2021 жылы баспана бағасы қымбаттай ма?

2021 жылы баспана бағасы қымбаттай ма?

Сондықтан болар, үй бағасы да шарықтап тұр. Былтыр 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 15 пайызға қымбаттады. Астана, Алматы, Атырау, Шымкент қаласында сұраныстың артуына байланысты баспана бағасы да өсті.
Биыл баға қандай болады? Президент қол қойған Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану туралы заң үй бағасына әсер ете ме?

Баспана бағасы жоғары Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау қалаларының қатарына кейінгі жылдары Түркістан қаласы да қосылып отыр.

Құрылыс компанияларының өкілдері Қазақстанда баспана бағасы қымбаттауының сан түрлі себебін айтады. Бағасына сапасы сай еместігі өз алдына бөлек мәселе.

Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, былтыр 10 айда құрылыс көлемі 110,7% болған.

«Былтыр 10 айда 10 744 мың шаршы метр баспана салынды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 109,7% жоғары. Республика бойынша барлығы 94 мың 737 баспана пайдалануға берілді. Еліміздің 15 өңірінде үйді пайдалануға беру көлемі артты», &ndash деді Бейбіт Атамқұлов.
2020 жылы қаңтар-қараша аралығындағы тұрғын үйді сатып алу-сатуға қатысты 275 857 мәміле жасалған.
2020 жылғы қарашада тұрғын үйді сатып алу-сату үшін 29 958 мәміле жасалған. Бұл қазан айымен салыстырғанда 9%-ке кем. 2020 жылғы қаңтар-қарашадағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2019 жылмен салыстырғанда 5,6%-ке кеміді.

Ал сарапшылардың болжамынша, биыл  баспана бағасы қымбаттайды. Бірінші жартыжылдықта І, ІІ, ІІІ санаттағы үй бағасы өседі. Десе де, «эконом санаттағы пәтер құны былтырға қарағанда айтарлықтай қымбаттамауы мүмкін» дейді. Себебі эконом санаттағы үйлерге, негізінен Қазақстанда өндірілген құрылыс материалдары пайдаланылады.

2020 жылы бір айда қазан-қараша аралығында абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары &ndash 1,6%, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,1%-ке өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,4%-ке жоғары болды.

Тұрғын үй нарығында баға қалай өзгерді?



Баспана бағасы арзандамайды
Құрылыс компаниясының өкілі Гүлмира Жаңабаеваның пікірінше, бағаның өсуіне құрылыс материалдарының қымбаттығы себеп болып отыр. Өйткені шығын (құрылыс материалдарының бағасы, жұмысшылардың еңбекақысы және т.б) тұрғын үй бағасының шаршы метрінің құнына әсер етеді.

«Бағаның өсуіне пандемия да әсер етті. Себебі құрылыс қарқыны бәсеңдеді. Жұмысшылар құрылыс алаңдарында карантин шектеулеріне байланысты ауысыммен жұмыс істеді. Сондай-ақ үйдің ішкі әрлеу жұмыстарына қажетті шетелден әкелінетін құрылыс материалдарының тапшылығы да, уақытында жеткізілмеуі де қолбайлау болды. Коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдесе де, шетелмен арадағы жүк тасымалы толықтай қалпына келді деп айтуға әлі ерте. Сондықтан құрылыс материалдарының да бағасы шарықтап кетті. Сұраныс көбейгенде бағаның өсуіне алыпсатарлар да «үлесін» қосты», &ndash дейді ол.
Маман отандық өндірісті дамытуға мемлекет тарапынан көңіл бөлінсе де, сұраныстың көптігінен құрылысқа қажетті материалдарды шетелден тасымалдауға тура келетінін айтады.

«Қазір тұтынушылардың талғамы жоғары. Кейінгі он шақты жылда жаңадан салынып жатқан үйлерден пәтерді әрлеусіз сатып алғанды жөн санайды. Әркім өз қалауынша жөндеу жұмысын жүргізеді. Үйдің ішін әрлеп, сырлауға да қыруар қаржы кетеді. Мәселен, 40 шаршы метр пәтерді жөндеуге шамамен ең аз дегенде 2-2,5 миллион теңгедей қаржы керек. «Тас, цемент, кірпіш, арматура Қазақстанда да өндіріледі. Сөйте тұра, әрлеусіз пәтер бағасы неге қымбат?» дейтіндер де көп. Бұған баспанаға сұраныстың көптігі де  әсер етеді. Сондықтан биыл пәтер бағасы нақты неше есе қымбаттайтынын дөп басып айту қиын», &ndash дейді.
Баспана сатып алатындармен етене жақын жұмыс істейтіндердің бірі &ndash риэлторлар. Үйді таңдау, сату-сатып алу, ипотека рәсімдеудегі қағазбастылық, баспана бағасына қатысты риэлторлардың да айтары бар.

Сұраныс көп. Бірақ баспаналы болатындар аз
Риэлтор Мурад Шахнозов «үйін қымбатқа сатып, баспананы арзан бағаға» алғысы келетіндер бұған дейін де болған, бұдан кейін де болатынын айтты. Оның айтуынша, баспаналы болсам дейтіндердің проблемасы шаш етектен.

«Жаңа үйлердің бағасы құрылыс материалына, компаниялардың шығыны, теңгенің құнсыздануына байланысты құбыла береді. Сондықтан жаңадан салынған үйлердің бағасы 7-8 жыл бұрын салынған үйлерге қарағанда жоғары. Ал қайталама нарықтағы баспана бағасын сатушылар «теңге құнсызданды» деп негізсіз көтереді. Үй иесімен саудаласып, бағаны 15-20 процентке төмендетуге болады. Әрине, әр адам ескі үйін қымбатқа сатып, арзан бағаға жаңа, кең үй алғысы келеді. Бірақ үйінің бағасын шарықтатып қойып, жылдап сата алмай отырғандар да бар.

Мәселен, астанада 16-19 миллион теңгеге 45-47 шаршы метр 1 бөлмелі пәтер алғаннан осы бағаға қала шеңберінен 2 бөлмелі пәтер алуға болады. Мысалы, 10 адам «үй таңдап жүр едік&hellip» деп хабарласса, соның шамамен 2-3-еуі ғана нақты үй сатып алады. Көбісінің қаржысы жетпейді. Кейбіреулер бұрын кредит алып, уақытылы төлей алмағандықтан банктен ипотека ала алмайды.
Биыл көпшілігі жұмыссыз қалды. Тапқан табысының көп бөлігін күнкөріске жұмсайды. Сондықтан 3-4 бөлмелі пәтерлерге сұраныс төмендейді. Керісінше, 1-2 бөлмелі пәтер алуға тырысады. Шағын болса да, 50-55 шаршы метр шамасында үйлерді сатып алғысы келетіндер көбейеді. Үш бөлмелі пәтерлерге сұраныс пандемияға дейін де көп емес еді. Себебі бір бөлмелі пәтерге қол жеткізе алмай жүргендердің 3 бөлмелі пәтер ала алмасы айтпаса да түсінікті. Астананың Байқоңыр, Алматы аудандарында пәтердің шаршы метрінің құны 300 мың теңгеден, Сарыарқа ауданында 280 мың теңгеден, Есіл ауданында 330 мың теңгеден басталады. Баға да пәтердің орналасқан қабаты, жеке көлік тұрағы бар-жоғына байланысты әртүрлі. Көпшілігі пәтерді көлік тұрағымен бірге сатып алғысы келеді. Себебі солтүстікте көлікке де «жылы баспана» керек.

Мемлекеттік бағдарлама, түрлі әлеуметтік жеңілдікпен үй алғысы келетіндердің көпшілігінде бастапқы жарнаға қаржысы жоқ. Жиған-тергені жетпей жатады. Қалада тұрақты тіркеуде тұрмаған азаматтар түрлі кедергілерден, қағазбастылықтан ипотека рәсімдей алмайды. Сондықтан баспана бағасы жарнамаларда шарықтап тұрғанымен, шын мәнінде алушы жоқ», &ndash дейді.

Риэлтор биыл қабылданған «Зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік беретін заң баспана бағасының өсуіне әсер ете ме?» деген сауалымызға «көпшілігі бұрын алған ипотека қарызын жабуға жұмсайды» деген болжамын айтты.

«Қазақстан бойынша Зейнетақы қорындағы жинағынан шекті межеден артық қаражатын алатындардың үлесі аз. Олардың өзі бұрын да баспанасы бар немесе бұған дейін ипотекаға үй алғандар. Сондықтан олар бұрынғы ипотека қарызын төлеуге қам жасайды. «Жаңадан пәтер сатып алатындар саны күрт көбейді» деуге әлі ерте. 2021 жылы сұраныс күрт артқанның өзінде баспана бағасы былтырғыдай 10-15 процентке қымбаттауы мүмкін. Бірақ биыл пандемия салдарынан жұмыссыз қалғандар, табысынан айырылғандар көбейді. Түрлі себептермен баспана сатып алатындар саны азайды. Табысы күнкөрісінен артылмайтындар жаппай баспаналы болады деу де қисынға келмейді», &ndash деді.
Сонымен, биыл баспана бағасының қанша процентке қымбаттайтыны сұранысқа байланысты болмақ.

Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова азаматтар зейнетақы жинағын баспана алуға пайдаланса, пәтер бағасы да өсетінін айтады.

«БЖЗҚ-ның мәліметінше, биыл зейнетақы қорынан қаржысының бір бөлігін алатын азаматтар саны 800 мыңға жуық. Бұл тұрғын үй нарығына әсер етеді. Қысқа мерзімде жылжымайтын мүлік бағасы өсуі де мүмкін. Шамамен 10-20 мың адам баспана алар болса, нарықты баға 8 процентке өсуі мүмкін», &ndash дейді Ләззат Ибрагимова.
Ал әзірге&hellip Баспана алуға алғашқы жарнаны жинай алғандар үй сатып алудан үмітті. Зейнетақы жинағындағы қаржысының бір бөлігін 45 күн ішінде кәдеге жаратқандар қоныстой тойлауы мүмкін. Сұраныс артқан сайын бағаның шарықтауы да &ndash заңдылық. Алайда бағаның құбылуы қолда бар қаржысын жиып-теріп «баспаналы болсам&hellip» дегендерге оңай соқпасы анық. Биыл үй сатып алатындар саны көбейе ме?

Баға шарықтаса, жеңілдікпен баспана алудан үмітті тұрмысы төмен отбасылар қайтпек?.. Жамбыл, Түркістан облысындағыдай ауылдастары асарлатып үй салып бермесе, әркімнің босағасында жүре бере ме? Астана, Алматыда пәтер жалдап, өлместің күнін кешіп жүргендердің проблемасы шешіле ме? Болжам көп, байламын кім айтары белгісіз&hellip

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста