Қадірлі Алаш оқырмандары! Басылым бетіндегі жазбаша айтысымыз жалғасуда. Газетіміздің 2009 жылғы 8 ақпандағы санынан бері республикалық «Алаш айнасы» газеті Жүрсін Ермановпен бірлесіп, «Алаш ақыны» атты айтыскер ақындардың жазбаша мүшәйрасын өткізіп келеді. Біз жазба айтысқа қатысушы ақындардың жұптарын қайыра оқырмандардың есіне сала кетуді жөн санадық. Жеңіске жетіп, келесі айналымға өткен ақынның аты-жөні төмендегі кестеде қарайтылып, асты сызылған. Сонымен, жаңа жоба аясында осы уақытқа дейін мына ақындар басылым бетіндегі жазба айтыстың көрігін қыздырды:
Балғынбек Имашев (Талдықорған) – Айтбай Жұмағұлов (Қарағанды)
Айтақын Бұлғақов (Талдықорған) – Серікзат Дүйсенғазин (Астана)
Айбек Қалиев (Астана) – Рүстем Қайыртайұлы (Алматы) – (бұлар тең түсті.)
Жандарбек Бұлғақов (Астана) – Айнұр Тұрсынбаева (Тараз)
Нұрмат Мансұров (Қызылорда) – Шорабек Айдаров (Тараз)
Дидар Қамиев (Қарағанды) – Еркебұлан Қайназаров (Астана)
Бақыт Жағыпарұлы (Алматы) – Бақытжан Қасымов (Астана) – (бұлар да тең түсті)
Жазба айтысымыздың келесі сегізінші жұбы ретінде сынға түсетін ақындар – Бекарыс Шойбеков (Түркістан) пен Сара Тоқтамысова (Алматы).
P.S.
Бұл екі айтыскерге қатысты жоба авторларының бірі, ақын Жүрсін Ерманов газетіміздің кешегі санында: «Сара мен Бекарыс – ел таныған, талай рет топ жарған сақа ақындар. Сондықтан ел өміріндегі елеулі оқиғалар, үлкен жиындар, дағдарыстың ау-жайы, тіпті торай тұмауына дейін ірілі-ұсақты құбылыстар шабытты шайырға таптырмайтын тақырып ретінде тілге тиек болуға лайық», – деген пікірін білдірген еді. Ендеше, алдағы екі апта бойы жүретін аталған екі бірдей сақа ақынның салиқалы да салмақты айтысын газетіміздің келесі санынан күтіңіздер.
Редакция
Жазба айтыс жанданып келеді
Последние статьи автора