«Тық» деген сөз тиеді тауыққа да

Дидар Қамиев (Қарағанды)

Алғашқы сөз алмасудан-ақ оқырмандарды қызықтырып әкеткен екі ақынның бұл айтысы екінші айналымға да аяқ басты. Жазба айтысты жаңғыртуға арналған жаңа жобамыздың алтыншы жұбын құрап отырған астаналық Еркебұлан Қайназаров пен қарағандылық Дидар Қамиев екеуінің қайсысы бұдан бұрынғы додаларда жеңіске қол жеткізген сөз шеберлерімен сынға түседі екен? Бұл айтыс осы аптаның аяғына дейін жалғасады. Бүгінгі сөздің кезегі – Дидарда.

Құр жүрсің деп қоймадың кінәні артып,
Сөз өтпейді екен ғой мынаған түк.
Ер болып елдің сөзін сөйлей білсем,
Не жұмыс керек маған бұдан артық?

Саусағымды байқасаң әріп терген,
Қызметсіз қалар деп қауіптенбен.
«Алаштың айнасына» алғысым мол,
Екі қолға бір жұмыс тауып берген.

Алла мінсіз, айтылсын оған мадақ,
Мына бес күн жалғанда адам қонақ.
«Мұсылман мұсылманның айнасы» еді,
Мен өзімді мақтадым саған қарап.

Шектен шықпай мақтансам, үлгі алғаным,
Мұның не, осыншама бұлданғаның?
«Тық» деген сөз тиеді тауыққа да,
Ереке, сонда өзіңнің кім болғаның?

Газетіміздің Жүрсін Ермановпен бірлескен «Алаш ақыны» атты айтыскер ақындардың жазбаша мүшәйрасын өткізуге арналған жобасы үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығына дейін жалғасады. Бұл жобаға тек қана айтыскер ақындар қатыса алады.
Оқырмандардың есіне сала кетейік: бекітілген ереже бойынша екі аптада бір жұп айтысады. Өлеңнің көлемі төрт шумақтан, әр шумақ төрт тармақтан аспауы керек. Бірінші шумақта жалпылама ой айтылып, екінші шумақта белгілі бір мәселе көтеріліп, үшінші шумақта қарсыласқа нақты жауап беріледі, төртінші шумақта қарсыласқа сұрақ қойылып немесе жұмбақ жасырылады. Газеттің бір санында бір ақынның өлеңі жарияланады. Газеттің келесі санында қарсыластың жауабы беріледі. Осылайша айтыс алма-кезек жүреді.
e-mail: alash_ainasy@mail.ru Факс: 8(727) 388-80-61. Тел: 388-80-64.
Жазба айтыстың электронды нұсқасын www.alashainasy.kz сайтынан күнделікті оқып тұра аласыздар.
Сөзіміз түзу, рухымыз мықты болcын!
Редакция

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста