының ке­ңес­шісі Марат Дол­ги­ев.

KASE  индикаторының  1 жылдық көрсеткіші

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
Үлестік инвестициялық қор – тұтынушылардың ақшасын басқару үшін сеніп тапсырған басқарушы компания. Бұл – өз жинағыңызды көбейтуде коммер­циялық банкке салған, сондай-ақ қолға жинаған ақша секілді балама жаңа қаржы қызметі. Пайшы басқару компаниясы арқылы өсімі бар борыштық құнды қағаздар сатып алады. Бұл арада құнды қағаз бағасының өсімі мен оның құнсыздануы секілді қауіп-қатер тәуекелі барын естен шығармау керек. Бірақ қор нарығында бағаның шарықтауы мен арзандауы кезінде де пайда табуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста