Шыбық тимес шыңқ етер шикі бала

Шыбық тимес шыңқ етер шикі бала

                                                                                  Бақыт Жағыпарұлы (Алматы)

Газетіміздің 7 мамыр күнгі №69 санында басталған жетінші жұптың айтысы жалғасуда. Алматылық Бақыт Жағыпарұлы мен астаналық Бақытжан Қасымов осы уақытқа дейін екі-екіден жауаптасып үлгерді. Салмақты ойлармен басталған айтысқа ептеп әзіл де араласып келеді. Десек те екі ақын да келелі әңгіме қозғауға ниеттеніп, ұлтқа қатысты үлкен мәселелерді сөз етуге ұмтылыс жасауда. Ақ-қарасын айыру – алдағы күндердің еншісінде.

Мін айтсам өлеңіңе байланысты,
Дедің бе жағама кеп жау жабысты.
Шыбық тимес шыңқ етер шикі бала,
Бастан қалай өткердің сан жарысты?

Сыныққа сылтау етіп дағдарысты,
Ұмыттық ұлттық дәстүр, ар-намысты.
Ұлтқа жаны ашымас жаңа қазақ,
Бәрінен биік қойды-ау жанбағысты.
Төле, Әйтеке, Қазыбек қаз дауысты,
Мысырдың мысын басқан Бейбарысты
Кейінгі ұрпақ біле ме, білмейді ме?
Болжау да қиын боп тұр енді алысты.

Қарғам, саған жүктейін қалған істі,
Үмітке жетелесін арман ішкі.
Алланы тану – парыз мұсылманға,
Алладан құдіретті, бар ма күшті?

Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын қадірлі Алаш оқырмандары! Басылым бетінде күнделікті жарияланып тұратын жазбаша айтысты қалт жібермей, қадағалап отырыңыздар!
Сіздердің пікірлеріңіз ескерусіз қалмайды. Ақындарға қатысты талап-тілектеріңізді телефон қоңыраулары және хат арқылы білдіруге болады. Жазба айтыстың электронды нұсқасын www.alashainasy.kz сайтынан күнделікті оқып тұра аласыздар. Газетіміздің осы сайтында жобаға қатысты басқа да пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндіктеріңіз бар.
e-mail: alash_ainasy@mail.ru Факс: 8(727) 388-80-61. Тел: 388-80-64
Сөзіміз түзу, рухымыз мықты болсын!
Редакция

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста