Әйнек жасай алмай әлек болып жүрміз

 Әйнек жасай алмай әлек болып жүрміз

Бүгінде шетелде жасалған түрлі аквариумдарға деген сұраныс мол. Олардың арасында қытайлық өнімнің бағасы төмендеу, ал, еуропалық жасанды «шағын теңіздердің» сапасына бағасы сай. Түрлі офистер мен сауда орталықтарының төрінен орын алған осы сулы әлемнің сұлулығына сұқтанушылар аз емес. Тіпті, оның үйдің де шырайын ашатыны сөзсіз. Мөп-мөлдір суда жүзіп жүрген сан түрлі балық атаулының түпкі атасы қазақстандық емес екені анық.
«Алаш айнасы» тілшісінің айтпағы әйнекпен құрсауланған әдемі әлемнің сыртқы қорабы жайында. Аквариум саласында «нанын айырып» жүрген отандық өндірушілер бар ма дегенде тілдің тұсалатыны да осы тұс. Әйнекті өндіретін де, оны құрастырып, сатылымға шығаратын да шетелдіктер. Бар дегеніңнің өзі он саусақтың саласына да жетпейді. Ірі қалаларда ғана аквариумдар мен террариумдарды халықаралық стандарттарға сай жасайтын бірді-екілі фирмалар баршылық. Олардың барлығы да қажетті құралдар мен өнімдердің бәрін шеттен тасиды. Алғаш көргенде қолың тиіп кетсе сынатындай нәзік көрінетін су асты әлемінің шағын бұрыштары шынында да шетелдік өнім. Шыныны аз қажет ететін аквариумнан бастадық, енді шыны өнімі туралы өрбітсек. Расында соңғы жылдары елімізде бұл өнімге деген сұраныс ерекше артып отыр.

Еліміздің бас қаласында әйнекпен әдіптелген әдемі ғимараттар бой көтерді. Оның үстіне әрбір ғимарат терезесіз болмайтыны сөзсіз. Оған әрине, әйнек қажет. Еліміз бойынша жылына миллиондаған тонна шыны тасымалданады. Қазына қамбасына құйылуы тиіс мол қаржы шетке кетіп жатыр. Ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Өз елімізде шикізат қоры баршылық. Тек соны іске қосатын тетік табылса болғаны. Мәселен, Жамбыл және Қызылорда облыстарында кварц құмы өте жоғары бағаға ие. Оның үстіне дүние жүзінде өте сирек кездесетін көрінеді. Сыр өңіріндегі шикізат Арал теңізінің табанынан алынады. Теңіз түбіне шөккен тұздан пайда болған құм қыртысының құрамы әйнек өндірісінде өте таптырмайтын шикізат көрінеді. Қолда бардың қадірін білмей отырған жайымыз бар. Әлемде шыны өндірісімен айналысатын ірі кәсіпорындар көп емес. Соның өзінде олар сұранысты қанағаттандырып отыр. Ең алдымен Жапонияның зауыттары алдына қара салмайды. Екінші орында Англия тұр. Қай салада болмасын қара оздырып жүретін қытайлықтардың да бұл салада бәсі басым. Осы елдегі оннан астам кәсіпорын осы салада нанын тауып отыр. Сапасы төмен болғанымен баға бағамы жөнінен бәсекелестерін шаң қаптырады. Әрі өтімді де. Әсіресе дамушы елдер үшін сұранысы мол өнім де қытайдікі. Ресейде шыны өндіретін үш зауыт бар. Төменгі Новгород қаласындағы зауыттан шыққан өнімнің 50 пайызы ішкі сұранысты қанағаттандырса, қалған жартысы экспортқа кетеді. Қазір жұмысын тоқтатқанымен де көршілес Қырғызстанда да шыны шығаратын зауыт бар. Шикізат қоры мол Қазақстан әзірге әйнек өндірісі жөнінен мақтана алмайды. Құрылыс саласы қарқын алған шақта сұранысы мол өнім өндірсек ұтарымыз анық-ты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста