Ойды ой қозғайды...
Өткен нөмірлерде берілген фотоларға байланысты оқырмандарымыздан хаттар көптеп келуде. Сол өлеңдердің бірін жариялай отырып, төмендегі суретті назарларыңызға ұсынбақпыз. Астына берілген жолдарды ары қарай жалғастырып, үш-төрт шумақ өлең жазып жолдасаңыздар ұтымды дүниелерді газетке жариялап отырамыз.
Cонымен бiрге кәсіби және әуесқой фотографтардан да хат күтеміз. Өздеріңіз түсірген әсерлі суреттер болса бізге жолдаңыздар. Сәтті дүниелерді аты-жөндеріңізбен оқырман назарына ұсынамыз!
alashaser@mail.ru
Байлап қойып итіңе талатсаң да,
Шағынып жыламаймын жаратқанға.
Жас қазақпын, қыранмын қайта туған,
Баба аңсаған бостандық таңы атқанда.
Үміт алда, қамығып торықпаймын,
Құлагермін, бәйгеде зорықпаймын.
Мен түркімін, көк бөрі арғы тегім,
Жетектегі төбеттен қорықпаймын.
Жігерлімін, жат маған жасықтығың,
Лапылдап тұр өмірге ғашықтығым.
Найзасындай өткірмін Қабанбайдың,
Кешірмеймін сезілсе, пасықтығың.
Кімнің болсын төзбеймін табасына,
Қаһарлансам түсірем сабасына.
Тәуелсіздік төлімін, қайсар ұлмын,
Абылайдай сыйынған бабасына.
Орынбек Сахидәулетұлы, Алматы қаласы
Жетектеп үмітімді жандырдың сен,
Қамығып қалар едім, жалғыз жүрсем.
................................................................
................................................................