Жеңіс –шеберде!

Жеңіс –шеберде!

Қалай десек те, ауызша айтылатын өлең мен жазба өлеңнің арасында бірталай айырмашылық бар. Айтысқа жазып дайындалатын, жазба поэзияға машықтанған ақындардың қолтаңбасын бірден тануға болатыны сондықтан. Ал тар жерде – табан астында суырып салып өлең айтатын айтыскерлер дәстүрлі қара өлеңге қара тартып тұратынын түсінуге де, қолдауға да болады. Бірақ қағаз бетіне түскен кезде екі машықтың ерекшеліктері көрініп тұратыны рас. Өткен сенбі күні аяқталған Сара Тоқтамысова мен Бекарыс Шойбековтің сөз сайысында өлеңнің екі түрінің осы айырмашылығы анық байқалып тұрды. Сөз жоқ, Сара Тоқтамысова – қазақ айтыс өнеріндегі айрықша тұлға, тіпті қайталанбас құбылыс десе де болады. Соңғы бес-алты жыл ішінде Сараның дара келбеті айтысқа ерекше өң бергенін, ажар қосқанын бірауыздан мойындауымыз керек. Өлеңді еш қиналыссыз төгіп айтатын, мол айтатын, сөзге уәж қайтарып, қиыннан жол табатын Сара – сахнаның сәні. Өз еліміздегі, Мәскеу мен Париждегі айтыстарда талай айыз қандырған, әлі талай олжа саларына күмән жоқ. Ал бүгінгі жазба айтыста ол кәнігі тарлан Бекарысқа да лайықты қарсылас бола білді.

Ел едік, бұрыннан-ақ іргелі едік,
Сондықтан не көрсек те, бір көрелік.
Қайтемін дағдарысқа қарғыс айтып?
Жарықтық жатқан жоқ қой күнде келіп.

Дағдарыс деген, шіркін, аты қандай,
Ашуын адамзаттың шақырғандай.
Тезірек қайтып кетсе болар еді,
Сен құсап төркінінде жатып алмай, – деп бірден қусыра келіп, төркіндеп жүрген Сара­ның сапарынан әлеуметтік астар таба қойған Бекарысқа:
Мен секілді төркіндеп жатып алмай,
Сен секілді ел кезіп, қаңғып кетсін, – деп ұтымды жауап қайтаруы шын сүйсінтті. Әрине, шебердің аты – шебер. Тас жарған талан­тын тә­жі­рибемен ұштаған Б.Шойбеков Алма­тыдағы су тас­қынын да, Тіл комитетіндегі жым­қы­рылған ақшаны да, ді­ни миссионерлерді де тілге тиек ете отырып, бірталай ушы­ғып тұрған мәсе­лелерді қозғап, өзіне тән әзілмен өр­нек­теді. Сөз­дері – шымыр, ойы – өткір, қиялы – ұшқыр. Өлең өрнегі – кестелі. Жазба поэзияға да ден қойып жүр­­ген Бекарыстың бес қаруы түгел. Сол себепті де бұл жек­пе-жектегі жеңісті Б.Шойбековтің қан­жығасына бай­лағалы отырмыз. Келесі сөз май­да­нына Күмісай Сәрсенбаева мен Ринат Зайытов шығады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста