Тұрыңдар, сот келе жатыр!

Тұрыңдар, сот келе жатыр!

Тобанаяқ, ақи көз, су мұрын сүме­лек, өзі қырма таз Түгелбайдың өзі ақсақ, сынық мүйіз сары сиыры Қо­қым­ға құтылмас пәле болып жа­бысты. Қарасан келгір мәлікті ұр­лайын деген жоқ. Мұны ұрлыққа итермелеген то­бан­аяқ тоғышардың  өзі. Үйіне келіп отырып көзі аққанша жылап:
– Қоқа, былтыр түскен келінім қар­ным шермигенше той жасаған жоқсыз. Енді екі айдан кейін босана­мын. Соған дейін той жасамасаңыз, бүйтіп масқара болғанша төркініме кетемін, – деп қиғылықты салып жа­тыр. Өзі шешесіне тартқан бір бет. Айт­қанын істейді. Құдалардан да ұят болды. Сен азаматтық қылып, маған ақша бер.
Қарызыңды тойға түскен ақшадан қайырамын. Ол жетпесе қарагер қа­тынымды сатсам да құтыламын, – деп зар еңіреді.
Оның көк долы қатынын ешкім тегін алмайтынын біле тұрса да жаны ашыған Қоқым сұраған ақшасын бер­ді. Содан бері, міне, бес жыл бол­ды. Түгелбай сиырқұйымшаққа салып қарызын қайтармай келеді. Бермей­мін демейді, беремін дейді. Бірақ бермейді.
– Үш баласының біреуі де өзіне ұқ­са­майтын сол сүмелекке жем болып отырсың. Сенде намыс жоқ. Мен ба­рып қаққанда қанын, соққанда сөлін алайын, – деп әйелі Қатира жұлқын­ды. Сол ашумен барып қарагердің шашы­нан ала түсті. Анау да «сен тұр, мен атайын» нағыз бетпақтың өзі еді. Жабайы мысықша баж етіп тырнағын тарбитып қарсы ұмтылды. Түгелбай екеуін сүт пісірім уақытта әзер ажы­ратты. Қоқым да ашуға булығып «сен сөйтсең, мен бүйтейін» деп бір түн­де сары сиырын шығарып алып, алып­сатар Гаубас Жиенбекке сатты да жі­берді. Қоқым ар-ұяттан безген, пай­­­да­күнем ұры емес еді. Өзіне тие­сілі ақшасын санап алып артыл­ғанын Түгелбайға апарып берді. Сары сиыр­дың айықпас дауы осылай бас­талды. Сол күні Түгел­байдың қой де­ге­ніне қоймай қарагер қатыны сотқа арыз берді.
«Сиырым бұлақтай ағып тұрған сүтті еді. Өзі Граф деген асыл тұқымды бұқаның ұрпағы еді. Қаскөй Қоқым балиғатқа толмаған бұзауын тас же­тім қалдырып, сиырымның өмірін қиды. Қарақшы ұры һәм жауыз жү­рек­ті Қоқымды қайтып келместей қы­­лып соттауыңызды сұраймын» деп жазыпты. Өте өткір, әрі шешен тілмен жазылған осы арызды оқығанда сот та жылап қалыпты деген сөз бар.
Осы арыз бойынша екі ай тергеу, тек­серу жүрді. Міне, бүгін сот оты­рысы. Қоқым қорыққаннан көзі алақ­тап, айыпкер орындығында отыр. Көл­­денеңі мен биіктігі бірдей хатшы әйел жуан денесіне жүдә жараспайтын жіңішке дауыспен:
– Тұрыңдар, сот келе жатыр! – деп шар ете қалғанда Қоқым селк ете түс­ті.
Сот төрағасы инеліктей қатқан арық, құрықтай ұзын бойлы адам екен. «Япыр-ай, пәтшағардың түсі нет­кен суық еді. Жұттан шыққан неме ме? Сот деген былай... Қарындылау, жуан бөкселеу болушы еді. Мынау ішкен-жегені бойына жұқпайтын, ішінде жыланы бар Кащей сияқты біреу ғой. Сықпыты жаман екен аямас, аямас», – деп ойлады Қоқым үрейленіп.
Жуан прокурор бұған тағылған айыпты оқып берді.
– Айыпталушы Қоқым Қотырашов тұр орныңнан! – деді сот денесіне жа­распайтын жуан дауыспен. – Сен өзіңе тағылған айыпты мойындайсың ба?
– Жо... жо... жоқ ойбай! Мен емес, бұған Түгелбай төбет айыпты. Бес жыл болды қарызға алған ақшамды қайтармаған соң былай... өзімше... кетіп едім.
Осыдан кейін прокурор мен Қо­қымның жалдап алған адвокаты ке­зек сөз салып, салғыласып кетті.
– Мұндай қанішер, кәззәп ұрыны қоғамнан аластатып алты жылға айдау керек, – деді прокурор.
– Жоқ, бұл айыпты емес, қайта жапа шегуші. Түгелбай төбет... Ке­ші­рі­ңіз, арыз беруші Түгелбай алған қарызын бес жыл қасақана қайтар­май, бұған материалдық һәм мораль­дық шығын келтірді. Қоқым осы болмашы әрекетімен әділдік орнат­қысы келді. Мынаны қараңыз, ол сиырдан түскен ақшаның өзіне тиесілі бөлігін ғана алған. Қалғанын сиыр иесіне қай­тарып берген. Қоқым қан­дай крис­тальный таза адам. Неткен ақжүрек азамат. Соның үшін мұны айыптан босатып, Түгелбайдың өзін біреудің меншікті мүлкін ұзақ жыл өз пай­дасына жаратқан зиянкестігі һәм жа­ла­қорлығы үшін соттау керек, – деді адвокат өз кезегінде.
Сот екі жақтың куәгерлерін тыңдап болған соң, үкім үйіне кетті. Не болар екен деп ел сілтідей тынып отыр.
– Тұрыңдар, сот келе жатыр! – деді жуан хатшы. Қоқым үміт пен күдік аралас ойда отыр.
– Сот сиыркрад Қоқым Қоты­рашовты айыпты деп тапты. Пәлен баптың, пәлен тармағы бойын­ша оны екі жылға бас бостандығынан айы­руға үкім етті, – деген сөздер құлағына күңгірлеп жетті. Одан әрі тұман. Қо­қым естен танды.
Таңертең қоштасуға келген әйелі бұған жанашырлық көрсетудің ор­нына:
– Мен саған айттым ғой, адвокат оттайды, сот соттайды деп. Адвокатқа берген ақшаңды сотқа бергенде мұндай болмас еді. Бақандай екі жыл бай қызығын көрмей қалай өмір сүрем, ойбай! – деп тепсінді.
– Кейде қатынның да сөзін тыңдау керек екен-ау, – деді Қоқым қа­мы­ғып.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста